жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ М. Қабанбай "Бауыр" әңгімесі 5-сынып
Канатбаева Жанат Оналбековна
Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
Адамгершілік - асыл қасиет |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 5 |
Қатысқандар : |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
М. Қабанбай «Бауыр» әңгімесі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу; Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтайды, кейіпкердің образын ашады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме бере алады, өмірмен салыстырады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасайды, салыстыру арқылы сыни көзқарас тұрғысынан баға береді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдысы |
Түсіну, қолдану, жинақтау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
1. Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетіне талдау жасайды; 2. Кейіпкерлердің тағдырын шынайы өмірмен салыстыра бағалайды; 3. Кейіпкер образына қатысты өзіндік пікір танытады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады:
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қой аузынан шөп алмас – момын, сүт пісірім уақыт – аз уақыт, бағзы – баяғы, қанбазар – жексенбі күнгі нағыз қызған базар, кібіртік басу – баяу жүру, жатсыну – бөтенсу, жатырқау, тосырқау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: кейіпкер бейнесін шынайы өмірмен байланыстыра салыстыру. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру; Т |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
қазақ тілі, өзін-өзі тану |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу
|
Оқушылар бұған дейін 1 – сабақта шығарманың сюжеттік дамуы, тақырыбы мен идеясы туралы түсінік алды. Шығарма фабуласын, ондағы әрекеттер жүйесін білу кейіпкер образын ашуға көмектесе алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
3 мин
|
Ширату жаттығуы 1.Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру “Әр күнге рецепт” жаттығуы Алдымен күнді алып, оны көре алмаушылықтан, өшпенділіктен, қайғыдан, қытымырлықтан, бірбеткейліктен, қара басының қамын ойлаушылықтан, бәрібірліктен, сен тимесең – мен тимеден тазалаймыз.Сосын оған барлығына қатысты үш толы ас қасық оптимизм, бір уыс сенімділік, бір қасық шыдамдылық, бірнеше тал төзімділік, бір уыстай сыпайылылық және тәртіп қосамыз. Дайын болған қоспаға МАХАББАТТЫ құямыз. Енді дайын болған асты әсемдеуіміз керек: оны мейірімділік пен ықыластың жапырақтарымен әрлеп, адамгершілік қасиетімен безендіреміз 2.Сынып оқушыларын 3 топқа біріктіру. / екі буынды, екі буынды тасымалданбайтын, үш буынды туыстық атаулары арқылы /Мысалы: ата, апа, аға, абысын, бала, бөле, бажа, балдыз, жеңге, жезде, жиен, жиеншар, жекжат, құдаша, қарындас, құдағи, құда |
Қима қағаздар |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
5 мин
Білу, Түсіну
14 мин
Қолдану 8 мин
2 мин
10 мин |
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады. Ой қозғау 1-тапсырма. Ж Әңгімені толық оқыған не оқымағанын тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады. Оқушылар қағаздың екі жағына дұрыс/бұрыс деп жазады. Мұғалім сұрақтарды рет-ретімен оқиды, қай сұрақтың жауабы дұрыс болса, оқушылар парақтың дұрыс деген жазуын, ал жауап қате болса, бұрыс деген жазуын көтереді. 1. Қалидың ағасы – Манап. - дұрыс 2. Директордың аты-жөні - Эльжбета Сергеевна. - бұрыс 3. Қалидың фамилиясы – Төрекелдиев. – дұрыс 4. Қали ән айтып, би билегенді ұнатады. – бұрыс 5.«Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?». Қалидың сөзі. – дұрыс 6. Қали жетінші сыныпта оқиды. – бұрыс 7. Балалар үйі Өскеменде орналасқан. – дұрыс 8. Әңгімеде «Жетім көрсең, жебей жүр» мақалы кездеседі. – бұрыс
Мағынаны тану Топтық жұмыс
2-тапсырма. «Графикалық органайзер» (Ойлар мен бейнелерді сызба арқылы жеткізу) 1. Кейіпкерлерге портреттік мінездеме беру. 2..Берілген сызба негізінде әңгімеден мысалдар жинақтай отырып, негізгі кейіпкерлердің образын сипаттау.
ҚБ: Топтар бір-бірінің жауабын «Сэндвич» әдісі бойынша бағалайды. 3-тапсырма Жұптық жұмыс: « Көкпар» ойыны Кейіпкерлердің шығармадағы портреті мен іс-әрекетіне қатысты тұрақты сөз тіркестері немесе мақал-мәтелмен тұжырым жасаңыз. Бірінші жолды аяқтаған соң «салым» деген белгі беріңіз. Ең соңында бірінші жеңіске жеткен оқушы анықталады.
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
Сергіту жаттығуы «Крест-нөл» Тігінен немесе көлденеңінен туыстық атауына қатысты бірдей дыбыстан басталатын сөздер жазу
Сараланған жұмыс. ТЖ. АКТ арқылы «Сәби бақыты» бейнеролигін көрсету 4-тапсырма: «Ромб» әдісі арқылы төмендегі сызбаға қарап сыни көзқарас тұрғысынан баға берейік.
Визуалды айғақтармен кейіпкер бейнесін дәлелдеу
Қалиды ауылға әкелу жобасын жасау Қалиды өмірдегі
тәрбиеленушілерімен салыстыру
Сыни көзқарас
І топ - Қалиды ауылға әкелу жобасын жасау тапсырмасы беріледі. ІІ топ - Визуалды айғақтармен кейіпкер бейнесін дәлелдеу (боксер қолғабы, балалар үйінің суреті, костюм т.б. суреттер) ІІІ топ - Қалиды өмірдегі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен салыстырып баға береді.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА Кейіпкерге хат жазу |
Дұрыс
Бұрыс
Интербелсенді тақта кесте
Кесте
Интербелсенді тақта Таратпа қағаздар
сызба
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
3 мин
|
Кері байланыс: «3 Қ» стратегиясы
|
Кері байланыс парағы |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылар арасында өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады. Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға Қалиды ауылға әкелу жобасын жасау тапсырмасы беріледі. Қолдауды көп қажет ететін оқушылар Визуалды айғақтармен кейіпкер бейнесін дәлелдейді (боксер қолғабы, балалар үйінің суреті, костюм т.б. суреттер) Қолдауды мүлдем қажет етпейтін оқушылар Қалиды өмірдегі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен салыстырады |
Кері байланыс 1.Топтық жұмыс тапсырмасында нені саралап алу маңызды екендігін анықтау. 2. Жұптық жұмыста кедергіге қалай қарсы жүргені туралы сұралады. 3. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану. 4. Рефлексия (жазбаша) |
Сергіту жаттығуы Крест-нөл» Оқушылардың ойлау деңгейін, шапшаңдығын айқындау.
Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарынан қолжетімді бір мақсат таңдалынды. Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, сараланған тапсырмалар әзірленді. Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық белсенді оқыту әдістері ұйымдастырылды. Сабақтың басынан бастап әрбір оқушының жеке пікірін тыңдау және алынған білімдер мен түсініктерді қолдану мен оларды дамыту маңыздылығына мән берілді. Сабақ барысында оқушылардың көркем шығармалардағы көтерілген мәселелерді жан-жақты талдау, бағалау, өзіндік ой айту дағдылары қалыптасады, бұл рефлексия дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызады деп есептеймін Сабақтың өн бойында мақсаттан нәтижеге жететін іс – әрекетті жоспарлауды жүзеге асырамын.Барлық іс-әрекетке белгіленген шектеулі уақыт берілген соң, уақыт есебінен ауытқу болмайды деген ойдамын. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.Оқу мақсатының қолжетімді болуы; 2.Сабақты жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өткізу кезінде оқушылар қызығушылығы жоғары болды
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
Тапсырма -4. «Ромб» әдісі арқылы төмендегі сызбаға қарап сыни көзқарас тұрғысынан баға берейік.
Бағалау критерийі |
Дескриптор |
Ұпай |
Кейіпкердің іс-әрекеті арқылы образдарын талдайды |
Кейіпкердің бейнесі мен іс- әрекетіне талдау жасады
|
1 |
Өз көзқарасын білдіре алады. |
1 |
|
Шынайы өмірмен салыстыра бағалайды.
|
1 |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген