жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Математика 1 сынып
|
Пәні: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3А бөлімі: Шамалар. Уақытта бағдарлану |
Мектеп: С.Сейфуллин |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні : Сынып: 1-« б»сынып |
Мұғалімнің есімі: Орман Г |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: Апта күндері. Ай |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.3.2 Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, апта, ай) түсінігі болу, уақыттың өлшем бірліктерін қолдану |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: уақытты бағдарлайды: минут, сағат, күн, апта, ай; циферблат бойынша сағаттағы уақытты анықтайды; Оқушылардың басым бөлігі: уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады. Кейбір оқушылар; олардың арасындағы өзара байланысты түсінеді |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Жетістік критерийлері |
Уақыт аралықтарын білу: минут, сағат, апта күндері, ай, апта күндерін атай алады. Уақыт аралықтарын біледі және уақытты бағдарлайды: (сағат, апта күндері, ай), шамалардың бірліктерін қолдана алады. Жыл мезгілдері мен айларының ауысуын атау, күнтізбені қалай пайдалануды және сағатпен уақытты анықтауды түсіндіреді. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: «Шама», «уақыт бірліктері» ,»минут», «сағат» , «апта күндері» , «ай» түсініктері қалыптасады.. Пәндік лексика және терминология: Ай, күнтізбе, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Үлкенді сыйлауға , бір-бірін құрметтеуге , тыңдаға тәрбиелеу. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Ресурстар: |
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер; Ай аттары жазылған парақшалар; Үстел күнтізбесі; Сағат; А4 пішінді қағаздар; Түрлі түсті маркерлер; |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Тірек сөздер |
Апта, ай, күнтізбе |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, көркем еңбек, сауат ашу. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
АҚТ қолдану дағдылары |
Теледидар, ноутбук. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Уақыт жөніндегі тұрмыстық түсініктер. Жыл мезгілдері, ай аттары, апта күндері жөніндегі білім. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 1 мин Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сабақтың ортасы 20 мин 2 минут Сабақтың соңы 20 мин Бағалау Кері байланыс 2минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Сабақ мақсатымен таныстыру. «Шеңбер» ойыны. Жеті оқушыны апта күндерінің ретімен тұрғызғаннан кейін сұрақтар қоямын. -Жексенбіден кейін қай күн келеді? Осылайша келесі аптаны тұрғызамын. Ойынды барлық топтар тұрып болғанша жалғастырамын. -Шын өмірде уақыт бір орында тұрмайды. Үнемі қозғалыста болады: тәуліктен кейін тәулік, аптадан кейін апта келетінін түсіндіремін. Топқа біріктіру: Күннің суреті арқылы топқа бөлемін. Әр күннің артында жыл мезгілдерінің суреті бар. Жыл атаулары бар топқа барып отырады. 1 топ «Күз» 1 топ «Қыс» 3 топ «Көктем» 4 топ «Жаз» Жаңа тақырыпты ашу. Жыл мезгілдеріне сипаттама беру. Ай аттары жазылған кеспе қағаздарды таратамын. Әр топ өзінің жылына сәйкес келетін ай атауларын рет – ретімен орналастырып қойып шығады. Мысалы: Күз айлары – қыркүйек, қазан, қараша. Қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпан. Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң , ай аттарын хормен айтқызамын. -Ай дегеніміз не? - Ай – 30 немесе 31тәулік (ақпанда – 28 немесе 29)бірдей ұзақтықты құрайтын уақыт аралығы екендігін хабарлаймын. - Күнтізбе – күндердің апта және ай бойынша жазылуы. Ары қарай оқулықта берілген иллюстрация бойынша сұрақтарға жауап беруді ұсынамын. «Еркін микрофон» әдісі -Бүгін қай күн және қай ай? - Келесі қай ай болады? - Өзің туған айды ата. - Барлық айлардың аттарын оқы. - Қыс, көктем, жаз, күз айларын ата. Ширату жаттығуы. «Қызыл гүлім-ай» «Кім жылдам» Күнтізбе бойынша анықта
Тапсырманы топта орындатамын. Күнтізбені пайдалана отырып, сәуір айында кездесетін демалыс күндерінің санын анықтатамын. Тапсырма нәтижесін топтар арасында жүргіземін. Әр топ өз жауаптары жазылған парақшаларын тақтаға ілінеді Шығарып көр. Тапсырманы жұпта орындатамын. Оқушылар айлардың атауы мен ретін атап, айлармен санаулары тиіс. 1.Арман 1 – ші қыркүйектен бастап санап, жаңа жылға дейін қанша ай қалғанын білмекші болды. Оған көмектесіп көрейік Жауабы: 4 айдан соң. 2. Қаңтардан кейін 5 ай өтті. Қазір қай ай болды? Жауабы: шілде. Күнтізбе бойынша анықтау. Тапсырманы топта орындатамын. Топтағы оқушылар өз топтарындағы балалардың туған күндері қай айда көп тойланатынын анықтайды. Кесте құрастырып, қай ай мерекелі ай екенін анықтайды.
Жаңаны ашу Сен білесің бе?
Күнтізбесіз айдағы күндер санын есте сақтау үшін, саусақтағы сүйектердің ретімен айларды санау тәсілін оқушыларға үйретемін. Санау кезінде алақаныңды жұмып, жұдырығыңды түйесің. Содан кейін солдан оңға қарай , сүйектерден бастап санайсың. Яғни, бірінші ай қаңтар - бұл айда 31 күн бар. Содан соң екінші ай ақпан – бұл айда 30күн , алайда бұл айда 28 немесе 29 тәулік болады. Осылай жалғасады. Жаңаны қолдану. Ай аттарын жаз. Жұмыс дәптерлерінде берілген тапсырманы оқушылар өз беттерінше орындайды. Күнтізбедегі ай аттарын сызықпен байланыстыра сызулары тиіс. Сұрақтарға жауап жаз. Берілген сұрақтарға өз беттерінше жауап жазады. -Қазір қай ай? (қаңтар) - Қай айларда 31 күн бар? (қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, тамыз, қазан, желтоқсан) - Қай айларда 30күн бар? (ақпан, сәуір, маусым, қыркүйек, қараша) - Сенің туған күнің қай айда? - Қай айда 28 немесе 29 күн бар? (ақпан
Оқып, үйренгендерін тексеру. «Ойлан тап» ойыны Жыл мезгілдеріне айларды сәйкестендіру. Дұрыс шапалақ, дұрыс емес аяқ топырлату.
Дұрыс жауапты қорша. Бір аптада неше күн бар? А) 8 күн Ә) 7 күн Б) 6 күн В) 5 күн Маусым айынан кейін қай ай келеді? А) тамыз Ә) қаңтар Б) наурыз В) шілде Наурызды қай айда тойлайды? А) сәуірде Ә) қаңтарда Б) наурызда В) мамырда 1 жылда неше ай бар? А) 22 ай Ә) 12 ай Б) 10 ай В) 9 ай 1 сағатта неше минут бар? А) 40 минут Ә) 30 минут Б) 50 минут В) 60 минут Сейсенбіден келесі сейсенбіге дейін қанша уақыт кетеді? А) 7 күн Ә) 6 күн Б) 1 күн В) 1 апта
Рефлексия. Әр оқушыға өзінің өзіндік жұмысын бағалауды ұсынамын. «Жеміс ағашы»
|
|
|||||||||||||||||||||||||||







Рефлексия
Бүгінгі сабақ жоспары бойынша сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Түрлі тапсырмалар арқылы білім алушылар уақыт аралықтары туралы (минут ,сағат, апта, ай) түсінік алып, уақыт өлшем бірліктерін қолдана алды. Ай аттары туралы терең мағлумат алды. Жыл мезгілдеріне қарай ай аттарынын ажыратуды үйренді.
Сабақ өте қызықты өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты.
«Шеңбер» ойыны арқылы білім алушылар алдыңғы білімдерін ортаға салды.
Бұл ойын өте қызықты болды. Топқа күншелер арқылы біріктірім. Жыл мезгілдері атауларымен топқа бірікті. «Еркін микрофон» әдісін пайдаланып жаңа сабақты аштым. Бұл әдіс өте тиімді болды. Оқушыларға қызықты болып, сабаққа деген қызығушылықтары артты.
Топтық тапсырма «Кім жылдам» ойыны арқылы жүзеге асты. Суретті кеспе қағаздар таратылды. Топ мүшелері бір-бірлерін тыңдап, өз ойларын ортаға салды. Тиімдісі, әр оқушының өз ойын айтуға мүмкіндік болды. С деңгейлі оқушылар да топтық тапсырманы орындау кезінде ынталары артты.
Үлестірмелі қағаздармен жұмыс жасалынды. Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушылар күнтізбе бойынша өз туылған күндерін анықтап , кестеге түсірді. Топта жұмыс өте қызықты орындалды. Топ мүшелері тапсырманы бірлесіп, ақылдасып, үйымшылдықпен орындап шықты. Топбасшы кесте арқылы қай айда мереке көп болатынын дауыстап оқып берді. Барлық топ тапсырманы қызығушылықпен орындады.
Өткен тақырыпты «Ойлан тап» тәсілі бойынша пысықтадым. Оқушыларды сөздерді шатастыру арқылы ойынға тарту. Дұрыс жауапқа шапалақ ұру, дұрыс емес жауапқа аяқтарын топырлату. Оқушылар көңілді көңіл - күймен жауап беріп отырды.
Білім алушыларды аймен ынталандырып бағалап отырдым. Толық ай, жарты ай, жаңа туған ай.
Кері байланысты «жеміс ағашы» арқылы жасадым. Жеміс, гүл, жапырақ.
Кері байланыс кезінде 3 оқушы жапырақты көтерді. Ол оқушылармен қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Уақытты тиімді пайдаландым.
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген