400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ, Махамбет поэзиясы-ерліктің символы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ



КҮНІ:

Мектеп: №93 Абылай хан ж.о.м

ПӘНІ: қазақ әдебиеті

Оқытушының аты-жөні: Қожамбердиева

СЫНЫП:10 «Б»

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы:


Махамбет поэзиясы – ерліктің символы

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Ақын өмірі,өлеңдерінің тақырыбы,мақсаты,
тарихы туралы мәлімет беру,
өлеңдеріне әдеби-теориялық талдау жасау, өзінің танымдық әрекетін жоспарлай алу, жаңа қырынан таныту,қосымша мәліметтер беру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:; ақын өмірі,өлеңдерінің тақырыбы,мақсаты,
тарихы туралы мәлімет береді.

Оқушылардың басым бөлігі: өлеңдеріне әдеби-теориялық талдау жасайды.

Кейбір оқушылар: өзінің танымдық әрекетін жоспарлай алады, жаңа қырынан танытып,қосымша мәліметтер береді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:шығарманы бірлескен оқу арқылы еркін меңгереді, өз ойларын әдеби тілде, нақты дәлелдермен айта алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

ереуіл ат (соғысқа мінетін,жарап тұрған ат),қу толағай (тақыр,жалаңаш). тебінгі терге шіру,терлігі майдай еру,ат үстінде күн көру.





Сыныптағы диалог / жазылым үшін тілдік бірліктер: басты кейіпкерлері кім және негізгі идеясы неде?

Талдауға арналған тармақтар: «ер туған жерге, ит тойған жерге» деген халық нақылын басшылыққа алу себебі?

Батыр тұлғасы-халық бейнесімен тең...

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Алдыңғы тақырып

Дулат Бабатайұлы

Жоспар

Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар

Басталуы

1мин





5 мин





















3мин

















3 мин




1.Оқушылармен амандасу,психологиялық ахуал қалыптастыру;

2 Сыныпты үш топқа бөлу; 1топ- «Ақын», 2-топ –«Батыр», 3-топ – «Күйші»

3 «Алтын ережемен» таныстыру

4. «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын пысықтау.

1. Д.Бабатайұлы кім?

3. «Зар-заман ақыны» дегенімізді қалай түсінесін?

4. 19 ғасырдағы бірінші жартысындағы қазақ әдебиетіне тағы қандай ақындар үлес қосты деп ойлайсың?

5. Сол заман мен қазіргі заманның ерекшелігін қалай түсіндіре аласың ба ?

6. Д.Бабатайұлының поэмасының аты қандай?

7. Еспембеттің портреті мен мінез – құлқын сипаттайтын қандай түйінді ойларың бар?

8. Д.Бабатайұлының шығармашылығының тәрбиелік мәні бар ма?

5.Дәптермен жұмыс. «Зымыран сұрақтар» (ия, жоқ)

1. Д.Бабатайұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді ме?(ия)

2. «Ақжайлау мен Сандықтас» Сүйінбайдың өлеңі ме?(жоқ)

3. «Еспенбет» поэмасы аңыз әңгіме ме?(жоқ)

4.Дулат –«зар заман» әдебиетінің көрнекті өкілі ме?(ия)

5. «Ақтанға» деген өлеңдегі Ақтан бай баласы ма?(жоқ)

6. Бейнефильм көрсету (Махамбет Өтемісұлы)

Мұғалім: «Мұндағы «Мен» -Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбеттің күрескерлік әлемі. Ақынның батыр жүрегі. Осы мен арқылы Махамбеттің ісі, елге деген махаббаты, елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі мен дұшпанға деген өшпенділігі көрініс береді.



Қима қағаздар

стикер

Ортасы

3мин





































































4мин















3мин

















7мин

1. Білімді тексеру. Махамбет өміріне байланысты жылдардың дұрыс мәліметімен сәйкестендіреді. (жеке жұмыс)



Р/с

Жылдар

Р/с

Мағлұматтар

1

1803 жыл

1

Махамбет қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген.

2

1824-1828 жылдары

2

Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды.


3

1831 жыл

3

Түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды

4

1834 жыл

4

Исатай батырмен бірігеді.

5

1838 жыл 12 шілдеде

5

Көтеріліс жеңіліс тауып, Исатай қаза табады.

6

1841жылдың

4 наурызда

6

Белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде Махамбет қолға түсті





7

1845 жылы 20 қазанда

7

Махамбет қаза тапты

8

2003 жылы

8

Махамбет бабамыздың 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешімімен халықаралық деңгейде аталып өтті.



.Поэтикалық минут (өлеңдерін жатқа сұрау)

І топ: Махамбеттің Исатай жайында және Исатай қаза болған соң шығарған өлеңдері.

ІІ топ: Махамбеттің өзі жөніндегі өлеңдері.

ІІІ топ: Көтеріліс, соғыс жайындағы өлеңдері.

«Айналмалы бекеттер» стратегиясы .Махамбет өлеңдерінің тізбегін жазу.

4. Өзіндік іздену-зерттеу жұмысы.

«Бұл жүрек табынбас еді-ау,

Сен жұртқа ұқсаған болсаң...»

Ф.Оңғарсынова

Зерттеуші ғалымдардың сипаттауындағы Махамбет бейнесі.

Бұл жұмыста Махамбет жайында оқушылар толығымен білім алу мақсатында қосымша іздену жүргізеді.

І топ: Махамбет күйлері жайында.

ІІ топ: Махамбет жөнінде жазылған ақын-жазушылардың ой-пікірлері.

ІІІ топ: Қазіргі кезде Махамбетке арналған ескерткіштер мен ғимараттар.

Постер қорғау.

1- топ. «Жалғыздық» өлеңі. (өлең құрылысына талдау)

Жауабы : 4шумақ, 16 тармақ, 7-8 буынды, 2 бунақты шұбыртпалы ұйқас.

2- топ.Әдебиеттің көркемдеуіш құралдарын табыңдар. (семантикалық карта)

3- топ. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің идеясын айт. Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап.

Жауабы: Бұл өлеңде ақын халқына рух беріп, намысын қайрап, күреске шақырады.

Сөз тіркестері: тебінгі терге шіру,терлігі майдай еру, ат үстінде күн көру.

Эпитеттер: ереуіл ат,егеулі найза, алты малта ас, тебінгі жер, ұлы түс, қу толағай.

Ассонанс: Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай.

Еңку-еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітер ме?

Аллитерация: Тебінгі терге шірімей

Теңеу: Терлігі майдай ерімей.











Интербелсенді тақта















































Үлестірме қиынды қағаз















ПостерБағалау парақшалары



Аяқталуы

3мин











3мин





















































































3мин



3мин















2мин.

«Егер де мен...»

Әр адам жүрек түкпірінде – ақын. Махамбеттің бір өлеңінің үзіндісі беріледі. Оқушылар жалғасын өздері шығарады. «Ұл туса»

...Асылдан болат ұл туса,

Жамандарға жалынбас.

1 топ . Семантикалық карта №1 (жұптық жұмыс)



Мақалдар

Көлінен безген қаз оңбас.

Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар.

Өз жеріңдей қайда бар.

Сайының тасы болайын.

Пәлен жерде пайда бар,

 

 

 

 

Өз елімнің басы болмасам да,

 

 

 

 

Елінен безген ер оңбас,

 

 

 

 

Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар.

 

 

 

 

  2 топ. Семантикалық карта №2

 

Мақалдар

Би басына дау келсе, билігі кетер басынан.

Құс жаңылып торға түсер.

Ер жарасыз болмас.

Шешен тар жерде сөз бастайды.

Ел шарасыз болмас,

 

 

 

 

Батыр мың қол бастайды,

 

 

 

 

Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан. 

 

 

 

 

Ер жаңылып қолға түсер,

 

 

 

 

3 топ. Семантикалық  карта № 3 



Мақалдар

Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз.

Арыстан болсаң жау үшін.

Тәуекел ет те тас жұт,

Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл,

Түлкідей болсын әдісің.

 

 

 

 

Ер жігіттің белгісі, әрі мырза, әрі құл.

 

 

 

 

Батырсынған жігітті, жау келгенде көрерміз.

 

 

 

 

Ажал жетпей өлмек жоқ.

 

 

 

 

 Таным-деректерімен бөлісу.

«Ерлік жыры» туралы оқушылардың қорытынды ойларын тыңдау.

Дәптермен жұмыс. Махамбет шығармашылығына байланысты не білгісі келетіні жайында 1 сұрақтан жазамыз.( БББ. Кестесі кері байланыс)

Қорытынды: Мұғалім :Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ақын өзінің биік рухын жоғалтпады. Халықты бей-жай қалдырмай намысқа шақырады, ертеңгі күнге үмітпен қарайды. Махамбет өлеңдерінің өміршеңдігі сол – оқырманын намысшыл болуға, өлмес рухқа, ерлікке, батырлыққа шақырады, жігерлендіреді.

Әділдік, теңдік іздеген

Махамбет жыры бізбенен!

Бағалау. Өзін-өзі бағалау парақшасы.

Үйге тапсырма.«Ұлы арман», «Толарсақтан саз кешіп» өлеңдерін жаттап келу. Ақын өлеңдерінің ерекшеліктерін зерделеу.





Қима қағаздар

















Бағалау парақшалары





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
646
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі