Материалдар / Ашық сабақ. Матамен жұмыс істеу 3-сынып

Ашық сабақ. Матамен жұмыс істеу 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу. Тапсырмаларын тексеру, бағалау. 1. Инені кім сипаттап береді? 2. Иненің неше түрін білесіңдер? – Еңбекке ең керекті құрал-жабдықтарды атап беріңдер? – Балалар, мен сендерге осы құрал- жабдықтар туралы жұмбақ жасырып көрейін: Екі басы дөңгелек, Екі ұшы сүйір. Қиғанға үйір. (қайшы) Аңдығаны ине, Жүз көзі бар түйме. (оймақ) Қылдырықтай бір нәрсе иретілген, Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (ине-жіп) Гүлдері бар құлпырған, Кең жазықтан аумайды . Оған әркім ұмтылған, Киім киер оңтайлы. (мата)
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Білім беру ұйымының атауы



Пәні:

Еңбекке баулу Атамұра


Бөлім:

Өнер әлемінде


Педагогтің аты-жөні:



Күні:



Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

14 сабақ Матамен жұмыс істеу.


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

        1. аралас (қарапайым және күрделенген) тәсілдер арқылыматериалдарды өңдеу (өлшеу, белгілеу, қию, формасын жәнетүсін келтіру,жинақтау,модельдеу менқұрастыру);

3.2.2.2.шығармашылықжұмысжасаубарысындаұлттықэлементтердітиімдіқолдану;

        1. материалтүрлерініңқолдануаясынанықтау;

3.1.1.2.дәстүрлі және дәстүрлі емес материалдардың түрлерінсипаттау,айтыпберу

Сабақтың мақсаты

  • аралас (қарапайым және күрделенген) тәсілдер арқылы материалдарды өңдеу (өлшеу, белгілеу, қию)

формасын және түсін келтіру, жинақтау, модельдеу мен құрастыру, шығармашылық жұмыс жасау барысында ұлттық элементтерді тиімді қолдану арқылы әдіс-тәсілдермен матадан ұлттық қолөнер бұйымдарын жасайды;

қауіпсіздік техникасын сақтайды.


Құндылықтар және оның мақсаты.

Ай құндылығы: ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ. Әділдікке және жауапкершілікке тәрбиелеу



Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті



Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Ұйымдас

тыру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру



Жаңа білім












































Бекіту


































Кері байланыс

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу.

Тапсырмаларын тексеру, бағалау.


  1. Инені кім сипаттап береді?

  2. Иненің неше түрін білесіңдер?


  • Еңбекке ең керекті құрал-жабдықтарды атап беріңдер?

  • Балалар, мен сендерге осы құрал- жабдықтар туралы жұмбақ жасырып көрейін:


Екі басы дөңгелек, Екі ұшы сүйір.

Қиғанға үйір. (қайшы)


Аңдығаны ине,

Жүз көзі бар түйме. (оймақ)


Қылдырықтай бір нәрсе иретілген, Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (ине-жіп)


Гүлдері бар құлпырған,

Кең жазықтан аумайды

. Оған әркім ұмтылған,

Киім киер оңтайлы. (мата)

Өсімдіктерден талшық алынады. Алынған талшықтарды тазартып, айқастырады. Бір- біріне иіріп, одан жіп шығарады. Жіптерді тоқу арқылы мата жасайды. Матаны

өңдейді. Содан дайын мата болады.


Матаның пайда болуы

Мақсат қою:

Балалар, бүгін матамен жұмыс жасау сабағымен танысасыңдар.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Мақта жылы жақта өседі. Ол жылыны ұнататын өсімдік. Мақта Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсіріледі.

Мақташылар қыс айларында жинаған мақтаны өңдеп, олардың жарамды

тұқымдарын көктемде егу үшін сақтайды.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды қолға созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.

Жібек жіпті адам иірмейді, оны көбелектің дернәсілі иіреді.

Тұт жібек құрты тек тұт ағашының

жапырағымен қоректенеді. Қуыршаққа айналар алдында құрт жіңішке жіп шығарып, бүкіл денесін сол жіппен орап тастайды да қуыршаққа айналады.

Адамдар жібек қуыршағын тарқатып жібін орап, бірден тоқыма фабрикасына

жібереді.

Тапсырма:

Матадан дорба тігу.

  1. Үлгісін дайындау, пішу.

Ішіне не салатынымызға байланысты

дорбаның пішінін, өлшемін таңдап алу.

Қағазға сөмкенің өлшемімен тік

төртбұрыш сызып, оны қиып алып, үлгіні дайындау.

Матаны қабаттап бүктеп үстелге қойып, оның үстіне үлгіні орналастырып, түйреп бекіту. Матаның тұйық жағына дорбаның түбі (12 см) қабаттасатындай етіп үлгіні орналастыру.

Үлгіні айналдыра сызу.

Сызық бойынша түбін қию.

  1. Тігу.

Алдымен пішілген матаның ауыз жақ бөлігінің шетін 2 см шамасында ішіне қарай бүктеп, түйреп бекіту.

Матаның бүктелген бөлігінің шетінен

15 мм өлшеммен көктеп тігу. Келесі жағын да дәл солай жасау керек.

Дорбаның тігілген ауыз бөлігін оң бетімен біріктіріп, шеттерін теңестіріп түйреу.

Дорбаның екі жақ шетінен 5 мм қашықтықта жөрмеп тігу. Суретте көрсетілгендей дорбаны ауыз жағын айналдырып, бүктелген бөлігін төменгі жағынан тігу.

Дорбаны оң жақ бетіне аударып, жазамыз.

3. Бау тағу.

Ұзындығы 30 см 2 дана бау дайындап алу керек. Жіңішке дайын таспа немесе арнаулы бауды пайдаланумен қатар, жүн жіпті қабаттап жасауға болады.

Бауды түйреуішпен дорбаның аузынан өткізіп, екі жағын тең етіп тартып шығу керек.

4. Дорбаны сәндеу.

Оқушылардың жасаған жұмысын тексеріп, мадақтау.

Келесі сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қатты қатырма қағаз (картон), қайшы, жіп, әрлегіш, жапсырма қағаз.


«Қолшатыр» әдісі

Оқушыларға үш түрлі жаңбыр тамшылары таратылады (қызыл, сары, көк), бүгінгі сабақтатүсінген, үйренген, жасаған жұмыс нәтижесіне кері байланыс береді.

Көк тамшы– қызықты болды. Сары тамшы жақсы түсінбедім. Қызыл тамшы – іздену керек



Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.







Кезекші сабақта жоқ оқушыны айтады.









Оқушылар сабаққа құрал-жабдықтарын дайындайды.





Оқушылар бір-біріне материалдардың қасиетіне сәйкес келетін сипаттама айтады.






Сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтардың шешімін табады.






!

Оқу құрал-жабдықтарын күтіп ұстап, сынып бөлмесінің тазалығын сақтау керектігін біледі.






Жұмыс жасаған кезде, әр құралды қолданудың сақтық

ережелерін біледі.







Оқушылар берілген сұрақтарға сүйене отырып, рефлексия жасайды.




















Қадамдарға сүйене отырып дорба тігеді.



Сөйлемдерді толықтыру арқылы кері байланыс жасайды.


Жарайсыңдар!


Дескрипторы:


Жаңа тақырыпты меңгереді. Сұрақтарға жауап береді.

Мата, жіп түрлерін ажырата біледі.

Орындалған жұмысты талқылап бағалайды.


Сабақтың барысында оқушыларды ауызша, ҚБ арқылы мадақтап отыру






Дескрипторы:


Дәстүрлі емес қарапайым материалдарды қолдану саласын ажырады.

Дорба жасау жолдарын үйренеді.

Өлшеп, қиып, сызып, материалдар- мен жұмыс жасап үйренеді.














Жарайсыңдар! Пішіні дұрыс шықты!





Көңіл күй смайликтері.






Ауызша мадақтау арқылы бағалау: Жарайсың! Керемет!

Тамаша!







Дескрипторы.


Матаның неден

Жасалатынын біледі.

Матамен жұмыс жасауды үйренеді.

Сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманы талапқа сай орындайды.









Мақтау сөзімен

ынталандыру

  • Керемет!

  • Жарайсың!

Тамаша







Кері байланыс.


Материал түрлері: көрнекі құралдар, түрлі түсті қағаздар, қайшы,

сызғыш, қарындаш. мата, ине-жіп, желім түрлері










































































Кері байланыс.































































ЖИ арқылы жасау
05 Желтоқсан 2024
156
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі