400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян" поэмасы 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге ашық сабақ өткізгенде тәжірибе алмасу үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы (қорытынды сабақ)

Күні: 25.01.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Айтқазинова А.С.

Сынып: 7 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағанда саны:

Оқу мақсаттары

7.2.1.1. – шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру;

7.2.3.1 – шығармадағы көркемдегіш құралдардың (эпитет, теңеу, метафора, кейіптеу, аллетерация, ассонанс) қолданысын талдау;

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады, шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай алады.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаза алады.

Бағалау критерийлері

Поэмаға композициялық талдау жасайды;

Поэманың ішінен көркемдегіш құралдарды табады;

Кейіпкерлерге сипаттама береді;

Өзіндік ой-пікірлерін білдіреді.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: поэма, Батыр Баян, Ноян, Қалмақ қызы, Жолдыөзек, Қандыөзек, Абылай хан.

Алдыңғы оқу

«Батыр Баян» поэмасы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырылады.

Өткен сабақты пысықтау.

Сыныпты 4-топқа бөлу.

«Баян» тобы

«Ноян» тобы

«Абылай» тобы

«Мағжан» тобы

Оқушылардың назарын аудару.

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!- деп жырлаған Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы не білеміз, соны тексеріп, сынап көрейік.

1-тапсырма. ТТ 5 мин

«Баян» тобы – Мағжан Жұмабаевтың балалық, жастық шағы туралы

«Ноян» тобы – шығармашылығы туралы

«Абылай» тобы – педагогика мен психологияға қосқан үлесі туралы

«Сөз өнері» тобы – «Батыр Баян» поэмасының жазылу тарихы

Дискриптор:

  • М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды толықтырады;

  • «Батыр Баян» поэмасының жазылу тарихы туралы біледі.

Қалыптастырушы бағалау

Қызыл, қоңыр, сары түсті домалақ белгілер, түрлі түсті алмалар

Қызыл түс – өткен тақырыпты жақсы түсіндім.

Қоңыр - өткен тақырыпты орташа түсіндім.

Сары - өткен тақырыпты түсінбедім.










ОӘК материалдары, интербелсенді тақта, слайд, таратпа қағаздар.

Ортасы

2-тапсырма. ТТ 3 мин

Барлық топқа бір тапсырма беріледі.

  • Поэманың композициялық құрылымын ретімен қою.

  1. «Жауының бір жорықта бір сұлуын,

Ер Баян алып қайтқан артына сап.»

  1. «Баянның інісі бар он бес жаста –

Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян»

  1. «Жас Ноян қызды көріп от бо кетті,

Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті»

  1. «...Сөйтті де Сарыарқамен есендесіп,

Екеуі ескен желдей кетіп қалды.»

  1. «Екі жас, аттарынан ұшып түсті,

Түскенде бірін-бірі құшып түсті.»

  1. «Арқаның селі, желі, шөлі, белі

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!»

  • Жанры мен идеясын анықтап жазу.

Қалыптастырушы бағалау

Қызыл, қоңыр, сары түсті домалақ белгілер, түрлі түсті алмалар

Қызыл түс – өткен тақырыпты жақсы түсіндім.

Қоңыр - өткен тақырыпты орташа түсіндім.

Сары - өткен тақырыпты түсінбедім.

3-тапсырма. ТТ 2 мин

«Қай кейіпкер?»

Кейіпкерді тауып, оған үзіндіден сипаттама беру.

  • «Мына қоршауды бұзып өтер кім бар?» – деп айқайлайды.

  • «Анама сөзім – анау, өзім – мынау,

Жас Ноян, жүгінемін ер деп сені»

  • «Дулыға, қалқан, көбе қалған ұмыт,

Белінде жалғыз-ақ бір садақ бар-ды»

  • «Жарайды, даярмын!» - деп айтып салды,

Ойланып, бір минут та қылмай төзім.

Қалыптастырушы бағалау

Қызыл, қоңыр, сары түсті домалақ белгілер, түрлі түсті алмалар

Қызыл түс – өткен тақырыпты жақсы түсіндім.

Қоңыр - өткен тақырыпты орташа түсіндім.

Сары - өткен тақырыпты түсінбедім.

4-тапсырма. ТТ 5 мин

«Көркемдеуіш құралдар»

«Баян» тобы – теңеу

«Ноян» тобы – эпитет

«Абылай» тобы - аллитерация

«Мағжан» тобы – ассонанс

Теңеу – Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап, Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?!Қыран мен қара құстай алысқан шақ, Сол сұлу, сұлу екен атқан таңдай, Бір соған бар сұлулық жиылғандай, жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай, кәусардай татқан адам қалар қанбай, сұңқардай бабындағы сұқсыр көрген, айбынды арыстандай құмда кезген, жаралы жолбарыстай күңіренді, ақылға алғыр құстай ашу төнді т.б.

Эпитет – торғын ет, асау жүрек, қайнаған қан, сиқыр сөзін, көксұр түс, қанды балақ т.б.

Аллитерация –

Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды,

Жас Ноян Ер Баянға қарсы жүрді.

Жақындап, келіп қалып ағасына...

Ассонанс – Адасқан аққу құстай мен бір пақыр,

Арқаның аруы боп жүрсем-дағы,

Алыста туған, өскен жерім жатыр.

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,

Елі үшін жаннан кешіп, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

Қалыптастырушы бағалау

Қызыл, қоңыр, сары түсті домалақ белгілер, түрлі түсті алмалар

Қызыл түс – өткен тақырыпты жақсы түсіндім.

Қоңыр - өткен тақырыпты орташа түсіндім.

Сары - өткен тақырыпты түсінбедім.

5-тапсырма . ТТ 5 мин

Ерлік, батырлық, туған жер, ел, Отан, ар-намыс, сезім, махаббат туралы мақал-мәтел жазу.

Батыр - елдің сәулеті,

Балқұрақ - колдің сәулеті.


Батыр мың қол бастайды,

Шешен тар жерде сөз бастайды.


Батырға оқ дарымайды,

Батылға жау жоламайды.


Батырлық айқаста танылар.


Батыр мақтанса, жауға шапқанын айтар,

Қу мақтанса, алдап қаққанын айтар.


Айлалы батыр алдырмас.


Ер мойнында қыл арқан шірімейді.


Ер шекіспей (өліспей) бекіспейді.


Ер кезегі үшке дейін.


Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.


Ер есімі ел есінде.


Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.


Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


Отан үшін отқа түс күймейсің

Қалыптастырушы бағалау

Қызыл, қоңыр, сары түсті домалақ белгілер, түрлі түсті алмалар

Қызыл түс – өткен тақырыпты жақсы түсіндім.

Қоңыр - өткен тақырыпты орташа түсіндім.

Сары - өткен тақырыпты түсінбедім.

6-тапсырма. 3 мин

Берілген сөздердің мағынасын ашу.

Кәусар – суы сүттен аппақ, қардан таза, қанттан тәтті деп саналатын аңыздағы жұмақ суының аты.

Шапақтай – күннің жаңа шыққан сәулесіндей деген мағынада.

Барқыт – жұмсақ мақпал мата.

Адыра қалу – құру, жоғалу.

Көбе – көбесі болаттан немесе темірден жасалған сауыт түрі.

Майырылмау – сынбау,

Кермиық – кербез, паң.

Селеу – шөл далада өсетін, бас жағы үлпілдеген селдіреуік ақ шөп.

Қалыптастырушы бағалау

Қызыл, қоңыр, сары түсті домалақ белгілер, түрлі түсті алмалар

Қызыл түс – өткен тақырыпты жақсы түсіндім.

Қоңыр - өткен тақырыпты орташа түсіндім.

Сары - өткен тақырыпты түсінбедім.
Қорытынды. 3 мин

Ой білдіру, пікір алмасу.

«Батыр Баянның інісі Ноянды өлтіргені ашу-ызаға, қызғаншақтыққа бой бергендігі ме? Әлде Ноянның елге жасаған сатқындығын ар-намысы кешіре алмады ма? Қалай ойлайсың? Сен Баянның орныңда болсаң, не істер едің?»

ОӘК материалдары, интербелсенді тақта, слайд, таратпа қағаздар.

Соңы

Кері байланыс.


Ауызша кері байланыс

Қорытынды

Үйге тапсырма: «Ер есімі ел есінде» тақырыбында шағын шығарма жазу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
3106
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі