|
Сабақтың
мақсаттары
|
Барлық
оқушылар: «Мен, мен, мен едім»
шығармасын түсініп
оқиды, өлеңнің мазмұндық желілерін
анықтайды;
Көптеген
оқушылар: «Мен, мен, мен едім» өлеңінің шығу тарихын
біледі, ақын шығармасына құрылымдық
талдау жасайды, көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер
бейнесіне талдау жасайды.
Кейбір
оқушылар: өзіндік ізденіс жүргізу
арқылы, әдеби шығармаға құрылымдық
талдау жасайды, дәлелді пікір, тұжырымды ой
айтады, баға береді.
|
|
Сабақтың
басы
|
І. Ұйымдастыру
кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп,
зейінін сабаққа аудару.
Қызығушылықты
ояту
-
Балалар, сендер
«Мен» сөзінің мағынасын өздеріңе қаратып, өздерің жайлы не айтар
алар едіңдер? Мысалы, Мен-оқушымын, мен-Қазақстан азаматымын,
Мен-ата-анамның сүйікті перзентімін, мен-ұлағатты ұстаздардың
шәкіртімін, мен-адал доспын, мен-имандылықты бойына
сіңірген халқымның адал перзентімін,
мен-өмірге құштар жанмын,т.б. Оқушылар өздеріне түрлі дәрежеде баға
береді, «Мен» сөзінің мағынасын ашады. Сөйлеу, ойлау дағдылары
жетіледі, өздеріне сыни тұрғыда баға
береді.
Махамбеттің «Мен, мен ,мен едім» өлеңін
тыңдату.
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/9-synyp/poehziya/lesson/7-maxambet-otemisuly-men-men-men-edim
Сабақтың мақсаты
мен бағалау критерийлерін
таныстыру.
|
Оқушылармен
сәлемдесіп, зейінін сабаққа
аудару.
Оқушылар «Мен» сөзінің
тұжырымдамасын жасайды, жаңа тақырыппен байланысын
анықтайды.
|
ҚБ.

|
Оқулық
ttps://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/9-synyp/poehziya/lesson/7-maxambet-otemisuly-men-men-men-edim
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Мағынаны
тану.
Махамбет ақын
намысты оятатын, жігерлі жырлары арқылы елді қарулы күреске
шақырды. Сондай жалынды өлеңдерінің бірі – «Мен, мен, мен едім»
толғауы. Оны әйгілі Баймағамбет сұлтанға арнап айтқан. Жалпы,
ақынның халық қамын ойлап-толғаудан туындаған патриоттық идеялары
осы Баймағамбетке айтқан өлеңдерінен айқын аңғарылады. Махамбет
«Мен, мен, мен едім» толғауында қоныс-мекенінен айрылып, жерсіз
қалған елге атамекенін қайтарып, «жағалай жатқан сол елге мал
толтыруды», «Қара қазан, сары бала қамы үшін» қолға қару алып
күреске шығып, «Қара қазақ баласын хан ұлына теңгеруді» мақсат
еткенін тебірене жырлайды. Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің де
түпкі идеясы осы еді. Махамбеттің «Арқаның қызыл изені-ай» өлеңін
академик Қажым Жұмалиев 1938 жылы халық арасынан жазып алған.
Туындыда ел ішіндегі ынтымақ-бірлік, адамгершілік-кісілік
мәселелері қозғалады. Насихат, үлгі-өнеге сарынында
шығарылғандықтан, халықтың кейбір келеңсіз мінездері мен
қасиеттерін сынға алады. Мысалы, ««Кәрісі кімнің жоқ болса, Жасы
болар дуана» деп, ақыл-кеңес беріп, кезегі келгенде өзінен шыққан
тентек-бұзақыларды тыйып отыратын ақсақалдың, ауыл ағасының азайып
бара жатқанына өкініш білдіреді. Тегінде тәрбие көрмеген
кейбіреулерден «Бір сынаған жаманды, Екіншілей сынама!» деп
түңіледі. Соңында «Тірісінде сыйласпаған ағайынды өлгенде
құрметтеудің қажеті шамалы» деген түйінді ойға
тоқталады.
Мен - мен едім, мен
едім!
Мен Нарында жүргенде Еңіреген
ер едім. Исатайдың барында Екі
тарлан бөрі едім. Ерегіскен дұшпанға Қызыл
сырлы жебе едім. Жақсыларға еп едім, Жамандарға көп едім. 1-тапсырма.
Топтық жұмыс.
М.Өтемісұлының «Мен, мен едім, мен едім» өлеңін «DEAL» әдісі
бойынша талдайды.
D
- баяндау
E
– түсіндіру
A
- талдау
L
– байланыс
І
–топ: баяндаңыз,
түсіндіріңіз.
ІІ
– топ: талдаңыз.
ІІІ – топ:
байланыстырыңыз.
Әр
топ жұмыстарын постер арқылы
қорғайды.
Дескриптор:
-
сюжеті мен идеясын
түсінеді;
-
мазмұнына талдау
жасайды;
-
сюжетті өмірмен
байланыстырады.
ҚБ

2-тапсырма. «Мен
– мен, мен едім» өлеңіндегі ақын образы туралы ойларыңды жинақтап,
топтастыру арқылы
көрсетіңдер.

Дескриптор:
ҚБ
3-тапсырма.
Махамбет өлеңдерін оқығанда көз алдарыңа
елестеген тұлға туралы 5–7 сөйлемнен тұратын мәтін
құрастырыңдар.
Дескриптор:
ҚБ
|
М. Өтемісұлының
«Мен, мен, мен едім» толғауы туралы мәлімет
алады.
Топтық жұмыс.
М.Өтемісұлының «Мен, мен едім, мен едім» өлеңін «DEAL» әдісі
бойынша талдайды.
Өлеңдегі ақын
образы.
«Мен – мен, мен
едім» өлеңіндегі ақын образы туралы ойларыңды жинақтап, топтастыру
арқылы көрсетіңдер.
Махамбет өлеңдерін оқығанда
көз алдарыңа елестеген тұлға туралы 5–7 сөйлемнен тұратын мәтін
құрастырыңдар.
|
ҚБ. Топтар бір-бірінің жұмысын
бағалайды.

ҚБ.

ҚБ.

|
http://bilim-all.kz/olen/1624-Men
« Мен, мен, мен едім»
өлеңі
|