жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ [М] дыбысы мен Мм әрпі
Білім саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу.
Тақырыбы: [М] дыбысы мен Мм әрпі
Мақсаты: [М] дыбысы мен Мм әрпі бекіту
Міндеті:Дыбысқа буын құрауға, буыннан
сөз құрауға үйрету. "М" дыбысы бар
сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге
үйрету.
"М" дыбысына байланысты сөздер ойлауға
дағдыландыру
Дамытушылығы: Балалардың ойлау қабілетін мен шығармашылығын дамыту.
Буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға
дағдыландыру.
Тәрбиелігі: адамгершілікке тәрбиелеу, білімге деген қызығушылығын
қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: М дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер, буындар, кеспе әріптер,
|
Кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы күш Негізгі бөлім Дидактикалық ойын Сергіту сәті. Дидактикалық ойын Дидактикалық ойын Қорытынды |
.Шаттық шеңбер
Балалар қараңдаршы
бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті.Бізде бүгін ерекше күн. Мыс: машина, ұшақ, ара, жылан, бұзау, қарғаның суреттері. Ойын ойнап болған кезде есік қағылады.Тәрбиеші есікті кім қаққанын барып қарайды. Балалар қараңдаршы бүгін бізге тағы да қонақ келді.Мен сендерге қонақтың атын жұмбақ арқылы жасырамын. Қане кім тауып алады екен.
Жұмбақ
жасыру: Дұрыс таптыңдар балалар жұмбақтың шешуін,бізге қонаққа мысық келді.Балалар бірақ біздің мысығымыз көңілсіз болып тұр.Мысық сен неге көңілсізсің? Балалар менің бүгін көңіл-күйім жоқ болып тұр.Себебі мен өзімнің басқы әріпім туралы ештеңе білмеймін.Ит мені мазақтайды.Сосын сендерден көмек сұрай келдім. Ондеше балалар біз мысыққа көмектесейік.Көмектесеміз бе балалар?
Мысық сөзінің
бірінші дыбысы - М м. Дәптермен жұмыс.
«Артық сөз»
ойыны
3)“Менде” бар,
Сергіту
сәті. “
Сөз
құрастыру” Балаларға заттардың
дыбыстарынан сөз құратып оқыту. «Сиқырлы буындар»ойыны Ма-ма-ма-ма Ме-ме-ме-ме Мо-мо-мо-мо Ми-ми-ми-ми Мө-мө-мө-мө Буындарды әндетіп айту арқылы есте сақтау. «Сиқырлы сөйлем»ойыны Берілген суретке қарап сөйлем құрастыру. «Нүктелерді қос»ойыны Берілген суретті нүктелер арқылы қосу шыққан суреттің атын атап «м» әрпінің қай буында орналасқанын айтып беру. Әр сөз құраған балаға жұлдызша беру. Қорытынды: «Ыстық доп»ойыны арқылы қорытындылау.
- Сонымен, балалар
бүгін біз қандай дыбыспен таныстық? |
Балалар бір-біріне жылы тілектерін білдіреді. Текшені ортаға лақтыру. Текше бетіндегі суретке қарап, затты бейнелеу, дыбысын шығару. Балалар тәрбиешіні тыңдайды,жұмбақты шешеді. Мысықты тыңдайды,көмектесуге қол ұшын береді. Иа М дыбысына дыбыстық талдау жасайды. Нүктелер арқылы М дыбысын жазады. М дыбысы жоқ сөздерді атайды. Мәтінге сай қимылдарды көрсету. Берілген суретке қарап сөз кұрау. Буындарды әндету. Берілген суретке қарап сөйлем құрастырады. Берілген суретті нүктелер арқылы қосу шыққан суреттің атын атап «м» әрпінің қай буында орналасқанын айтып беру. М дыбысы бар сөздерді атап беру. |
ұйымдастырылған оқу қызметі:Сауат ашу
Тақырыбы: [М] дыбысы мен Мм әрпі
Тәрбиеші:Орынғазиева.Ж.О
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген