400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мамандық 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5-бөлім. Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтар

Мектеп: Еркінқала орта мектебі

Күні: 28.11.2019ж

Мұғалімніңаты-жөні:

Тілекова Әлия Жұмажанқызы

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мамандық

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

Т/А. 8.1.4.1. Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтай алады және көтерілген мәселеге байланысты көзқарасын білдіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтіннен негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселені талдап түсіндіреді. Тақырыпқа қатысты өз көзқарасын білдіріп, пікірін айта алады.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің мазмұнын түсінеді;

Мәтінде көтерілген мәселені талдайды;

Мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

Тақырыпқа қатысты өз көзқарасын білдіріп ой бөліседі;

Тілдік мақсат

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Сөздік қор, сөздік құрам, кірме сөздер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. «Мамандық – өмір таңдауы» дегенді қалай түсінесің?

  2. « XXI ғасырда ақыл-ой еңбегі дене еңбегін мүлде ысырып тастады» деген пікірмен келісесің бе? ойыңды дәлелде

  3. Жаман мамандық болмайды, ең бастысы, өз ісінің шебері болу керек» деген пікірмен келісесің бе?

Құндылықтарға баулу

Құрмет. Ынтымақтастық. Қазақстандық патриотизм менен азаматтық жауапкершілік

Пəнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, әдебиет, жаратылыстану пәндері

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Болашақ мамандықтар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

I Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Оқушыларды түгендеу

Оқушыларды үшке дейін санатып, рет санымен 3 топқа бөлемін

Тақтаға сандар ілінеді.әр топтан оқушы шығып сандарды суырады.Әр санда сұрақтар беріледі

1

2

3

4

5

6

7

8

9




  1. Мақалды жалғастыр. Еңбек етпей елге өкпелеме, (егін екпей жерге өкпелеме)

  2. Негізгі сөздік қорға қандай сөздер енеді? (қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері енеді)

  3. Мақалды жалғастыр,Еңбек – ырыстың бұлағы.(еңбек-бақыттың шырағы)

  4. «Мамандық» деген сөз латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (жұрт алдында сөйлеу, жариялау)

  5. Сөздік құрам дегеніміз не, оған қандай сөздер енеді? (Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы, оған халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын т.б танытатын барлық сөздер енеді)

  6. Болашақ мамандықтарға қандай мамандықтар жатады?

  7. Мақалды жалғастыр. Еңбек – адамның көркі, (Адам – заманның көркі)

  8. «Мамандық – өмір таңдауы» дегенді қалай түсінесің?

  9. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген пікірді айтқан кім? (Ж.Аймауытов)


Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.


Қазақ тілі оқулығы

Сабақтың ортасы

10 мин




10 мин





Тыңдалым-айтылым алды

«Сұранысқа ие 7 мамандықтар»

«Миға шабуыл» Бейнеролик көрсетіледі.

Сұранысқа ие мамандықтар

Тыңдалым-айтылым кезі

2-тапсырма ТЖ (топтық жұмыс)

Мәтінді мұқият тыңда. Тыңдалған мәтін бойынша ой бөлісіңдер.

«Фишбоун» әдісі.ТЖ

Берілген мәтіннен жойылу қаупі бар мамандықтардың ішінен негізгі ойды анықтап,көтерілген мәселені талдап,өз көзқарасын білдіреді.

Негізгі ой

Көтерілген мәселе








((а) Мәтінде қандай мәселелер көтеріледі? Ол мәселелер бойынша сіздің көзқарасыңыз қандай? (ә) Мәтіннің негізгі ойы қандай? )

Дескриптор: Білім алушы

- мәтіндегі мәселелерді талдайды;

- өз көзқарасын білдіреді;

- мәтіннің негізгі ойын анықтайды.




https://www.youtube.com/watch?v=MR9YRmq7bR4



Үнтаспа











Сабақтың соңы

7 мин













3 мин

Тыңдалым-айтылымнан кейін

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

3-тапсырма ТЖ. ЖЖ (топтық, жұптық жұмыс)

Болашақ мамандығыңды таңдауда кіммен ақылдасар едің? Көршіңмен сұхбаттас.

Дескриптор:

Айтылған пікірге қатысты өз ойын айтады;

Көршісімен сұхбаттасып, пікірін білдіреді

ҚБ: «Сыншыл дос» әдісі.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

(Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын.)

Кері байланыс. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта мені не ойландырды?
































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
729
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі