«Детский сад «Өрлеу» ЖШС
Ұйымдастырылған іс-әрекет: «Мамандықтар».
Тәрбиеші: Түсіпбекова А.А.
Семей қаласы
2025 – 2026 оқу жылы
Таңғы жиын.
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай берсін даламыз.
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Балалар, көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар: күн жылына бастайды, қар ериді, шөп шығады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, біз жеңіл киім киеміз.
Тәрбиеші: көктемнің алғашқы гүлін қалай атайды?
Балалар: Бәйшешек гүлі.
Тәрбиеші: Көктем туралы кім тақпақ біледі?
Аяна:Көктем келді далаға,
Көктем келді қалаға.
Бір – бірімен шуласып,
Келді міне шағала.
Айкөркем:Кун шуағын шашады,
Жауын да жауып алады.
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады.
Тәрбиеші: Көктем туралы кім мақал-мәтелдерді біледі?
Асылхан: Қысың қарлы болса
— жер семіз.
Көктемің жаңбырлы болса — дән егіз.
Нарұл:Көктемгі әрекет, күзгі берекет.
Айша: Көктемгі жауын көп
болса,
Көкпек шөбі мол болар.
Кімде жасыл шаршы болса, Алуа апаймен ғажайып затты құрастырасыңдар.
Кімде қызыл үшбұрыш болса, менімен бірге қызықты ойындарды ойнаймыз.
Сары шеңберді таңдағандар Гүлжан апаймен ертегі әлеміне саяхатқа барасыңдар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет.
«Мамандықтар»
2025 – 2026 оқу жылы, сәуір айы.
№ 1 «Балапан» ортаңғы тобы.
Тақырыбы: «Мамандықтар»
Мақсаты: Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру.
Міндеттері:
Білімділік: балаларға күнделікті кезігетін мамандық иелері туралы мағлұмат беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық: есте сақтау, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелілік: мамандық иелеріне, түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру, адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: мамандықтар туралы суреттер, түрлі-түсті қағаз, желім, түрлі-түсті қиылған пішіндер, құрылысқа арналған материалдар, Танграм ойыны, инелер, жіптер, құрылысшы бас киімі, руль, аспазшы киімі,
Сөздік жұмыс:
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай берсін даламыз.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Құрметпенен
сіздерге,
Бас иеміз
біз.
Ғажайып сәт: (желдің әуені қосылады, әуе шары топқа ұшіп келеді. Жіпте хат ілініп тұр.)
Балалар, қараңдаршы бізге әуе шарымен хат келіпті. Ашып көрейікпе?
Хатта:
Тәуелсіз мына заманда,
Сұраныс көп маманға.
Барлық маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға –деп жазылған екен. Ол дегеніміз балалар қай
мамандық иесі болсақта, барлық мамандықтың қоғамға пайдасы өте көп
екен.
Барысы:
Балалар, сендер мамандық туралы тақпақ, жұмбақ білесіңдерме?
А.Айша: (жұмбақ)
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (аспазшы)
Жалтылдап қалағы,
Салатын кім қаланы? (құрылысшы)
Айкөркем:
Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін? (тігінші)
Асылхан:
Түрлі – түрлі матаны,
Көйлек етіп жатады.
Барлық адам біледі,
Киім тіккіш апаны.
Айкөркем: Мен дәрігер боламын,
Бәрін емдеп жазамын.
Адамдарды құрметтеп,
Бәріне ем боламын.
Исмаил: Үлкен болып өскенде,
Аспаз болам атақты.
Әкем менен анама,
Пісіремін тамақты.
Заңғар: Елден алғыс алатын,
Өскен кезде ер болам.
Сәнді үйлер салатын,
Құрылысшы мен болам.
Н.Алихан: Мен суретші боламын,
Бәріңді де саламын.
Марапатқа ие болып,
Бірінші орын аламын
- Балалар әуе шары бізді саяхатқа шақырады, қане көрейікші қайда апарады екен? Әуе шары бізді пиццерияға алып келді.
«Пиццаны әшекейле» дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері: қиылған пішіндер арқылы балаларды түстер мен пішіндерді ажыратуға және пицца жасауға үйрету.
Саусақ жаттығуы:
Саусақтарым салалы,
Бәрін жасай алады.
Түрлі түсті қағазбен,
Ғажайыптар жасайды.
Сары түсім күн көзім,
Қызыл түсім таң нұры.
Жасыл түсім орманым,
Көк аспаным қорғаным.
Табиғатты қорғаймын,
Міне менің арманым.
Жақсы балалар, енді пиццамызды жапсыруға кірісейік.
Алдарыңда дайын түрлі-түсті пішіндер қиылған қағаздарды пиццаның негізгі бөлігіне жапсыру керек. Қылқаламға желімді жаға отырып, пиццаның үстіне пішіндерді орналастыру. (шұжық, қызанақ, ірімшік.)
Тақпақ:
Қызанақ пен шұжықты,
Дөңгелетіп кесемін.
Жұмсақ қамыр дайындап,
Ірімшікті төседім.
Қостым балғын қиярды,
Қаймақ жақтым бетіне.
Дәмді пицца пісірдім,
Туған күннің кешіне.
Дайын пиццаларымызды үстелдің үстіне қояйық. Жарайсыңдар!
Сергіту сәті:
«Toca toca» әуеніне жаттығу қимылдарын жасай отырып билеу.
Енді әуе шарымен саяхатымызды жалғастырайық.
«Танграм» дидактикалық ойыны.
Мақсат – міндеттері: әр түрлі пішіндерден үйді құрастыру.
Тақпақ:
Үйлеріне
қаланың,
Мен қызығып қарадым.
Мектеп, балабақшаны,
Әдемі етіп саламын.
- Жарайсыңдар, балалар!
Ал, енді әуе шарымен саяхатты жалғастырайық.
«Кім жылдам?» дидиактикалық ойыны.
Мақсат – міндеттері: балаларды әдемі ұлттық киімдерді тігуге үйрету.
«Желдің» әуені қосылады. Әуе шары ұшып кетеді.
- Балалар, біз енді балабақшаға немен қайтамыз?
- Көлікпен.
- көлікті кім жүргізеді?
- жүргізуші
«Жүргізуші» қимылды ойыны.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
Қорытынды:
Балалар бүгін біз іс-әрекетте не істедік? (ойындар ойнадық, жаттығу жасадық)
Қонаққа не келді?(әуе шары келді)
Әуе шары не әкелді? (хат әкелді)
Әуе шары сендерге рахмет айтады, сендер бүгін бәрің жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге.
Ал енді біз қонақтарымызды шығарып салайық. Сау болыңыздар!
Сюжетті – рөлдік ойын орталығы
Тақырыбы: «Жемістер» салаты.
Мақсаты: балаларға салат жасауды үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: жемістердің атауларын, түстерін қайталау, оларды пышақпен турауға үйрету.
Дамытушылық: ұсақ қол бұлшықеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу.
Кіріспе әңгіме:
-
Балалар, үстелдің үстінен не көріп тұрсыңдар?
-
Қалай ойлайсыңдар, біз бүгін не істейміз?
-
Дұрыс! Біз бүгін салат жасаймыз. Біз бүгін ең дәмді, әрі денсаулыққа пайдылы «Жемістер» салатын дайындаймыз.
-
Неге бұл салат денсаулыққа пайдалы деп ойлайсыңдар?
-
Ендеше тыңдап алыңдар, бұл салатқа адам ағзасына пайдалы алма, алмұрт, банан, апельсин салынады.
-
Мен сендерге алманың пайдасы туралы айтып берейін. Алмада темір дәрумені бар. Ол қан айналымы жүйесіне өте қажет. Сонымен қатар алма бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады.
-
Ал, енді салатымызға кірісеміз. (Дастарханда тұрған жемістердің атауларын айтқызу.)
Қауіпсіздік ережесін ескерту.
-
Біз пышақпен жұмыс жасайын деп отырмыз. Сол себептен абай болуымыз керек. Пышақпен ойнауға, бір – бірімізге сермеуге, жүзінен ұстауға болмайды.тек арнайы қолшығынан, сабынан ғана ұстаймыз. Жұмыс жасап болған соң, орнына қоямыз. (жүзі домаланған пышақты қолдану.)
Сергіту сәті: (әуенмен қимылдарды қайталау)
Жұмыс барысы:
-
Алжапқыштарымызды киеміз, ең алдымен алманы тураймыз. Тақтайшаға қоямыз, қолымызға пышақты дұрыстап ұстаймыз. Міне былай, бөлінген алманы көлденеңнен турап аламыз, енді осы турағанды ұзыншақ етіп тураймыз. Осы ұзыншақтарымызды енді кішкентай шаршылар етіп тураймыз.
-
Енді дәл осылай алмұртты тураймыз.
-
Енді банан мен апельсиннің қабығын ашып, тура осылай кішкене шаршылар етіп тураймыз.
-
Енді осы қоспалардың барлығын біріктіреміз де, оған тәтті қаймақты (йогурт) қосып, араластырамыз.
-
Енді қонаққа келген апайларымызға да ұсынайық.
-
Жұмыстарыңды аяқтасаңдар, қолдарыңды майлықпен сүртіп, қоқыс салғышқа татаңдар.
Қорытынды:
-
Бүгін біз не істедік?
-
Сендерге салат жасаған ұнады ма?
-
Біз салатқа не қостық?
-
Маған бүгін сендердің салат жасағандарын өте ұнады. Дәмін татып көргілерің келеме? Ауыз тиіп көріңдерші (балаларға жеке шай қасықтар ұсыну, жегізу).
Жұмыс барысында:
-
Балалармен әрекет бойы тақырып төңірегінде әңгімелесіп отыру.
-
«Жемістер» салатының құрамы туралы айта отыру. Бұл салатқа барлық жемістер қосып жасай беруге болады. Пайдалы әрі дәмді болып шығады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық сабақ мамандықтар

шағым қалдыра аласыз