400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Майлықожа Сұлтанқожаұлы "Ілімге толса көкірек" толғауы 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасадым. Ашық сабақ ретінде 8-сыныпта өтуге пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


A1 Бір сабақ жоспары қысқа мерзімді жоспар


Пәні:

Қазақ әдебиеті

Күні:

16.11.2017

Сынып:

8 «Ә»


Тақырыбы:

Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы

Сабаққа негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

Майлықожа ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұматпен танысу. «Ілімге толса көкірек» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу, өлеңдегі екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:


Майлықожа ақынның өмірі мен шығармашылығынан мағлұматтармен танысу, өлеңнің тақырыбы мен идесын ашу, өлеңдегі екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.


Оқушылардың басым бөлігі:


Майлықожа ақын көтерген мәселені Абай өлеңдерімен салыстыру арқылы өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, өлеңдегі екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу


Кейбір оқушылар:


Жақсы мен жаманды салыстыру арқылы ақын қолданған көркем сөз айшықтарын табады.

Бағалау критерийлері:

Ақын өмірі мен шығармашылығынан мағлұматтар біледі.

Ақын көтерген мәселелерді Абай өлеңдерімен салыстырады.

Жақсы мен жаманды салыстыру арқылы ақын қолданған көркем сөз айшықтарын табады.

Тілдік мақсат:

парқы – айырмашылық, ерекшелік.

арзымас – бұл жерде түкке тұрмайтын деген мағынада

нақлиқат – үлгілі, ақыл сөзді деген мағынада

дүр – атақты, даңқты, мықты

мәміле – келісім, бітім

Талқылауға арналған тармақтар:

Ақын неліктен толғауына «Ілімге толса көкірек» деген атау берген?

«Ілім» сөзін қалай түсінесіңдер?

Құндылықтар:

Талаптылық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс:

Музыка. Терме, толғаулардың ерекшелігі.Толғау белгілі бір мақаммен, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындалады.

АКТ қолдану дағдылары

Майлықожаның термесін тыңдау

Алдыңғы оқу

7-сынып Сүйінбай Аронұлы

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы


1минут



Жағымды ахуал құру.

Мұғалім нұсқауы:

- Оқушылар, «Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!» әдісі арқылы жағымды ахуал қалыптастырып алайық. Сендерге 10-15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін сендер өз жұптарыңа, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіңе тілегенді жұптасыңа айтуың керек.




1 минут


Топқа біріктіру

Мұғалім нұсқауы:

- Оқушылар, тақырыпқа қатысты «Талап, білім, сабыр, парасат» сөздерінің қиындысы арқылы төрт топқа бірігеміз.



«Өрмекші торы» әдісі

8 минут


Өткен сабақ бойынша жұмыс

Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша жұмыс

Мұғалім нұсқауы:

- Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, мен қолымдағы жіпті сұрақ қойып, келесі оқушыға лақтырамын. Ол сұраққа жауап беріп, жіпті кез келген келесі оқушыға сұрақ қойып лақтырады. Солай жалғасып кете береді.

Сұрақтар:


  1. Шортанбай Қанайұлы кім?

  2. Шығармаларының тақырыптары қандай?

  3. Зар заман ақындары кімдер?

  4. «Зар заман ақындары» деген атауды кім берді?

  5. «Зар заман» өлеңінде патшаның отарлау саясаты қалай суреттелген?

  6. Ақын қандай жаңалықтарға қарсы?

  7. Өлеңдегі зар заманның белгілері қандай?

  8. Ш.Қанайұлы неліктен зар заман ақындарына жатады?

  9. Зар заман ақындарының ерекшелігі неде?

  10. «Зар заман» өлеңінде ақын неліктен өз заманына көңілі толмайды?

11.Неліктен ақын отарлау саясатының жаңалықтарына қарсы болды?

Дескриптор парақшасын толтырады

1.Дескриптор:

1. Өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

2. Өткен сабақ бойынша ашық, жабық сұрақтар қоя алады.






жіп

Ортасы



«Миға шабуыл» әдісі

3 минут


Жаңа тақырыпты ашу


Мұғалім нұсқауы:

- Оқушылар, қазір танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың мына әнін тыңдап көрейік.

Сұрақтар:

  1. Әнде не жайлы айтылған?

  2. Жаңа тақырыпқа қандай қатысы бар?




АКТ

Майлықожаның термесі

Таныстырылым

3 минут

Мұғалім нұсқауы:

Бүгінгі тақырыбымыз Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Ілімге толса көкірек» толғауымен оқулықтан танысып, мәнерлеп оқимыз.


оқулық

10 – минут


«Қар кесегі» әдісі


Жаңа тақырыпты игерту

Мұғалім нұсқауы: «Қар кесегі» әдісі арқылы 1,2 топ Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Ілімге толса көкірек» толғауын Абайдың «бес асыл ісімен» салыстырыңдар. 2,3 топ мүшелері жақсы мен жаманды салыстыру арқылы ақын қолданған көркем сөз айшықтарын табады. Ол үшін әрқайсысың бұл тапсырмаға жеке жауап бересіңдер. Кейін жұппен ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауаппен үйлестіресіңдер.

Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып бірігеді.

1,2 топтың тапсырмасы: Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Ілімге толса көкірек» толғауын Абайдың «бес асыл ісімен» салыстырыңдар.


«Бес асыл іс»

Майлықожа

Абай




3,4 топтың тапсырмасы: Жақсы мен жаманды салыстыру арқылы ақын қолданған көркем сөз айшықтарын табады.


«Жақсы адам»


«Жаман адам»

Ақын қолданған көркем сөз айшықтары






Сұрақтар:


  1. Майлықожа ақынның Абай өлеңімен қандай үндестігін байқадыңдар?

  2. Өлеңдерінде қандай мәселелер сөз болады?


  1. Жақсы адам мен жаман адамды салыстыру арқылы қандай көркем сөз айшықтарын айта аласыңдар.

Дескриптор парақшасын толтырады


  1. Дескриптор

1.Майлықожаның толғауын Абайдың «бес асыл ісімен» салыстырады.

2.Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады.

3.Толғаудағы жақсы мен жаманды салыстырады.

4. Ақын қолданған көркемдегіш құралдарды табады.


:












кесте


6 минут



Жаңа тақырыпты бекіту.

«Топтастыру» әдісі арқылы

Shape1

Майлықожа


Мұғалімнің нұсқауы:

Сұрақтар:

  1. Майлықожаның өмірі жайлы не білдіңдер?

  2. Қандай толғаулары бар? Толғауларын мазмұнына қарай қалай бөлуге болады?

  3. Майлықожа Сұлтанқожаұлы қандай ақындармен айтысқан?


Дескриптор парақшасын толтырады

3.Дескриптор:

1.Майлықожа ақынның өмірі мен шығармашылығынан білгендерін жинақтайды.


Дәптермен жұмыс

2 минут

Мұғалім нұсқауы:

  • Қазір сөздердің мағынасымен жұмыс жүргіземіз. Сөздердің мағынасын дәптерге жазамыз.


«Шындық па, жалған ба?» құралы

3 минут


Мұғалім нұсқауы:

  • Оқушылар, сендерге жаңа тақырып бойынша өздеріңді тексеруге «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» деген сұрақ қойылады. Егер сұрақ шындыққа сәйкес келсе, «шындық», сәйкес келмесе «жалған» дейсіздер.

Сұрақтар:

  1. Майлықожа ақын Сүйінбаймен айтысқан ба? Шындық

  2. Майлықожа ақын Сарыағаш ауданында дүниеге келген бе? Шындық

  3. Ақын орыс тілін жетік білген бе? Жалған

  4. Өлеңдерінде адамгершілік асыл қасиеттерді дәріптеді ме? Шындық


Дескриптор парақшасын толтырады

4.Дескриптор:

1. Ақын жайлы мағлұматтардың шын, жалғандығын ажырата алады.



Сабақтың соңы

«» кері байланысы

3 минут

Мұғалім нұсқауы:

Қызық болды

Бүгін мынаны түсіндім

Қиын болды.



Үйге тапсырма:

Өлеңде аттары аталған ұлы адамдар туралы біліп келіңдер


Дифференциация- (Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмаларды қоюды жоспарлап отырсыз?),

(Оқушыларға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?)


Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?



Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ Құндылықтармен байланыс


Өлеңді мәнерлеп немесе әуенмен айтуға ынталандырамын.

Тілдік дағдыларды дамыту мақсатында тірек сөздерді көрсету арқылы қолдау көрсетемін.


қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау, топтық жұмыс барысындағы бірін-бірі бағалау

Музыка

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау


Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту





№

Дескрипторлар

Ұпай саны

1.Дескриптор:

1.

Өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап бере алады.


2.

Өткен сабақ бойынша ашық, жабық сұрақтар қоя алады.


2. Дескриптор:

1.

.Майлықожаның толғауын Абайдың «бес асыл ісімен» салыстырады.


2.

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады.


3 Толғаудағы жақсы мен жаманды салыстырады.

4.

Ақын қолданған көркемдегіш құралдарды табады.



3.Дескриптор


1.

.Майлықожа ақынның өмірі мен шығармашылығынан білгендерін жинақтайды.


4.Дескриптор:

1.

Ақын жайлы мағлұматтардың шын, жалғандығын ажырата алады.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі