400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ашық сабақ "МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ-ЖАҚСЫ, МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ-ҚАЖЕТ!"

Материал туралы қысқаша түсінік
мамандық туралы мәлімеи беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі-жақсы, мамандықтың бәрі-қажет!».

Мақсаты: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айырықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Білімділік: Мамандық түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Мамандықтар туралы балалардың білімдерін кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын ,ой-өрісін, шығармашылық қиялын дамыту. Адам өміріндегі іс-әрекеттің маңызын көрсету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп ,қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелілік: Әр түрлі мамандық түрлеріне және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға қызығушылықтарын арттыру,үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: маман, тігінші, дәрігер, аспазшы,ұста, етікші,мұғалім, т.б.

Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: мамандық иелерінің суреттері.

Қостілділік компонент: тігінші-портниха, дәрігер-врач, шаштараз-парихмакер, профессия-мамандық.

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушы

Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу.


Енді балалар бірбірімізге қарамақарсы тұрып, бірбірімізге қуаныш сыйлайықшы.

Үлкенге де Сіз

Кішіге де Сіз

Құрметпенен сіздерге

Бас иеміз біз.(Бас иеді).


Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де .

Қуанайық достарым ,

Арайлап атқан күнге.

Ұйымдастыру-іздестіру

1,2,3

Сынып іші тып – тыныш,

Жалқаулықты тастаймыз .

Сабақты біз бастаймыз, - деп бүгінгі сабағымызды бастайық. Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Біз саяхатшы Дарамен бірге саяхат сабағын өткіземіз. Жолымызда кездескен тапсырмаларды орындап, Дараға көмектесуге дайынсыңдар ма? Барлық кедергілерден өтсек Дараның сендерге дайындаған «тосын сыйы» бар.

Дараның 1 тапсырмасы: жұмбақтар шешу.


Мектептің жүрегі , білімнің тірегі. ( Мұғалім)

Сауықтырар сырқатты , жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. ( Тігінші)

Зымыранды ерттеген, ай жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)

Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

Дабылға тез жететін, жалынға сүнгіп кететін. (Өрт сөндіруші)

Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір.(Аспазшы)

Жалтылдап қалағы, салатын кім қаланы? (Құрлысшы)

Тұрады әркез сауда сатып, таразы, шотпен достасып.(Сатушы)

Ол көлікті тізгіндейді,жол жөнекей қасынан жолаушы бір үзілмейді. (Шофер)


-Иә, біз бүгін сендермен мамандықтар жайында әңгімелесеміз. Сендер «мамандық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген мектептерің , өздерің тұрып жатқан үйлерді салатын адамдарды, ауырып қалсақ емдейтін адамдар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар , бізге білім беретін адамдар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және тамақ пісіретін адамдар бар. Бұл адамдарды бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.

Дараның 2 тапсырмасы: Мамандық туралы тақпақтар.

Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, баланың.
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын.


Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Бөбектерді оқытар,

Мен мұғалім боламын.



Ар намысын сақтаған,
Жүректе сыр жақтаған.
Жан тәнімен сақтаған,
Ұшқыш болғым келеді.

Өте жақсы балалар .

Дараның 3 тапсырмасы: ойын

-Балалар қазір біз сендермен «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Бөлменің ішінде хат жасырылған. Сол хатты тез, жылдам іздеп табамыз.

Осы сәтте бөлмеге алаяқ түлкі кіріп балалардың хаттарын ұрламақшы болады. Балалар қараңдаршы алаяқ түлкі сендердің хаттарыңды ұрламақшы түлкіні қалай тоқтатамыз. «Алааяқ ұрлама,алааяқ ұрлама» деп балалар түлкіні тоқтатады. Түлкі «қап бәлем» деп қатып қалады. Балалар түлкіге біздің сабағымызда қалуға рұқсат берейік па?

Енді балалар тапқан хатымыздың сыртына қарайықшы не көріп тұрсындар. Ия , сандар математиканы біраз есімізге түсірейік. Сандар өсу ретімен тұра қалындар. 3,5,6 сандарының көршілерін табу. Жақсы балалар.

Енді хаттың ішінде тұрған кескін қағазды құрастырамыз.

-Балалар сендерде қандай мамандықтардың суреттері шықты ?

-Сендер сол мамандық туралы не білесіңдер?

Дараның 4 тапсырмасы:

«Балықшы» ойыны.
Шарты : берілген заттар қай маман иесіне қажет 

Сергіту сәті видеомен

Дараның 5 тапсырмасы: «Құрылысшы» ойыны.

Екі топқа әртүрлі тапсырма беріледі.

  1. Топ әртүрлі фигуралардан үй құрастырады.

Дараның 6 тапсырмасы: «Аспазшы» ойыны.

Шарты: Бір – бір баладан шығып бірінші оқушы компотты дайындайтын жемістерді жинайды. Екінші оқушы борщты дайындайтын көкеністерді жинайды.


Осымен балалар бүгінгі сабағымыз соңына жетті . Біз сендермен «Мамандықтар» еліне келдік . Суретке қарасаңдар мамандықтың түрлері өте көп екен. -Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды, көп ізденуді ,қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді.Мамандық иесі болып шығу үшін арнайы оқу орындарында дайындап оқытады. Сонда ғана өздерің қалаған мамандық иесі болып шыға аласыңдар.


Балалар тыныш отырады.


Дайынбыз.


Мұғалім


Дәрігер


Тігінші


Ғарышкер

(Шаштараз)



(Өрт сөндіруші)



Аспазшы



Құрылысшы



Сатушы



Шофер


Жұмбақтардың жауабын айтады.


Балалар мұқият тыңдайды.


- Балалар мамандықтар жайлы білетін тақпақтарын айтады.


Ойынды қызыға ойнайды.

Аспазшы,

Құрылысшы

Мұғалім

Сатушы


«Алааяқ ұрлама,алааяқ ұрлама» деп балалар түлкіні тоқтатады.


Ия

Сандар

Өсу ретімен жылдам тұра қалады.

Балалардың жауабы.

Ойынды қызығаойнайды.

«Балықшы» ойынын ойнайды

Сергіту сәтін жасайды.


«Құрылысшы» ойынын қызыға ойнайды.


«Аспазшы» ойынын қызыға ойнайды.


Рефлексивті-түзетушілік

-Дарада тапсырмаларды дұрыс орындағандарына өте риза.Сендерге әкелген сыйлығы бар.

Дараның әкелген сыйлығы Сандық. –Сандықта не бар деп ойлайсыңдар?

-Ал , қолдарыңды жәшік ішіне салып көріңдер.

-Не бар?

-Алақай не бар!

Тәтті шоколаттары бар екен.


Сабаққа кері байланыс:-Дараның тапсырмалары сендерге ұнады ма? -Әлде қиын, қызықсыз болды ма? -Не алдыңдар , не білдіңдер, не түйдіңдер өздеріне керекті?

Ұнаса Дараға біз де алғысымызды білдірейік.

Дараны құр жібермейік. Дараның тапсырмалары, сыйлығы ұнаса , жолдорбасына қызыл түсті гүл жапсырыңдар ал , ұнамаса сары түстіні жапсырыңдар.


Дарамен қоштасып сау бол деп рахмет айтайық. Қонаққа келіп тұр дейік.

. Балалардың жауабы.

Медальдар да бар дөңгелек пішінді, тіктөрт бұрыштысы да бар, шаршы пішіндісі де бар!

Қуанады сыйлықтарын алып. Балалардың жауабы


Дараға алғыстарын білдіреді.


Қоштасып сабақты аяқтайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Мамандық түрлерін білуі, құралдарын атай білуі керек.

Нені игеру керек: Суретке қарап , әңгіме құрауды.

Нені біледі: Үлкендердің , мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі