Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Күз мезгілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз жыл мезгіліне байланысты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: «Күз мезгілі»

Сабақтың мақсаты:

  1. Түзете-білімділігі: Балалардың күз туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшеліктерін айтуға үйрету.

  2. Түзете-дамытушылығы: Балалардың тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.

  3. Түзете-тәрбиелігі: Балаларды табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: информациялық-рецепиялық әдіс

Көрнекіліктер: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау

Жаттығу:

Доп сияқты секіріп,

Машинаға ұксап жүріп, қимылдар жасайды.

2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

«Доп» өлеңін оқу, жаттау:

Доп-дөңгелек ала доп,

Қызыл- жасыл және көк.

Ала шықтым аулаға,

Ойнайтұғын бала көп.

«Машина» тақпақ:

Бип-бип, бип дейді,

Жолдан былай кет, дейді.

Күшікті басуға,

Б олмайды машина,

Би-би-бип, би-би-бип.

ІІІ. Жаңа сабақ

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз екенін қайдан білдіңдер?

- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Неліктен алтын, жомарт күз дейміз?

- Күз мезгілінде бау-бақшада не піседі?

  • Жұмбақ шешу:

Жауып жаңбыр,

Жер сабыр,

Шөп, жапырақ солады,

Бұл қай кезде болады? (Күз)



- Жапырақтар - сары, қызыл, жасыл болады. Күн біртіндеп қысқарады. Жауын-шашын көбейіп, күн суытады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Сондықтан адамдар күзді «жомарт», «алтын» деп атайды.

  • Дидактикалық ойын: «Жапырақтың түсі қандай?»

Мақсаты: Балалар жинаған жапырақтарын ажыратады. (түсін, пішінін айтады)

ІҮ. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар, (Қолдарын жоғары көтеріп оңға, солға иіледі)

Алдымнан жел еседі (Қолдарымен беттерін желпиді)

Кіп-кішкентай ағаштар, (Қолдарын біртіндеп түсіріп, ақырындап отырады)

Биік болып өседі. (Біртіндеп тұра бастайды)

Ү. Бекіту:

  • Қимылды ойын: «Жапырақ жинау»

Мақсаты: Балалардың епті, жылдам болуға үйрету.

Үнтаспадан көңілді әуен ойналып, балалар түрлі-түсті жапырақтарды жинап, түрін, түсін, пішінін атайды. Кім қанша жапырақ жинағанын санатып, епті, жылдам баланы атап өтеді.

  • Дидактикалық ойыны: «Кім, не біледі»

Балалар педагогтың күз туралы қойған сұрағына жауап беріп, кім тез және көп ұпай жинаса, сол бала жеңімпаз атанады.

Күз белгісі неде? (Ойын)

  • Күзде жапырақтар… (сарғаяды)

  • Күзде күн … (суып, жаңбыр жауады)

  • Күзде құстар…(жылы жаққа ұшада)

  • Күзде түн…(ұзарады) Күн…(қысқарады)

  • Күзде жеміс-жидек… (піседі)

  • Күзде жазғы демалыс бітіп… (оқу басталады)

ҮІ. «Біз не білдік?»

Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады.

ҮІІ. Бағалау

Балаларды жеке-жеке мадақтау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2020
648
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12