жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Мақмұт Қашқари. "Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды" өлеңі
Жаңаөзен қаласы №11 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі Аязбаева Н.Х.
Сабақтың тақырыбы: Махмұт Қашқари. «Қордайдың аққу – қазы қаңқылдайды» өлеңі.
Күні: 20.10.2017ж.
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8 «А» сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақынның мақал – мәтелдерін оқыту оның мағынасын ұғындыру, «Қордайдың аққу – қазы қаңқылдайды» өлеңіне толықтай тоқталып түсінік беру.
1.Білімділік: Махмұт Қашқари өмірінен қысқаша мәлімет беру, өлеңдерін мәнерлеп түсініп оқуға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын молайту, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сыпайылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: Түсіндіру әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ – жауап әдісі.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих
Пайдаланылған әдебиет: Қазақ әдебиет оқулығы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушыллардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Махмұт Қашқаридың толық аты-жөні Махмұд ибн
Әл-Құсайын ибн Мұхаммед.
Ол
Қашқари Ыстықкөл маңайындағы
Барысхан қаласында Қашқарда
туып, ХІ ғасырда түркілерден шыққан
білімпаз тілші ғалым, әдебиет үлгілерін жинаушы
болған. Қарахандар ақ сүйектері ортасынан шыққан.
Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі
екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы),
кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім алып, әрі қарай
Бұхара мен Нишапурде жалғастырады. Осы қалаларда оқып жүрген
кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу,
түркі халықтарының менталитеті қызыктыра
бастайды. Махмұт Қашқари –Қашқари араб
тілін, грамматикасын жетік білген.
1070 жылдары, жинақтаған мол тәжірибесімен
байқағанын ол өзінің басты
еңбегі үш кітаптан тұратын «Түркі
сөздерінің жинағы» —
арабша
аталуы: "Диуани лұғати-ат-түрк"
жазған. Кітапта бүгінгі әдебиетімізге,
түркі тілі, тарихы, географиясы, тұрмыс – тіршілігіне қатысты құнды
мәліметтер мол.
Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген. Қашқари кітабын жазу үшін түркі қалалары мен даласын түгел аралап, әр жердің сөйлеу ерекшеліктерін зерттеген. Мақал – мәтелдерін, жырларын жинаған. Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған.
М.Қашқари жинаған түркі мақал – мәтелдерінен:
1. Бір – бірлеп мың болар, Тама – тама көл болар.
2. Екі қошқардың басы бір қазанда піспес.
3. Жалғыз қаздың үні шықпас. т.б.
ІІІ. Ең... ең... ең үздік жарысы.
Бүгін біздің жарысымыздың аты Ең... ең... ең үздік деп аталады. Сынып қатар бойынша 3 топқа бөлінеді. Бұл жарыс 3 айналымнан тұрады.
Бірінші айналым – жүйрік болсаң шауып көр,
екінші айналым – сырға толы сандар,
төртінші айналым – мықты болсаң тауып көр деп аталады.
Ендеше бірінші айналымның шартымен таныс болайық. Бұл айналымда әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Сол сұраққа аз уақыттың ішінде тезірек жауап берулеріңіз талап етіледі. Әр дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен бағаланады.
1 – топқа:
1. 1029 – 1039 жылдары аралығында дүниеге келген білімпаз тілші ғалым: (М.Қашқари)
2. Йассауидің ұстазы: (Арыстан баб)
3. Оғыздың ақылшы – кеңесшісі: (Ұлық – Түрік)
4. «Екі қошқардың басы бір қазанда піспес» мақалының мағынасы:
5. «Түркі сөздігінің жинағы» атты еңбекте қанша түркі тайпасының аты аталған: (29)
2 – топқа:
1. Әл Фараби қай жылдары өмір сүрді: (870 – 950)
2. М.Қашқаридің 260 –тан астам мақалының қаншасы қазіргі күнде де тілімізде ешбір өзгеріссіз қолданылып жүр: (60 – ы)
3. Түрік қағанатының негізін қалаған кім: (Бумын)
4. Жалғыз қаздың үні шықпас мақалының мағынасы:
5. «Диуани хикмет» кімнің еңбегі: (А.Йассауи)
3 – топқа:
1. М. Қашқари қайда дүниеге келген: (Ыстықкөл маңындағы Барысхан қаласы)
2. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі неше тараудан тұрады: (85 тарау)
3. Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған энцеклопедист ғалым: (М.Қашқари)
4. 1070 жылдары жазылған Қашқаридің еңбегі: (Түркі сөздерінің жинағы)
5. Йассауи қайда дүниеге келген: (Сайрамда)
ІІ айналым: сырға толы сандар
Бұл айналымда тақтада 5, 10, 15 баллдық сұрақтар ілінеді соны таңдап жауап береді. Бұл сұрақтар жұмбақтардан тұрады шешуін тауып, орыс ағылшын тілдеріне аударуларыңыз сұралады.
5. Шәкіртке жанашыр, Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз, учитель, тeacher)
5. Тілден ұшып құлаққа қонады. (сөз, слово, word)
5. Төрт қырлы өзі аппақ, тақтадағы ізі аппақ. (бор, мел,
10. Кішкене ғана тостаған, жер дүниені бастаған. (көз, глаза, еуе)
10. Аппақ ас сызы бар, балалар қызығар. ( балмұздақ, мороженое, ісе – сream)
10. Бір құдықтың екі алуан суа бар – ды, қайнатса оның суы мұз болады. (жұмыртқа, яйцо, еgg)
15. Жердің жүзін шарлайсың, онсыз еш жерге бармайсың. Көлікпен де жаяу да, саралайсың таңдайсың. (жол, дорога,)
15. Сырылдатады шәйнегін ұнатпаса да жұрт мейлі, тереземіздің әйнегін жуады, бірақ сүртпейді. ( жаңбыр, дождь, rain)
15. Егіз қайың бой – бастары тең өскен, іске дайын бұтақтары бес – бестен. (қол, рука, hands)
Келесі ІІІ айналым «Мықты болсаң тауып көр» деп аталады. Бұл айналымда әр топқа 5 мақалдан айтылады, мақалды толықтырып мағынасын ашуларыңыз сұралады.Әр дұрыс жауап 10 баллдық жүйемен бағаланады. Ендеше бастаймыз.
І – топқа:
1. Көзден алыстаса...(көңілден де алыстар)
2. Тең теңімен... (тезек қабымен)
3. Күлме досыңа... (келер басыңа)
4. Таста тамыр жоқ... (төреде тәңір жоқ)
5. Су анасы – бұлақ... (сөз иесі – құлақ)
ІІ – топқа:
1. Берекесізден...(құт қашар)
2. Жығылсаң... (нардан жығыл)
3. Еріншектің... (ертеңі бітпес)
4. Еңбегі аздың... (өнбегі аз)
5. Малым – жанымның садақасы, жаным - ... (арымның садақасы)
ІІІ – топқа:
1. Жасауы мол келіннің... (күйеуі жуас болар)
2. Оқу инемен... (құдық қазғандай)
3. Өз үйім... (өлең төсегім)
4. Ата көрген оқ жонар... (шеше көрген тон пішер.)
5. Ер шекіспей... (бекіспейді)
Осымен біздің 3 айналымнан тұратын ең... ең... ең үздік атты сайысымыздың шегіне жетіп қалдық. 1 – орын – 2 – орын – 3 – орын
IV. Сабақты қорыту:
А) Бағалау. Сабаққа жақсы қатысып белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.
Ә) Үйге тапсырма беру. М.Қашқари өмірін оқу түсінігін айту. «Қордайдың аққу – қазы қаңқылдайды» өлеңін жаттап келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген