Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: [М] дыбысы мен Мм әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге балаларды сауат ашу оқу қызметінде пайдалана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу.

Тақырыбы: [М] дыбысы мен Мм әрпі

Мақсаты: [М] дыбысы мен Мм әрпі бекіту

Міндеті:Дыбысқа буын құрауға, буыннан сөз құрауға үйрету. "М" дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. 
"М" дыбысына байланысты сөздер ойлауға дағдыландыру

Дамытушылығы: Балалардың ойлау қабілетін мен шығармашылығын дамыту.

Буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға дағдыландыру. 
Тәрбиелігі: адамгершілікке тәрбиелеу, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. 

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: М дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер, буындар, кеспе әріптер, 


Кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш








Негізгі бөлім





































Дидактикалық ойын




Сергіту сәті.










Дидактикалық ойын




Дидактикалық ойын








Қорытынды

.Шаттық шеңбер
- Балалар, біз - бірімізге жүрек жылуымызды алақандарымыз арқылы жеткізіп, бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік:
Қайырлы таң,
Қайырлы күн.
Күліп шықсын
Бүгін күн!

Балалар қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті.Бізде бүгін ерекше күн.
Ерекше күнімізді бастамас бұрын “ сиқырлы текше” ойынын ойнайық,- деп тәрбиеші ойынның шартын түсіндіреді.

Мыс: машина, ұшақ, ара, жылан, бұзау, қарғаның суреттері.

Ойын ойнап болған кезде есік қағылады.Тәрбиеші есікті кім қаққанын барып қарайды.

Балалар қараңдаршы бүгін бізге тағы да қонақ келді.Мен сендерге қонақтың атын жұмбақ арқылы жасырамын. Қане кім тауып алады екен.

Жұмбақ жасыру:
Мұрны пұшық,
Көзі қисық
Өзі пысық
Бұл не?... (мысық)
Мысық( суретін көрсету)

Дұрыс таптыңдар балалар жұмбақтың шешуін,бізге қонаққа мысық келді.Балалар бірақ біздің мысығымыз көңілсіз болып тұр.Мысық сен неге көңілсізсің?

Балалар менің бүгін көңіл-күйім жоқ болып тұр.Себебі мен өзімнің басқы әріпім туралы ештеңе білмеймін.Ит мені мазақтайды.Сосын сендерден көмек сұрай келдім.

Ондеше балалар біз мысыққа көмектесейік.Көмектесеміз бе балалар?

Мысық сөзінің бірінші дыбысы - М м.
Балалармен бірге қайталау. Мысық сөзін буындату, дыбыстық талдау жасату.
М дыбысының айтылу ерекшелігіне тоқталу. Дауыссыз дыбыс екендігін анықтап, көк текшемен белгілету.
М дыбысының орнын анықтау, дауысты, дауыссыз дыбыс екендігін ажырату. М м - әрпін ауада жазу.

Дәптермен жұмыс.

«Артық сөз» ойыны
1) маса, нан, мысық, сағат
2)моншақ, табақ, мата, сиыр

3)“Менде” бар,
“Сенде” жоқ ( М әрпі )

Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға, солға иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Сөз құрастыру” Балаларға заттардың дыбыстарынан сөз құратып оқыту.
Мысалы: Мата, Алма,Мысық,моншақ.

«Сиқырлы буындар»ойыны

Ма-ма-ма-ма

Ме-ме-ме-ме

Мо-мо-мо-мо

Ми-ми-ми-ми

Мө-мө-мө-мө

Буындарды әндетіп айту арқылы есте сақтау.

«Сиқырлы сөйлем»ойыны

Берілген суретке қарап сөйлем құрастыру.

«Нүктелерді қос»ойыны

Берілген суретті нүктелер арқылы қосу шыққан суреттің атын атап «м» әрпінің қай буында орналасқанын айтып беру.

Әр сөз құраған балаға жұлдызша беру.


Қорытынды:

«Ыстық доп»ойыны арқылы қорытындылау.

- Сонымен, балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
Сабаққа белсене қатысқан балаларларды мадақтап сабақты аяқтау.







Балалар бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.







Текшені ортаға лақтыру. Текше бетіндегі суретке қарап, затты бейнелеу, дыбысын шығару.




Балалар тәрбиешіні тыңдайды,жұмбақты шешеді.










Мысықты тыңдайды,көмектесуге

қол ұшын береді.







Иа



М дыбысына дыбыстық талдау жасайды.




Нүктелер арқылы М дыбысын жазады.


М дыбысы жоқ сөздерді атайды.



Мәтінге сай қимылдарды көрсету.



Берілген суретке қарап сөз кұрау.



Буындарды әндету.





Берілген суретке қарап сөйлем құрастырады.

Берілген суретті нүктелер арқылы қосу шыққан суреттің атын атап «м» әрпінің қай буында орналасқанын айтып беру.


М дыбысы бар сөздерді атап беру.





























ұйымдастырылған оқу қызметі:Сауат ашу


Тақырыбы: [М] дыбысы мен Мм әрпі



Тәрбиеші:Орынғазиева.Ж.О






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
404
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12