Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Күн нұры

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашык сабак дене шынықтыру Негізгі қимылы: бағытты өзгерте отырып жүру және жүгіру. Көлбеу тақтайшада жоғары және төмен жүру. Допты тор арқылы бастан аса лақтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: «Денсаулық»

БөліміДенешынықтыру»

Тақырыбы: Күн нұры

Негізгі қимылы: бағытты өзгерте отырып жүру және жүгіру. Көлбеу тақтайшада жоғары және төмен жүру. Допты тор арқылы бастан аса лақтыру.

Мақсаты: көлбеу тақтаймен жүру дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері;көлбеу тақтайшада жоғары және төмен қарай жүруге үйрету, тепе- теңдікті сақтау, ептілік пен батылдықты дамытуға ықпал ету. Тор арқылы доп лақтыруға жаттығу, допты қолды шұғыл қимылдата түзеп жоғарыға, алға қарай лақтыра білуді үйрену . Бағытты өзгерте отырып жүруге, жүгіруге жаттығуды жалғастыру, берілген белгіні қимыл-қозғалысты орындау кезінде басында немесе соңында қабылдай білуді бекіту. Қоршаған ортаға оң көзқарас және жылы шырай таныта білуге тәрбиелеу.

Ойын : «Ұядағы құстар». Міндеті: зал кеңістігенде бағдарын айқындауды жетілдіру.

Күтілетін нәтиже: қайталайды, таспамен жасалатын ЖДЖ, көлбеу тақтайша үстімен жоғары-төмен жүруді;

Түсінеді: жүргенде, жүгіргенде өз қимыл-әрекеттерін педагогтің берген командасымен басқа балалардың іс-әрекетімен сәйкестендіру, қозғалыс ойындарының ережелерін; қолданады:шеңбер бойына тұру тәсілдерін, допты жоғарыға және алға қарай тордан лақтыру, кеңістікте бағдарын айқындау.

Құрал-жабдықтар:көлбеу тақтайша, волейбол торы, екі баған, әр балаға сары таспа мен шеңбер.

Билингвалды компонент: сәлеметсіз бе– здравствуйте, сау болыңыз – до свидания, құстар – птицы, ұя – гнездо.

ҰОҚ барысы: І..Күнге көңіл аудартады : « Бізге бүгін шұғыласын төгіп, күн қонаққа келді ». Таспамен жүру және жүгіру – қолында күннің сәулесі. Балалар белгі бойынша бағыттарын өзгертеді.

ІІ.Негізгі кезең. Таспаны қолға ұстап жүру және жүгіру. Берілген белгі бойынша балалар бағыттарын өзгертеді. Таспамен жасалатын жалпы дамыту жаттығулары: – Б.қ.: түрегеп тұрады, таспаның бір ұшын қолымен ұстап тұрады. 103 Таспаны алға және артқа сермейді. Бірнеше рет қайталағаннан кейін, (4–6) таспаны екінші қолға ауыстырып жаттығуды қайталайды. – Б.қ.: аяқтарын бірге қосып отырады, таспаның екі ұшынан екі қолымен ұстайды. Алға қарай еңкейеді. Таспаны аяқтарының ұшына қояды, түзеледі, қолды жоғары көтеріп оған қарайды. Тәрбиешінің нұсқауымен алға қарай еңкейеді, таспаны алады . (3-4 рет) – Б.қ.: шалқасынан жатады , таспаны алға қарай созылған қолдарымен кеуде тұсында ұстайды. Екі аяқты бір мезетте таспаға дейін көтеріп, сосын қайта түсіреді. Аяқты созып та, бүгіп те көтеруге болады. (3-4 рет). Бірінің соңынан бірі баяу жүру. Таспаны өз орнына апарып қою.

Негізгі қимыл түрлері: Көлбеу тақтайшамен жоғарыға, төменге қарай жүру.Тепе-теңдікті сақтауға назар аударады. Қажет кезінде сақтық шарасын көрсетеді. Допты жоғарыға және тор немесе керілген таспа арқылы алға қарай лақтыру. Нұсқау – допты бастан асыра жоғарыға лақтыру, қолды жылдам түзету.

Қимыл-қозғалыс ойыны : «Ұядағы құстар».

Залдыңбір жағына бала санына есептеліп шеңберлерді орналастырады, педагог құстарды топтың әр шетіне барып қоректенеді.Бұдан кейін ол: «Абайлаңдар, мысық!» – деп дауыстайды. Құстар өз ұяларына ұшып кетеді . Бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер бойымен жүру.

ІІІ.Қорытынды кезең (рефлексия). Релаксация Ал, кәнеки, тұрайық, Қолды баяу көтеріп. Саусақтарды бүгіп-ашып, Төмен қарай түсірейік. Осылай тұрып демалып жолға асықпай шығайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.08.2021
494
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12