Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ. Математика негіздері. тақырыбы: "Қай жерде тұр?" Мектеп алды даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды «Қай жерде тұр?» деген сұраққа дұрыс жауап беруге, кеңістік қатынастарын анықтауға (жоғары – төмен, сол жақта-оң жақта, үстінде-астында,ортасында,арасында) үйрету,қағаз бетінде бағдарлау қабілетін ( үстінде, астында, сол жақта, оң жақта) қалыптастыру,оқулық бетіндегі белгілі бір суретті табуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар облысы. Екібастұз қаласы. №2 «Балдырған» бөбектер бақшасы

Тәрбиеші: Мусабаева Гульмира Копеевна





Ұйымдастырылған оқу қызметі

Тобы : Мектепалды даярлық топ

Өтпелі тақырып: Балабақша

Білім беру облысы: Таным

Бөлім : Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Қай жерде тұр?

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлауға үйрету.

Міндеттері: балаларды «Қай жерде тұр?» деген сұраққа дұрыс жауап беруге, кеңістік қатынастарын анықтауға (жоғары – төмен, сол жақта-оң жақта, үстінде-астында,ортасында,арасында) үйрету,қағаз бетінде бағдарлау қабілетін ( үстінде, астында, сол жақта, оң жақта) қалыптастыру,оқулық бетіндегі белгілі бір суретті табуға үйрету. балалардың есте сақтау қабілетін, кеңістікте ойлау қабілетін дамыту; ұқыптылыққа, қолындағы затты орнына қоюға тәрбиелеу.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың қызметі

Кіріспе бөлім

Балаларға шкаф сөрелерін реттеуді ұсынады.Шашылып жатқан ойыншықтарды үлгідегідей етіп орналастырып,әр заттың қай жерде орналасқанын суреттеп беру керек.

Балалар шкаф сөрелерін реттеу «жұмысына» кіріседі. Олар қай затты қай жерге қоятынын нақтылайды және заттың кеңістікте орналасқан орнын білдіретін сөздерді еске түсіреді.

Негізгі бөлім

Тәрбиеші тақтаға үш сөренің суретін салады немесе балалардың алдына үш сөре қояды. Заттарды сөрелерге үлгідегідей етіп қойып шығуды сұрайды. Ойыншық машинаны, допты,қуыршақты, аюды және т.б. қайда қоятындығын сұрайды.Балаларды жоғарыда,төменде,ортасында,сол жақта,оң жақта, арасында деген сөздерді қолдануға үйрету керек. Жапсырманың көмегімен дәптердегі осыған ұқсас 1-тапсырманы орындауды ұсынады.Балаларды жапсырманы жапсырмас бұрын заттың қай жерде орналасқанын айтып отыруға жетелейді.

-Кәне,доп қай жерде тұруы тиіс, қолмен көрсетіп берші? Сөредегі мына орынды қалай атаймыз? Ол ненің қасында тұр? Неден жоғары, неден төмен, қай заттардың ортасында тұр?Тағы басқа сұрақтар қою арқылы балаларды заттардың орналасқан орнын әртүрлі сөздермен сипаттауға жетелейміз.

Балаларға дәптердегі 2-тапсырманы орындау ұсынылады. Алдымен қолшатырдың дәптердің қай жерінде орналасқаны сұрайды: үстінде, астында, сол жақта,оң жақта. Қолшатырларды орналасқан жеріне қарай әртүрлі түспен бояу керек. Оларды қандай түспен бояйтынын табу үшін бағдаршаммен берілген тапсырманы «оқу» керек. Тәрбиеші сұрақ қояды: «Бағдарша қай жақты көрсетіп тұр?» Сол қолшатырды табыңдар. Оны қандай түспен бояймыз?


Балалар ойыншықтарды сөрелерге қояды






Балалар биринши тапсырманы орындайды.


Қолшатырдың қай жерде орналасқанын (үстінде, астында, сол жақта, оң жақта) айтады. 2-тапсырманы орындайды, қолшатырдың дәптердегі орнын суреттеп, оны бояйды.


Қорытынды бөлім

Сабақты қорытады. Балалардан «қай заттың қай жерде тұрғанын» айту үшін қандай сөздерді пайдаланғанын сұрайды. Балаларды мадақтайды. Сабақ соңында оқу құралдарын мұқият жинап қою керектігін түсіндіреді. Мынадай тапсырмаларды пайдалануға болады: «Алдымен астыңғы жағына дәптерді қойыңдар.Үстіне үлестірмелі материалдар салынған папканы, сол жағына қарындашты, т.б. қойыңдар».


Құралдарын тәрбиешінің айтуы бойынша жинайды.


Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: « Қай жерде тұр?» деген сұраққа жауап беру үшін: жоғарыда,төменде, сол жақта, оң жақта, ортасында деген сөздерді пайдалану керектігін.

Түсінеді: заттың кеңістіктегі орыны туралы түсінікті (жоғарыдан,төменде,сол жақта, оң жақта,ортасында).

Қолданады: қағаз бетінде бағдарлауды (жоғарыда, төменде, сол жақта,оң жақта, ортада),дәптердің бетінен белгілі бір суретті табуды.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
1058
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12