400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Марат Қабанбай "Бауыр" әңгімесі 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарым арқылы әріптестеріммен тәжірибе алмасқым келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы :

Отбасы құндылықтары

Мектеп :«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен»кмм

Күні : 19.03.2018ж

Мүғалімнің аты-жөні : Матжанова Салтанат Максетовна

Сынып: 5

Қатысқандар : 22 Қатыспағандар:2

Сабақтың тақырыбы : М.Қабанбай «Бауыр»

Оқу мақсаты

5Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.

Көпшілігі: Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын толық әрі жан-жақты ашады

Кейбірі: Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын жан-жақты ашады және өз ойын білдіреді.

Бағалау критерийі

  1. Шығармадағы кейіпкерлер портретін табады.

  2. Шығармадағы кейіпкерлер іс-әрекетін біледі

  3. Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.




Құндылықтарға баулу

Сабақ барысында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылығы- зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығы туралы сөз болады.



Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Алдыңғы білім

Шығарма мазмұнын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері


Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



«Ыстық алақан» арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.


Сабақтың ортасы

30 минут

1-тапсырма

«Шынжырлы велосипед» әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсіреді.

1.Балалар үйіндегі тәрбие жұмысы қалай ұйымдастырылған?

2.Қалидың тәлім-тәрбиесі қандай, ол немен әуестенеді?

3.Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сендерге қалай әсер етті? Кездесулерінің салқындығының сыры неде?

4. Манап ел жайында, әкесінің қазасы туралы айтқанда Қали неге жайбарақат қабылдады?

5. Қалидың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, арман-қиялдары қандай?

Қалыптастырушы бағалау «Үш шапалақ» әдісі

2-тапсырма

Кейіпкерлерге портреттік мінездеме бер

кейіпкерлер

Қали

Манап

Портреті



Іс-әрекеті



Портреттік мінездемені оқушы өз сөзімен және шығармадан дәлелдемелер,мысалдар ала отырып береді


Бағалау критерийі


ДЕСКРИПТОР


Шығармадағы кейіпкерлер портретін табады.


Кейіпкерлердің портретін біледі

Кейіпкерлердің портретін дұрыс әрі нақты біледі


Өзін-өзі бағалау

3-тапсырма

«Кейіпке ену» әдісі

Оқушылар мәтіннен кейіпкер таңдайды.Мәтіндегі кейіпкерлерді, оқиғаларды суреттеудегі,жазушы тіліндегі образды сөздерді теріп жазады.Оларды пайдалана отырып,кейіпкер бейнесіне еніп,шағын мәтін жазады.


Бағалау критерийі


ДЕСКРИПТОР

Кейіпкерлер іс-әрекетін біледі және шағын мәтін жазады


Образды сөздерді теріп жазады.

Кейіпкер бейнесіне еніп,мәтін жазады

Шағын мәтінді сауатты ,қатесіз жазады

Қалыптастырушы бағалау

«Көңіл-күй» букеті

4-тапсырма

«Попс формуласы» әдісімен «Бауыр» әңгімесін талқылайды.

*Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,әңгімедегі басты идея-... .»

*Екінші сөйлем: «Себебі,мен оны былай түсіндіремін...

*Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен ,мысалдармен дәлелдей аламын...»

*Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»


Бағалау критерийі


ДЕСКРИПТОР


Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды


Шығарманың идеясын анықтайды,себебін түсіндіреді


Идеяны нақтылауға қатысты әңгімеден 2 дәлел келтіреді

Ойды жүйелі жинақтайды,дәлел келтіреді.


Идея негізінде шығарманың тақырыбына қатысты өзіндік тұжырым жасайды.
























Қағаз қиындылары

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс «Тазалық» әдісі арқылы рефлексия жүргізу.






стикерлер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Көбірек көмек қажет ететін оқушы, орташа көмек қажет ететіндергі:

Бағалау




Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Сабақта «Шынжырлы велосипед», «Попс формуласын», «Талқылау кестесі» әдістерін қолданамын.

А. деңгейіндегі оқушылар шығармадағы кейіпкерлер портретін табады.Бұл оқушыларға қима қағаздар ұсыну арқылы қажеттілігін ескеремін.

В.деңгейіндегі оқушылар кейіпкерлерді салыстыра отырып,олардың іс-әрекетіне өзіндік пікір білдіреді.Бұл деңгейдегі оқушыларға тірек сөздер ұсынамын.

С.деңгейіндегі оқушылар өмірдегі шынайы кейіпкерлермен салыстыра отырып,өзіндік баға береді.Сұрақ қою арқылы жетелеймін.

Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай белгілі мақсатпен сараланып,қолдау керек ететін оқушыларға топта,жұпта қолдау көрсетілді.Барлық оқушының оқу мақсаттарына қол жеткізуіне саралау,сын тұрғысынан ойлау әдістерінің көмегі көп болды.

Оқушыларды ынталандыру және қалыптастырушы бағалауға жетелеу тапсырмаларын беремін, «Мұғалімнің қолпаштау сөздері», «үш шапалақ», «көңіл-күй букеті»дістерін қолданамын.

Сабақ барысында АКТ қолданылады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
2029
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі