Материалдар / Ашық сабақ "Мамандыққа саяхат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Мамандыққа саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2020
306
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түркістан облысы

Шардара ауданы

«Қоссейіт»жалпы орта мектебі







Мамандыққа саяхат

/таңдау курсы/









Еңбек пәнінің мұғалімі:Сейтжаппаров П





























































































Бекітемін:

Мектеп директоры: С.Мошкалов

Бейіндік ісі бойынша орынбасар: Ү.Баянбаева

Әдіс бірлестік жетекшісі: Д.Абдирова













Жалпы орта білім беретін мектептің

Жаратылыстану бағыты бойынша

11сыныптар үшін (таңдау курсына) арналған

бағдарлама













Авторы: Сейтжаппаров П














Кіріспе


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің өркендеп дамуы үшін «2050 жылға арналған стратегиялық бағдарламасы» халық талдауына түсіп, еліміздің болашағына айқын-сара жолға бағыт-бағдар беріп отырғаны белгілі. Стратегиялық бағдарлама еліміздің болашағын жеті күрделі бөлімдерге бөліп, осы салада жастарға білім беру мәселесіне ерекше тоқталды. Аға буын салған қоғамды дамыту үшін жеріміздің кеңдігі, қазба-байлықтың молдығын пайдаланып, оны өндіріп-өңдеу, іске асыру үшін еліміздің тірек күші- жастары еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін, қоғамдық сұраныстарға жауап беретін кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына, мектеп табалдырығынан бастап өмір талабына сай кәсіптік бағыт бағдар беру, болашақ мамандығын дұрыс таңдауна педагогикалық қолдау жәрдемдесу керек.

Мамандық таңдау - жауапты да күрделі іс-әрекет. Кәсіп пен мамандық ұғымдарын қамтитын түрлі қызмет салалары өте көп. Тек кәсіптік техникалық оқу жүйесінің өзінде ғана 1500 - ден асатын кәсіптің түрі бар. Ал, жалпы қоғамдағы мамандықтың қазіргі кезде 30 мыңнан асады. Атақты ұстаз Ахмет Байтұрсынов; «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек»,-деп ұлы өсиет қалдырғаны белгілі.

ХХІ ғасырды білімділер ғасыры десек, ғылым мен білім саласында еңбек ететін жастарымыздың алдында үлкен жауапкершіліктер тұр. Демек, сол жастарға кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына бағдар беру – басты мақсатымызға айналуы керек. Осы мақсатты іске асыру барысында төмендегі бағдарлама құрастырылды.














Бағдарламаның негізгі мақсаты:

Оқушылардың мамандық таңдауға  деген қызығушылығын  арттыру, мамандық таңдаудың мағынасы мен мәнін  түсіндіре отырып өз бойындағы бейіндік қасиеттерімен ұштастырып өзін өзі  дұрыс анықтай білуіне,  және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын мамандықты таңдауға даярлау

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

- оқушы тұлғаны қалыптастыру және дамыту (соның ішінде қызығушылығы,

икемділіктерін, мінезін, тұлғаның моральдық сапасын және бағытын);

- икемділіктерді қалыптастыру және дамыту туралы әңгімелесу, белгілі бір кәсіпке

(мамандыққа) қарама қайшылықтар туралы түсіндіру;

- практика кезінде әрбір оқушы өздерінің кәсіптік қызығулары және

икемділіктерін тексеруге жағдай жасау;

- оқушыларды Республикадағы, аудандағы, қаладағы негізгі жұмыс түрлері мен

таныстыру;

- әрбір кәсіптің ауыл шаруашылығы және мәдениеті, кез келген кәсіпті

құрметтеуді, оқушыларды аудан, қала, Республиканың еңбек сіңірген

адамдарымен таныстыру;

- белгілі бір кәсіп және мамандық қоятын білім, іскерлік, дағдыны сипаттау, ауыл

шаруашылығы жұмыс үшін қандай ақыл ой, күш-жігерлік

тапсырмаларды және икемділіктер қажет екенін анықтау;

-таңдаған кәсібін және жүмыс барысында алда кездесетін қиындықтарды игеру

мүмкіндіктерін көрсету;

- еңбек жағдайы және сипаты, қоғамдық өзара қарым-қатынастар,

қызығулықтар және жұмысшылар жалақысы туралы ақпарат беріп отыру;


қазіргі кезде жаңа техника мен технологияның енуіне байланысты әр кәсіптің

еңбек жағдайы, сипаты өзгерулерімен таныстыру;

оқушыларды мамандық таңдауға сүрақтар бойынша консультациялар беру;

- бітірушілерді мектеп бітіргеннен соң да оқу және жұмыс нәтижелері

ақпаратын талдау және талқылау:












































Курс жүктемесінің көлемі:

9 -сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат

Күтілетін нәтиже: Кәсіптік бағдардың жүргізілуі, оқушылардың қазіргі кездегі сұранысқа сай еңбек етуі болып отыр. Ол мектеп қабырғасын бітірісімен белгілі мамандық алмаса да мамандыққа бағыт-бағдар алып шығуы қажет. Яғни, оқу орнына бармаған жағдайда жұмыссыздар санын көбейтпей өзінің кәсібін жасау. Ал оқу орнына барған жағдайда өзінің икемділігіне, қызығуына, қоғам қызығуына сай мамандықты дұрыс әрі, саналы таңдауы. Өмірде өз орнын табуына өте қажетті кәсіптік бағдар жұмыстары әлі де болса күрделі зерттеуді, оны жеке ғылым саласы ретінде қарастыруды талап етеді.





























Күнтізбелік-жоспар


р/с

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе


1

1

Мамандық таңдау міндеті. Кәсіби маман


1

2

Мамандықтың салаларымен танысу.

Кәсіби карьерадағы жетістіктер.


1

3

Жер шаруашылығындағы мамандықтар. Жергілікті жердегі мамандықтар.


1

4

Тамақ және жеңіл өнеркәсіптеріндегі кәсіби қызмет.


1

5

Сауда сферасындағы жұмысшылар.


1

6

Аппараттар мен құрылымдар, материалдарды пайдалану оларды құрастыру сыяқты техникалық бұйымдармен жұмыс істейтін мамандықтар.


1

7

Мал шаруашылығындағы мамандықтар. Жергілікті жердегі мамандықтар.


1

8


Еңбек объектісі тірі организмдер, жануарлар, өсімдектер, биологиялық процес.


1

9

Мамандық түрлерінің адам өміріне әсері. Мамандық типтері.


1

10

Кәсіби маңызды қасиеттерді дамытуда адамның мүмкіншілігі.


1

11

Келешек мамандықтары.


1

12

Мамандық стереотиптерін айыра білу.


1

13

Кейбір мамандықтардың ерекшеліктерімен спецификасы.


1

14

Мамандық өрісіндегі «еңбек» түсініктерін жоғарылату.


1

15

«Алыс» және «жақын» мақсаттарды қойып, оған жету жолдары.


1

16

Табысқа жету жолдарын саралап, ондағы «ұмтылыстың» маңыздылығын көрсету.


1

17

Мамандықтың «Адам – белгі жүйесі» саласына шолу, осы салада қажетті адам қасиеттеріне талдау жасау.


1

18

Мамандықтың «Адам – техника» саласына шолу, осы салада қажетті адам қасиеттеріне талдау жасау.


1

19

«Адам –адам» Мамандық түрлері, осы салада қажетті адам қасиеттеріне талдау жасау.


1

20

Әдеби - шығармашылық еңбек топтарындағы мамандықтар.


1

21

Белсенділік, шығармашылық таңдаған мамандығына қажетті қасиеттер.


1

22

МЕН концепциясы. Болашақ мамандығым.


1

23

Адамдармен қатынасу арқылы жүргізілетін жұмыс түрлері.


1

24

Коммуникативті ұйымдастырушылық қабілет.


1

25

«Алыс» және «жақын» мақсаты.


1

26

Мамандық иелерімен кездесу.


1

27

Диагностикалық сұхбат.

Өзін-өзі таны, басқалардың сезіміне сыйластықпен қара.


1

28

Өзін-өзі таны, өзгенің пікірін сыйла, өз құндылықтарын арттыр. Психологпен кездесу.



1

29

Алғашқы диагностикалық жұмыстар.

Өзін-өзі бағалау деңгейлері.


1

30

Қызығушылық картасы. Дифференциалдық сауалнама.


1

31

Кәсіптік дайындылық. Дифференциалдық сауалнама.

Сенің шығармашылық әлеуетін қандай?


1

32

Қызығушылық картасы. 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!