Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ математика 1 сынып Сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар циферблат бойынша уақытты анықтайды, уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат) ажыратады. Сағаттың көмегі арқылы іс-әрекеттің басталуы мен аяқталуы арасындағы уақыт аралығын өлшеуді /минутпен немесе сағатпен/ үйренеді. Секунд, минут, сағат – уақыт бірліктерінің ара қатынастарын біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Пән:математика

Күні:20.03.2018

Сынып: 1

25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні:А.М.Хансейтова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сағат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.5.циферблат бойынша уақытты анықтайды;

уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат) ажырата алады;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:циферблат бойынша уақытты анықтайды, уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат) ажыратады;

Көптеген оқушылар:сағаттың көмегі арқылы іс-әрекеттің басталуы мен аяқталуы арасындағы уақыт аралығын өлшеуді /минутпен немесе сағатпен/ үйренеді

Кейбір оқушылар: секунд, минут, сағат – уақыт бірліктерінің ара қатынастарын біледі.

Бағалау критерийлері

-уақытты анықтай алады;

- сағаттың көмегі арқылы іс-әрекеттің басталуы мен аяқталуы арасындағы уақыт аралығын өлшей алады

- уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат) ажыратады;

- сағаттың құрамын біледі

- сағаттың түрлерін ажыратады.

- уақыт бойынша іс-әрекет ұйымдастыра біледі

Тілдік мақсаттар

Сағат

Құндылықтарды дарыту

Өз уақытын үнемдей білу, уақытты бағалау

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, дүниетану, еңбекке баулу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтада көрсетілген таныстырылым материалдарын түсінеді, есінде сақтайды

Бастапқы білім


Минут - уақыт өлшем бірлігі , цифрларды,сағат түрлерін, күн тәртібін ұыймдастыруды біледі

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет




Ресурстар

Сабақтың басы


5 мин















1 мин



2 мин

Ынтымақтастық атмосфера орнатып, сабақтың тақырыбын ашу мақсатында

«Сағат тілімен достар» тренингін өткізу. (дайын сағат арқылы әр түрлі іс-әрекеттер жасайды)

1 - адамның қолын қысу

2 - арқасынан сипау

3 - күлімсіреп қарау

4 - қол бұлғау

5 –оң көзін қысу

6 – “Жарайсың”-деп басынан сипау

7 – қол шапалақтап қошемет көрсету

8 – массаж жасау (арқасына)

9 – дауыстап шақыру

10 – қол ұстасып секіру

11 – жақсы тілек айту

12 – төс қағыстыру

Ширату жаттығуы:

Жұмбақ

Қозғалмастан бір елі,

Түні бойы жүреді. (сағат)

Сағат деген не? / оқушылар өз ойларын айтады/


Сағат моделі,

Сабақтың ортасы
























































































1.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу








Сағат деген не?(Сағат - уақыт аралығы.

Сағат - уақытты өлшейтін құрал.)

Бағалау: «Үш қол шапалақ»

Сағатты үш тілде айтып көрейікші

2.Сұрақтарға жауап беру:

Сағатта неше

тілі бар?

Олар қалай аталады?

Қандай айырмашылығы бар?

Егер сағатың тоқтап қалса қалай уақытты білесің?

1-тапсырма

С уреттегі сағаттардың түрлерін ажырат.

Прямоугольник 1 Прямоугольник 2








Дескриптор:

Сағаттың құрамы және оның сипатына байланысты түрлерін ажыратады.

2-тапсырма/ топтық жұмыс/






Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр?

Барлық сағаттардағы тілдердің орналасуындағы ұқсастық пен айырмашылықты тап

/ Барлық сағатта минуттық тілдер 12 – ні көрсетіп тұр, ал сағаттық тілдер әртүрлі жағдайда орналасқан/

3. Ойын «Орындап көр»(ұ)

1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды шеңбер бойымен тұрған он екі оқушыға үлестіру. Ортаға тағы бір оқушыны шақыру. Ол шеңбердің ортасына тұрады, оған сағаттың тілдері беріледі. Сағаттың қысқа тілі қызыл түсті, ұзын тілі көк түсті. Орындарында отырған оқушылар кез келген уақытты айтады. Ал шеңбердің ортасында тұрған оқушы орнында тұрып, айтылған уақытты көрсетуі тиіс.

Дескриптор:

Сағат бойынша уақытты анықтады

Сағаттардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратты

4-тапсырма./ жұптық жұмыс/

Сағат моделін құрастыру

Сағаттың моделіндегі сағат тілдерін жылжыта отырып, мт ооооыналарды көрсет:

С ен бүгін нешеде ояндың?

Бірінші сабақ нешеде басталды?

Сүйікті телебағдарламаң сағат нешеде басталады?

Сағатта үш тіл бола ма?

1 сағатта неше минут, 1 минутта неше секунд бар?

Дескриптор:

Бөлшектер арқылы сағат моделін құрастырады

Уақытты анықтай алды.

Уақыт бірліктерінің ара қатынастарын білді.

5-тапсырма /жеке жұмыс/ Дәптермен жұмыс

Дескриптор:

Сағат тілдері арқылы уақытты анықтай алады;

Өз уақытын үнемдей біледі, уақытты бағалайды.

- электронды сағаты мен қол сағатты сәйкестендіріп,уақытты көрсете алды.

- сағаттың көмегі арқылы уақыт аралығын өлшей алады

- уақыт бойынша іс-әрекет ұйымдастыра біледі








Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір, /оңға иіледі/
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір /солға иіледі/,
Оң аяқ, сол аяқ /оң,сол аяғын көтереді/
Жаттығу оңай-ақ.




Оқулықпен жұмыс, 18-бет

Сағаттың моделі















АКТ/слайд/







Оқулық 18-бет












Цифр жазылған парақшалар және сағаттың тілдері

















Циферблат, сандар, сағат тілдері, сым













Дәптер, 12-14 -жұмыс парағы











Сабақтың соңы


Оқушылардың тақырыпты меңгеру дәрижесін тексеру мақсатында «Дұрыс- бұрыс» сауалнамасы жүргізіледі.

-Сағатта 1тілі бар / бұрыс/

- Сағат – бұл уақыт аралығы /дұрыс/

- 1 сағатта 30 минут /бұрыс/

- Минуттық тілі сағаттық тілінен ұзын /дұрыс/

- Астана қаласында күн сағаты орнатылған /дұрыс/

Кері байланыс. «Рақмет…» әдісі

Сабақтың соңында мұғалім әр оқушыға бір оқушыны таңдатып, ынтымақпен жұмыс жасаған балалар бір-біріне ілтипатын білдіріп, ынтымақтастықты түсіндіреді. Мұғалім мадақтау сөзінен кейін, ең аз мадақтау естіген балаға қошеметін білдіреді.

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі бойынша.

Сабақ соңында: оқушылар сағатқа қарап уақытты анықтауды, оны сағат тілдерімен көрсетуді үйренеді, сағат пен минут арасындағы қатынасты,т.б. біледі.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет

Қоюды

жоспарлап

 отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалды меңгеру деңгейінқалай тексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздіктехникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Сөзбен мадақтау

Бас бармақ әдісі





Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсендііс-әрекет түрлері.

Осысабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерініңтармақтары

























Сағат



































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
4047
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12