Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Мамандықтың жаманы жоқ,тек дұрысын таңдай біл

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатына пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы












«Мамандықтың жаманы жоқ,тек дұрысын таңдай біл»















Құнанбаев Қ.М


Сабақтың тақырыбы:

«Мамандықтың жаманы жоқ,тек дұрысын таңдай біл»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру,

әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындыру.

Білім мен тәрбиенің егіз екенін ,оның ауадай қажет екенін ,қазіргі өмірдің талабына сай қажетті мамандық түрлерімен танысу,мамандықтар туралы ақпарат беру.


Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке ,шыдамдылыққа тәрбиелеу,қиындықты жеңе білуге үйрету.


Көрнекі құралдар:

«Біз сүйетін мамандықтар»-буклет


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Мұғалім сөзі:


Қандай мамандық болмасын ,оның қыр-сырын жетік меңгеру қажет.

Қазіргі жағдайда барлық мамандық түрлері қажет.

Мысалы: Тіс дәрігері,жас бала дәрігері, мұғалім,инженер, құрылысшы,

информатик,агроном т.б мамандық иелері.

Тек жақсы маман болу үшін мектептен жақсы білім ,саналы тәрбие алу

қажет.Жастайынан әрбір адамның көкейінде жүрген арманы болады.

Соған жетуге талпыну ,ол үшін еңбек ету керек.


3.«Мені түсін ойыны»


Сынып оқушылары 6-топқа бөлінеді.Оқушылар алдын-ала дайындалған ,

Үй тапсырмасы берілген.

Яғни топ оқушылары көрініс көрсетеді.Қалған топ көріністің тақырыбын анықтау қажет.Көріністер мамандыққа қатысты көрсетіледі.

Қалған топ жауабын тауып отырады.

Жүргізуші нәтижесін қадағалап ,жауабын мұқият тыңдап жүреді.

Барлық топ көріністерін көрсетіп болған кезде ,сыныптың жеңімпаз тобы анықталады.


Сұрақ:


1.Мамандық таңдау жөнінде қандай ой-толғаныстарың бар?

2.Бұл мәселе қазіргі нарық экономикасына көшу үшін кезеңінде қандай

маңыз алмақ?


Білім –көптеген тосқауылдар мен қиындықтарды аман-есен өткізетін

сенімді құрал,және соның арқасында ешкімге тәуелді болмайсың.


Қазіргі заман талабына сай мамандықтар бірнеше топқа бөлінеді.


Банкир-банк иесі немесе банктің ірі акционері.Банк-қарыз беруші мен

қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын,сөйтіп ақша капиталымен

сауда жүргізетін мекеме.


Бизнес-бұл бір-бірімен өзара бәсекеге түсетін ,өз мүддесін ойлауға ұмтылатын ,өндіретін заттарды мен қызметін адамдарға ұсынатын ұйым.


Бизнесмен-дара адамдар.Бизнесмен болу үшін адамның өзіне ғана тән

қасиеттері болуы керек.Оны дараландыратын қасиет- арнайы қабілеті және

белсенді болуға бейімділігі.Ол сонымен қатар суреткер ,қиялы жақсы

дамыған адам болуы ,керемет модельді көз алдына жақсы келтіруі керек.


Агент-жеке адамның ,мекеменің немесе кәсіпорынның қызмет жөніндегі

тапсырмасын орындауға куәлік болған адам.


Менеджер-ойыншы.Менеджердің көбісі-жоғары білімді маман.Басқаларды жұмыс істеу тәсіліне үйретсе де,оларды әдетте ойыншы менеджер деп атайды.Менеджердің негізгі міндеті -жоспарлау,ұйымдастыру,басқару

және тексеру.


Нотариус-заң жайымен түрлі істерді атқарып отыратын ,шарттарды

өсиеттерді,сенім хаттарды және т.б. куәландыратын қызметкер.



4. Шағын шығарма жазу (15 мин)

«Болашақта кім болам?»


5.Сабақты қорытындылау:

Нені білдім?

Нені үйрендім?

Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Мұғалім қорытындылайды.

6.Үйге тапсырма беру.

« Біз сүйетін мамандықтар» буклет жасау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.01.2019
1021
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12