Тақырыбы: Мағжан
Жұмабаев
Мақсаты: 1. Өмірі, шығармашылық жолы
туралы мәлімет беру.
2.
Оқушылардың тіл байлықтарын,
танымдылықтарын дамыту.
3. Ғылым-білімге құштар болуға
тәрбиелеу
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың
әдісі: топпен
жұмыс
Сабақтың
тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың
көрнекілігі:
Сабақтың
барысы
І Ұйымдастыру
кезеңі
1.
Амандасу, сабаққа
дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру
(сұрақ-жауап)
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын
анықтау
ІІ
Қайталау
Ақынның өмірі мен ақындық жолы
жайлы айтыңдар.
ІІІ Жаңа
сабақ
І топ өмір жолымен
таныстырады.
Өмір
жолы
1893 жылы қазіргі Солтүстік
Қазақстан облысы Булаев ауданында дүниеге
келген.
4 жасынан ауыл мұғалімінен хат
таныған.
1905-1910 жылдары Қызылжардағы
медреседе оқиды.
1912-1912 жылдары Уфадағы
Ғалия медресесінде оқиды.
1912-1916 жылы Омбыдағы
мұғалімдер семинариясында оқиды.
«Алаш» партиясын құруға
қатысады.
«Бостандық» газетінің
редакциясында істейді.
Ташкентте шыққан «Шолпан»,
«Сана» журналдарында, «Ақ жол» газетінде қызмет
етеді.
1923-1927 жылдары Москвада
Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында
оқыды.
ІІ топ шығармашылық жолымен
таныстырады.
Өлеңдерінің
тақырыбы: табиғат, махаббат, достық,
туған ел, жер тағдыры.
Алғашқы өлеңдер
жинағы 1912
жылы Қазан қаласында
«Шолпан»
Табиғат тақырыбына жазған өлеңдері:
«Қысқы жол», «Көкшетау», «Жазғы түнде», «Қайық»,
«Орман».
Әлеуметтік тақырыптарға
арналған: «Пайғамбар», «Күншығыс», «Жер
жүзін топпан басса екен», «Бостандық», «Орал», «Орал
тауы».
Махаббат
туралы: «Гүлсімге», «Жұлдызы жүзік,
Айды алқа ғып берейін», «З-ға», «Жәмила», «Сен сұлу», «Махаббат
не?»
Пэмалары: «Батыр Баян», «Ертегі»,
«Қорқыт», «Жүсіп хан», «Тоқсанның тобы».
Ақын шығармашылығы жайында Ж.
Аймауытов 1923 жылы «Мағжанның ақындығы туралы» деген еңбегінде:
«Қазақ әдебиетіне Мағжанның кіргізген жаңалығы аз емес, орыстың
символизмін (бейнешілдігін) қазаққа аударды, дыбыстан сурет
туғызды, сөзге жан бітірді, жаңа өлшеулер шығарды. Романтизмді
күшейтті, тілді ұстартты.
Жақсы жағын санасақ, ол –
сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстазы, түршіл, романтик,
мәдениетшіл, отаршылдыққа, жауынгерлікке қарсы күншығысшыл
ақын».
ІV
Бекіту.
1. Екі топ бір-бірін тексеру
ретінде сұрақтар қояды.
ІҮ
Рефлексия
Мен нені
білдім...
Ү Үй
тапсырмасы
ҮІ
Бағалау