Материалдар / Ашық сабақ, мақала Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ, мақала Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақтарда оқушылар өз бетінше ізденіп , сын тұрғысынан ойлана отырып белсенділік танытты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
903
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Пәні:қазақ тілі Оқу ісінің меңгерушісі: А.Байсенгирова


Сабақ тақырбы: Қайталау – білім анасы

Мектеп: № 59

Күні: 15.11.2017ж.

Мұғалімніңаты-жөні: Арыстанова Н

СЫНЫП: 8а


Қатысқаноқушылар саны: 20


Қатыспағаноқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

Өткен сабақтарды пысықтау, тұрлаусыз мүшелерге жан жақтама тоқталу , мысалдар келтіріп талдау жұмысын жүргізу

Сабақтан күтілетін нәтиже


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Тұрлаусыз мүшелерді біледі

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Мысалдар келтіріп ой қозғайды, талдау жасайды

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Сөйлем арасынан тұрлаусыз мүшелерді тауып , ажыратады

Тілдік мақсат


Сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік


Ресурстар


Кеспе қағаз,стикер,маркер, флипчарт

Пәнаралық байланыс


Әдебиет, музыка

Алдыңғы оқу

Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың жоспары


Жоспарланғануақыт

Сабақтың барысы

Бағалау критерилері


І. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут



Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Шаттық шеңберін құру.

Жақсы тілектер айту

Бағалау парақшасымен жұмыс жүргізу








ІІ. кезең

25 минут




Оқушылар топтарға бірігеді:

1-топ : Сарапшылар тобы

2-топ :Пысықтауыш

3-топ:Анықтауыш

4-топ: Толықтауыш

1-тапсырма: Постермен жұмыс. Әр топ постер арқылы өз топ аттарын қорғайды

2-тапсырма:Топтарға екі сөйлемнен беріледі, сөйлем мүшесіне талдау жасайды

3-тапсырма: Топтарға өлең шумақтары беріледі ішінен тұрлаусыз мүшелерді теріп түсіндіреді.

Сергіту сәтін ұйымдастыру

Оқушылар жасырын түрде бірін-бірі суреттейді.

4-тапсырма: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша 100 кітап бөліміне байланысты ақын- жазушыларымыздың өлеңдеріне тоқтап, поэзиялық минут ұйымдастыру.

5-тапсырма: Семантикалық картамен жұмыс жүргізу










Топтық

Сабақты бекіту

8 минут





Оқушыларға бағалау парақшасы беріледі өз топтарын бағалап отырады.



Сарапшылар сабақты бекітеді. Өткен сабақтарды жалпы еске түсіріп , ойларын жинақтайды.


Топтық





ІІІ кезең

1 минут

Шығармашалыққа бейімдеуге, функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырма лар:

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар

Алдағы уақытта қандай тақырыптарға кеңінен тоқталғанды қалайсыңдар , ой бөлісу


Талдау жасау

Топтық

Қосымша мат-н жұмыс жасау


Бағалау

1 минут

Жауаптарға қарай бағаланады.


Кері байланыс

2минут


Стикерлерге өз ойларын жазады.



Рефлексия




Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

Оқушылардың топтық жұмысқа бейімділігі

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?





Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?



Әдіс – тәсілдерді түрлендіру арқылы оқушылардың қызығушылығын одан әрі дамыту








Picture 1


Picture 1

















Пәні:Әдебиет Оқу ісінің меңгерушісі: А.Байсенгирова


Сабақ тақырбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

Мектеп: № 59

Күні: 7.12.2017ж.

Мұғалімніңаты-жөні: Н.Арыстанова

СЫНЫП: 8ә


Қатысқаноқушылар саны:19


Қатыспағаноқушылар саны:0

Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра отырып, жаңа тақырыпқа кеңінен тоқталу, қосымша материалдармен білімдерін толықтыру

Сабақтан күтілетін нәтиже

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды, өз бетінше сұрақтар құрастырады

Оқушылардың кейбіреулерімынаныорындайалады:Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады



Ресурстар


Буклет,ноутбук,Плакат ,А4 парағы

Пәнаралық байланыс


Тарих,география

Алдыңғы оқу

Абай Құнанбаев өмірі , шығармашылығы

Сабақтың жоспары


Жоспарланғануақыт

Сабақтың барысы

Бағалау критерилері


І. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут



Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Шаттық шеңберін құру.

Есімдеріне сәйкес сын есімдер айту .

Мысалы: Гүлжахан –Гүлдей, Назерке –Назды, Аманжол- Ақылды т.б.

Оқушыларды топтарға біріктіремін.

Топ басшыларын сайлап , бағалау парақшаларын ұсынамын



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

10-минут




1-топ: Абай өміріне тоқталады .

Қашан? Қайда ? Қалай? Сұрақтарына жауап беру арқылы өміріне тоқталады


топтық

2-топ: Абайдың шығармашылығына тоқталады

«Поэзиялық минут» арқылы еңбектеріне тоқталады

топтық

3-топ: Абай Қара сөздеріне тоқталады

Қара сөздерінің тәрбиелік мәніне түсініктеме береді

топтық


Жаңа сабақ

15минут


Шәкәрім жайлы бейне –ролик көрсетіп сабағымды ашамын

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

1-топ. Қалқаман образын жасайды

2-топ. Мамыр образын жасайды

3-топ.Шәкірім өмірі, шығармашылығына тоқталады


Топтық

Сабақты бекіту

12- минут

Әр топ бір-біріне сұрақтар қойып сабақты бекітеді


топтық

Сол замандағы ел жағдайы жайлы әңгімелейді

жеке


Шынайы махаббат жайлы өз ойларымен бөліседі

жеке

Үйге тапсырма

2 минут

Абай мен Шәкәрім жайлы материалдар жинақтау

жеке



Қалқаман – Мамыр поэмасындағы салт –дәстүрлердің ерекшелігіне мән беру


Жеке


Бағалау

2 минут


Мақтап , марапаттап отырып бағалау


Кері байланыс

1минут

Өз ойларын стикерлерге жазады


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

Оқушылардың топтық жұмысты алып баруы, ынтымағы



Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?






Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?

Әдіс- тәсілдерді түрлендіру












































«№59 жалпы орта мектебі»

«Тәуелсіздік- қасиет тұнған ұлы ұғым» тақырыбында 15-желтоқсан күні мерекелік іс- шара болып өтті. Тәуелсіздігімізге 26 жыл толып еңселі, егемен ел болдық. Тәуелсіздік мерекесінде белсенділік танытқан 9-10-11- сынып оқушылары болды. Осы мереке қарсаңында мектебімізде атаулы сыныптар ашылып ел ағалары ат салысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша жұмыстар атқарылды.

«Жас қыран », «Жас ұлан »ұйымына қабылдау рәсімі болды. Мерекелік іс - шарада бүкіл мектеп , ауыл өз үлестерін қосып Тәуелсіздігіміздің мәңгі болуына тілек білдірді.





























































«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым »

Мақсаты:

1. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.

2.Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушы бойында саналы тәртіп,сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту.

3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Әнұран орындалады

Мерекелік іс-шараның ашылу барысы: «Желтоқсан оқиғасы» бейне ролик көрсету

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым» атты кешімізді бастаймыз.

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.



2-жүргізуші:

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізнтін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.

Сөз кезегін мектебіміздің басшыларына берсек

Қазіргі қазақстандық, ол кім? Табысқа қол жеткізу үшін, қандай қасиеттерге ие болуы керек? Қиын жағдайларда ол нені басшылыққа алады? Елбасымыздың «Блашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты мақаласына байланысты осы сұрақтарға «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жауап береді.

Жобада нақты мамандықтардың иелері, қазіргі Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан замандастарымыз көрсетілетін болады. Өз кезегінде бұл халықтың өз күшіне сенуінің және болашақта дамуға ынталандырудың қайнар көзіне айналады.

Сонымен қатар, «100 жаңа есім» бағдарламасы жас ұрпақ үшін бағдар болады. Жасына, жынысына, ұлтына және діни сеніміне қарамастан, осы адамдардың жетістіктерінің тарихы өмірге деген парасатты және ақиқат көзқарастың призмасына айналады.

Аталмыш бағдарламаның мынадай мақсаттары бар:

1.Қоғамға өз қолымен, ақылы мен талантының арқасында заманауи Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосып жүрген шынайы тұлғаларды көрсету

2.Біздің көрнекті замандастарымызға қолдау көрсету және дәріптеу үшін жаңа мультимедиялық ақпараттық алаң жасау

3.Жалпы ұлттық ғана емес, сондай-ақ өңірлік «100 жаңа есім» жобаларын жасау. Ұлтымыздың алтын қорын құрайтын тұлғаларды білуге тиіспіз. Осыған орай біздің мектебімізде Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, өзінен кейінгі жас өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру мақсатында осы мектептің іргесінің қалануында орасан зор үлкен үлес қосқан ел ағасы Бердімұратов Қабылқожа және зейнеткер аға буын, ауданның ардагер ұстазы Бакирхожаев Саттарқожа осы ағаларымыздың атынан атаулы сыныптар ашылуда. Сыныптар соңғы үлгідегі пәнге байланысты көрнекіліктермен толық жабдықталған. Бұл игі бастаманың балалар үшін тәрбиелік мәні орасан зор. Ағаларымызға мектеп ұжымы атынан алғысымызды білдіре отырып ортамызға сөзге шақырсақ.

1-жүргізуші:

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.

Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.



2-жүргізуші:

Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саяс атына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.

Осыдан он тоғыз жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.

«Жылдар сөйлейді»



1-жүргізуші: Желтоқсан айы...

Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.

«Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.

«Бейне ролик»



2-жүргізуші: Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Елім-ай» секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына айналып кетті.

Сонда да, ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырылып өтуі қақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігернлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішімдер. Одан кеін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт-сұрт айқасы.

Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып, ыңырсый құлаған қазақтың бозбалары...

Енді осы кезеңнен қысқаша көрінісімізді тамашалаңыздар

Көрініс. «Жастардың алаңға шығуы»

Дауыс: Естідіңдер ме?

Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сыйламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?



Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!



Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?



Дауыс: талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.

Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатаханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!

Әскери адамдар: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов» Первая рота за мной! Ура!

Алтынай: әй, туғандар! Жігіт болсаңдар бері қарай!

Қосылыңдар біздің қатарға!

Оқушылардың өлеңдеріне кезек береміз

Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Топты бастап шықты Ләззат алаңға,

Толған еді он алтыға не бары

Қахарман қыз ғажап қыз

Ұрандады Ләззат қыз

Біз қазақпыз, қазақпыз!

Өмір керек азапсыз,

Ел боламыз егемен,

Сонда ғана азатпыз.

Ләззаттың арнауы

Ақтық сөзің не? деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Қорлай да беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін,

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін.

Салт –санадан айырылып,

Арақтан ұрпақ азбасын

Қызғаныштан тозбасын

Қолдаушысыз болмасын.

Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңілі қалмасын

Би: «Алашұлы»

1-жүргізуші:

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!



2-жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға.

1-жүргізуші:

Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

2-жүргізуші:

Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың

Тұғырыңа қонуда сан қыраның.

Отан деген оранып от құшаққа,

Кәусарыңа шөліңді қандырамын.



Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым » атты іс-шарамызды аяқтаймыз



Ән: «Жаса Қазақстан»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!