жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Мақта қыз бен мысық"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, сахналау
Қажетті көрнекі құралдар: суреттер, атрибуттар, хрестоматия
Қостілділік компонент: мысық- кошка
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығу- шылығын ояту кезеңі
|
Балалар шеңбер бойына тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтады. Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Күндей күлімдеп, Судай таза көңілмен Бүгінгі күнімізді бастаймыз. |
Шеңбер бойына тұрып, тәрбиешімен бірге өлең сөздерін қайталады. |
|
Ұйымдас- тырушы- лық ізденіс кезеңі
|
- Балалар, бүгін біз оқу іс-әрекетінде алдымен «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып, одан кейін мазмұнын талдаймыз. Кәне, бәріміз жайғасып отырайық, ертегіні тыңдаңыздар. Ертегіні оқып беру. Сұрақ – жауап арқылы әңгімелеу. - Балалар, қандай кейіпкерлерді естеріңе сақтадыңдар? - Мақта қыздың қылығы сендерге ұнады ма? - Ол дұрыс істеді деп ойлайсыңдар ма? - Мысық жапырақ сұрап неге барды? - Мысық сиырдан не сұрады? - Қыздар мысықтан не сұрады? - Дүкенші мысыққа не берді? - Мысық сиырға не берді? - Мысық тауықтан не сұрады? - Тышқан мысыққа не берді? - Мысық ағашқа не берді? - Тауық мысыққа не берді? - Мысық қыздарға не берді? - Мысық ағашқа не берді? - Енді, балалар, ертегінің мазмұнын түсінген болсаңдар, кәне, кейіпкерлердің рөлін ойнап, сахналап көрейік. Балаларды рөлдерге бөліп, ертегіні сахналап, тамашалаймыз. Ертегіні талдау. - Балалар, сіздерге қай кейіпкер ұнады? - Ертегі ұнады ма? Сергіту сәті. Беті, қолын жуады, Тышқандарды қуады. Тазалықты сақтайды, Апам оны мақтайды. Дидактикалық ойын: «Төлдер қалай дыбыстайды?» ойны арқылы әр малдың төлдерінің қалай дыбыстайтынын айту. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан төлдердің қалай дыбысталуын қайталату. Балалар, төлдердің қалай дыбыстайтынын білмесе, өзім көмектесемін. Бірінші топпен айтқызып, кейін әр баламен жеке жұмыстанамын. |
Мақта қыз, мысық, тышқан, тауық, т.б. Ұнады
Ағаш Қатық Сағыз Сағыз Жапырақ Жұмыртқа Тары Су Жұмыртқа Сағыз Су
Ертегіні сахналау балаларға ұнады.
Сұрақтарға жауап берді
Өлең сөздерін қосылып, қайталады.
Ойынға белсене қатысты |
|
Іс-әрекетті бағалау кезеңі
|
- Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? - «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнын түсіндіңдер ме? Қорытындылау мақсатында балаларға бірнеше сұрақтар қойып, жауабын талдаймын. Сұраққа дұрыс жауап береген балаларды атап, мадақтаймын. |
Сұрақтарға өз беттерінше жауап беруге талпынды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ертегіні тыңдап, мазмұнын айта біледі
Қандай түсініктерді игерді: кейіпкерлерді атап, олардың рөлін сомдауды игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: төлдердің қалай дыбыстайтынын меңгерді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген