Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Квадрат теңдеулер

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа алгебра пәнінен жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімдерге арналған қысқа мерзімді ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3А Квадрат теңдеулер

Мектеп: «№10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Құнанбаев Қ.М.

Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.1 Мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу

Сабақтың мақсаты

  • Барлық оқушылар:

  • Мәтінді есептерді квадрат теңдеудің көмегімен шешеді

  • Оқушылардың басым бөлігі:

  • Бірнеше амалдан тұратын мәтінді есептерді квадрат теңдеудің көмегімен шешеді

  • Кейбір оқушылар:

  • Квадрат теңдеудің көмегімен мәтінді есепті құрастырады

Бағалау критерийі

  • Мәтінді есептерді квадрат теңдеудің көмегімен шешеді.

Тілдік мақсаттар


Квадрат,дискриминант, теңдеу, мәтінді есеп

Құндылықтарға баулу



«Мәңгілік ел»жалпыұлттық идеясының «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» құндылығы негізінде оқушыларды еңбекке баулу

Пәнаралық байланыс

геометрия

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Квадрат теңдеу, квадрат үшмүше

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

1.Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Жүректен жүрекке» оқушылар шеңбер жасап тұрып, бір-біріне ізгі тілек айтады

2.Үй тапсырмасын тексеру

Жұптық жұмыс . Қатар отырған екі оқушы дәптерлерін алмасып бір-бірін тексереді.

3.Топтастыру.«Мозайка» әдісі

Оқушылар мозайка құрастыру арқылы топтасады.

4.Мақсат мен бағалау критерийін оқушылармен талқылау

Picture 5




Топтастыруға қима қағаздар

 

I топ Дискриминант

II топ Квадрат


Сабақтың ортасы

20 минут





























































Сабақтың соңы

10минут































1.Топтық жұмыс. «Өкіл» әдісі

(Мәтінді оқып, топ болып түсініп алу) 

Көптеген мәтінді есептерді шығару кезінде квадрат теңдеулер қолданылады. Сызықты теңдеулер арқылы шығарылатын мәтінді есептердің едәуір бөлігі арифметикалық жолмен шығарылуы мүмкін. Ал квадрат теңдеулерге келтірілетін мәтінді есептер арифметикалық жолмен шығарылмайды. Мәтінді есептің берілгені бойынша квадрат теңдеуді құрудың негізгі кезеңдері сызықтық теңдеу арқылы шығарылатын есептермен бірдей.

Теңдеу арқылы шығарылатын кез келген мәтінді есепті шешуде мыналарды басшылыққа алуға болады:

1)есептің мәтінінде берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті анықтау үшін есептің шартын түсіну және қосымша шарттарды анықтау қажет;

2)белгілі және ізделінді шамалардың арасындағы байланысты анықтап, өрнектер құру;

3)бір шаманы беретін екі өрнекті жазып, оларды теңестіру арқылы теңдеу құру;

4)құрылған теңдеулердің түбірлерін (шешімдерін) табу;

5)табылған мәндердің қайсылары есепті қанағаттандыратынын тексеру;

ҚБ «Екі жұлдыз бір тілек»

2.Топтық жұмыс «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап»

1-есеп. Бірінші сан екінші саннан 10-ға артық және олардың көбейтіндісі 56-ға тең. Осы сандарды табыңдар.

2-есеп.Қосындысы 24-ке, ал квадраттарының қосындысы 306-ға тең екі санның кішісін табыңдар.

3-есеп.Құрылысшыға пәтерде ендері бірдей екі бөлме жасау тапсырылды. Бірінші бөлменің ұзындығы енінен 1,5 есе артық, екінші бөлменің ұзындығы 7,2 м. Егер пәтердің ауданы 56,7м2 болса, онда бөлмелердің енін табыңдар.

ҚБ «Жетістік баспалдағы»

Сергіту сәті

«Бұзық телефон» ойыны


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

1-тапсырма. Тіктөртбұрыштың ені ұзындығынан 3см кем. Егер тіктөртбұрыштың ауданы 130см2 болса, онда оның ені қандай?

Дескриптор

- Тіктөртбұрыштың сызбасын салады

- Квадрат теңдеу құрады

- Жауабын дұрыс табады

2-тапсырма. Айырымы 4-ке, ал квадраттарының айырымы 104-ке тең екі санның үлкенін табыңдар.

Дескриптор

- Теңдеулер жүйесін құрады

- Алмастыру тәсілімен шешеді

- Жауабын дұрыс табады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Кері байланыс

«Кері байланыс бутерброды» әдісі



Үй тапсырмасы: № 12.6, №12.7



Рефлексия

«Табыс ағашы»




































Picture 2




А.Е.Әбілқасымова , Алгебра-8, «Мектеп» 2018 (жоба)

§12 Квадрат теңдеулер арқылы мәтінді есептерді шығару,98 бет, №12.3-12.4


























Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Саралау жұмысымда:диалог және қолдау көрсету,тапсырма, дереккөз тәсілдерін қолданамын. Оқушылардың деңгейлерін ескере отырып тапсырмалар алдым. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді деп ойлаймын.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Оқушылар сабақ үстінде нені үйренгендерін бағалау үшін «Екі жұлдыз,бір тілек», «Жетістік баспалдағы» бағалау әдістерін қолданамын.Дескрипторы бар тапсырмалар құрдым.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Психологиялық ахуал туғызу

Сергіту сәті «Бұзық телефон»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
717
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12