Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Математика негіздері Тақырыбы"Салыстыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы тәрбиешілермен өз ойымен бөлісу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Бөбек бөбекжайы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны





Picture 1

«Гүлдер»ортаңғы тобы

Тәрбиеші:Сатканова Асемгуль Губайдулловна













2020-2021 оқу жылы



Конспект

Күні:15.01.2021 ж.

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Математика негіздері»
Тақырыбы: «Салыстыру»
Мақсаты:  Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету. Балалар бойына достық, мейірімділік сезімін егу. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып, салыстыруды меңгерту. Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Сөздік жұмыс: ұзын-қысқа, үлкен-кіші,жоғарыда-төменде,көп-аз,қатты-жұмсақ.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, ойын, сергіту сәті. Ғажайып сәт.
Қажетті құрал жабдықтар көрнекіліктер: ойыншық қоян -1 дана, әр балаға сәбіздің суреті,бала санына қарай тәрелке,пішіндердің карточкалары.

Ойыншық аюлар,алашалар және ойынға арналған ойыншықтар.

Мотивициялық – қозғаушылық

Балалар сендер қандай әдемісіңдер, жыл мезгілі де әдемі, күнімізде әдемі күн шығып тұр. Қонақтар да әдемі. 


Тәрбиеші:Балалар бүгін біздерді туған күнге шақырды.Сендер барғыларын келеме?Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын сол жұмбақтың шешуін тапсандар туған күн иесімен танысамыз.

Жұмбақ

Қорыққанда жел аяқ,

Отырғанда томардай-ақ.  

Сәбіз жейді оңайяқ

(қоян)

Балалар: қоян

Тәрбиеші:Балалар біз қоянның туған күніне автобуспен баратын боламыз,ал автобуска міну үшін не қажет білесіңдер ме?

-Дұрыс айтасыз билет қажет.

Столдың үстінде биздерде билеттер орналасқан кәне барлығымыз жақындап бир билеттен аламыз.Билеттеріміз біздің ерекше ,олар неге ұқсайды?

-Ия,тамаша ,жарайсыңдар дұрыс айтасыңдар,олар пішіндерге ұқсайды.

Балалардың жауабы.

(жеке жұмыс:балалардан пішіндерді,түстерді қайталап шығу)

Музыка әуені естіледі.

Балалар өздерінің орындарына билеттерін салыстырып жайғасып отырады.

Келдік балалар,ендеше билеттерімізді столдың үстіне қоямыз,олар әлі бізге балабақшамызға қайтуға керек болады.

Тәрбиеші:Міне балалар біздер келдік туған күнге.Кәне балалар қарандаршы,біздер кімнің үйіне келдік?

Балалар:Қоян.

-Дұрыс айтасыңдар қоянжан екен бізді шақырған.

Осы кезде үстелдің үстіндегі ақырын қоян шығып, балалармен амандасады.

Қоян:Салеметсіңдерме балалар!

Бүгін барлығыңыз менің туған күніме келгендеріне қуаныштымын!

Балалар қоянды құттықтайды.

Тәрбиеші:Балалар қоян сізден көмек сурап тұр,көмектесесіңдер ме?

Балалар:Ия,көмектесеміз

Қоянжан аюды қонаққа шақырған екен,бірақ та дастархан әзірлеуге үлгірмей жатыр екен,кәне дастархан дайындауға көмектесеік.

Балалар қоян бізде немен қоректенеді?

-Сәбіз,морковь

Ал қоян жалғыз өзі сәбіздерді тарелкеге салуға үлгірмей жатыр.

Барлығымыз алдарымыздағы ыдыстағы сәбіздерді алып тәрелкеге саламыз.

Енді сәбіздерді салыстырайық

Тарелкеге нешеу сәбіз салдық,ал қалған сәбіз нешеу?

-Тамаша,жарайсындар,дұрыс айтасыңдар!

Сергіту сәті:

Бейнетаспаға назарларын аудару,қимыл-қозғалыстарын қайталату.


Балалар қарандаршы бізге туған күнге аюларымыз да келіп қалған екен.Балаларға аюдын түстерін,көлемімен таныстып шығу және өздеріне қайталату.

Коңыр аю- үлкен

Ақ аю -кішкентай


Тәрбиеші:Біздің аюларымыз Қоянға сыйлыққа әдемі алашалар әкелген екен.

Ақ аю қысқа алаша әкелді,ал қоңыр аю ұзын алаша әкелді.Балаларға қайталату.

Барлығымыз мұқият қарап қай аюлар қандай алаша алып келгенің айтып берейік.

Балалар тәрбиешіге орындап береді тапсырманы.


Дидактикалық ойын:

«Сиқырлы қапшық» 

Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. 
Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі,сипап сезу, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады. 

Тәрбиеші:

Балалар енді біздің балабақшамызға да қайтатын уақытымыз да келді.Кәне барлығымыз қоянмен және аюлармен қоштасайық.

Балалар қоянжан сізге үлкен рақмет айтып жатыр,көмек берген үшін.Қоянжан сізге тәттілер дайындап қойды,бірақ оларды біз топқа барғасын жейміз.Ендеше барлығымыз өзіміздің билеттерімізді алып,автобусқа отырайық.

Балалар топқа оралады.

-Балалар бүгін біздер кімнің туған күніне бардық?(Қоянның)

-Қандай көмек корсеттік қоянға?(сәбіздерді тарелкеге салдық)

-Аю сыйлыққа қоянға не алып келді?(алаша)

-Алашалрдың көлемі қандай?(алаша ұзын-қысқа)

Сұрақ-жауап арқылы оқу-қызметің қорытындылау.Балаларды мадақтау.

Сыйлықтарын тарату.

Қоштасу қонақтармен.


Picture 1




Picture 2





.



Picture 3



Picture 4













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2021
1127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12