400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері" тақырыбына арналған сабақ жоспары 6 сыныпта сабақ беретін ұстаздарға арналады. Сабақ жоспарын тақырыпты өткенде сабақтың өту барысын жоспарлағанда көмекші құрал ретінде қолдануға болады деп ойлаймын. Еңбек жолын енды бастаған ұстаздар үшін қажет деп ойлаймын. Осы сабақ жоспарын пайдаланған ұстаздарға сәттілік, жұмыстарына шығармашылық табыс тілеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 6

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырып: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақпараттық білім көзі арқылы Мағжан Жұмабаевтың

өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерінің мазмұнын ұғындыра отырып ақынның өршіл де жігерлі бейнесін таныту.

Дамытушылық: Оқушыларға бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдерінің мазмұны мен идеясын меңгерту, ойлау белсенділігін, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ойлау қабілетін дамытып, әдебиет ғылымына қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру.

Сабақ түрі: Қалыпты сабақ.

Әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Көрнекілігі: ақын портреті, көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бағалау, қорытындылау.


САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру.

1. Сәлемдесу.

2. Кезекші мәлімдемесі.

3. Журнал бойынша түгелдеу.

4. Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. А.Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.

2. Қалаған өлеңін жатқа сұраймын.

3. Қосымша сұрақтар қою аркылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.

4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы түсіндіремін.

Қаршадайынан зерек, Шығыс, Батыс әдебиетін еркін игерген Мағжан қазақ поэзиясына балғын шағында-ақ ерекше, аса талантты болмысымен келді. Қазақ ауыз әдебиетінің тұнығына қана отырып, жарқ етіп шыққан Абай поэзиясын өзіне мектеп етті.

Мағжан - ұлтын тереңнен сүйген ақын. «Адам,- дейді ол, - шын адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін». Ақынның өзі де осы ізгі мақсаттың құрбаны болды.

- Балалар, бүгін біз сендермен ақын Мағжан Жұмабаевпен және оның «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерімен танысамыз.

Таныспас бұрын осы ақын жайында кім не біледі?

( Оқушылардың ойын білу, қысқаша конспект жасату )

М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Өлеңнің негізгі тақырыбы не?

Ақынды толғандырған тіл тағдыры екеніне көз жеткіз

Бұл өлеңнің бүгінгі күндегі маңыздылығы неде?

Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін дәлелдеп көріңдер.

Мемлекеттік тіл туралы сұхбат жүргізу.

Өлең мазмұны сендерге қалай әсер етті?


Шығармашылық жұмыс

«Мен кім?» өлеңі бойынша талдау

Shape2 Shape1 нұр теңіз


Shape3

Shape5 Shape4 жолбарыс арыстан

Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6


жерде - жел көкте - бұлт



тұлпар жалын


күн


-Неліктен ақын өзін осылай бейнеледі еп ойлайсыңдар?

- Ал, сендер, өздеріңді кімге немесе неге балар едіңдер? Не себепті?

- Бұл өлеңде ақынның лирикалық қаһарманы кім?


Сабақтың қорытындысы:

1. Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

3. Үйге тапсырма: Өлеңдердің қалағанын жаттап келу. «Бабам тілі – мәңгілік» атты тақырыпта ойтолғау немесе эссе жазу

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі