Материалдар / Ашық сабақ математика пәні 4 сынып Миллиондар класы. Сандарды дөңгелектеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ математика пәні 4 сынып Миллиондар класы. Сандарды дөңгелектеу

Материал туралы қысқаша түсінік
1 000 000- ға дейінгі сандарды оқуды, санды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу ережесін түсіндіруді біледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2021
1927
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы:Айткожанова Асем Серикболовна

Алматы облысы,Қапшағай қаласы, «Орта мектеп -гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

Мұғалімнің аты-жөні:

А.Айткожанова

Пән/Сынып:

Математика, 4

Қай аптаның нешінші сабағы

І апта, 4-сабақ

Күні:

06.09.21

Тарау немесе бөлім атауы:

1(А)-БӨЛІМ КӨПТАҢБАЛЫ САНДАР НУМЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН АМАЛДАР ОРЫНДАУ

Сабақтың тақырыбы:

Миллиондар класы. Сандарды дөңгелектеу

Оқу мақсаты:

4.1.1.2 - көптаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру/ сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу

4.1.1.3 - көптаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктеу

Бағалау критерийі:

1 000 000- ға дейінгі сандарды оқуды, санды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу ережесін түсіндіруді біледі.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

5 минут

Ұйымдастыру

- Сәлеметсіз бе? Сіз білесіз бе?...

- Мына берілген мәліметерді оқыңыз, барлығын не біріктіріп тұр?

  • * Ғаламшарда өсімдіктердің 350 мыңға жуық түрлері өмір сүреді;

  • * С.И. Ожеговтың орыс тілі сөздігінің титулдық бетінде шамамен 57 000 сөз бар деп көрсетілген;

  • * 10 жасар балалардың салмағы шамамен 33 кг болады;

  • * Астанадан Алматыға баратын жолға сіздер шамамен 17 сағат жұмсайсыздар;

  • * 1 кг-да шамамен 7-8 алма бар;

* Күннің толықтай тұтылуын тамашалау үшін миллиондаған адам көшеге шықты.

- Барлық мәліметті нақты емес, жуықтап, шамалап, дөңгелектеп айтып тұр.

- Сандарды дөңгелектеу не үшін керек деп ойлайсыз? Осы сұраққа жауап аламыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Миллиондар класы. Сандарды дөңгелектеу

- Біз бүгін жүз миллион көлеміндегі көптаңбалы сандарды оқуды, жазуды, салыстыруды, берілген разрядқа дейін сандарды дөңгелектеуді үйренеміз


Не меңгеретінін білу үшін



Презентация № 1бет





Презентация № 2бет



Презентация № 3бет


Презентация № 4бет

20 минут

Жаңа сабақ

Есіңде сақта!

Миллион –(қысқаша — млн. итал. millione «үлкен мың») — натурал сан, бұл мыңдардың мыңы. 1 000 000 – алты нөлі бар бірлікпен жазылатын сан. Миллион – келесі кластың, яғни миллиондар класының жаңа есептеу бірлігі.


Есіңде сақта!

   Сандағы әрбір разрядта барлығы қанша бірлік барын анықтау үшін, алдыңғы разрядтардың бірліктерін ажырату керек.


Есіңде сақта!

Нақты дәлдік керек емес немесе мүмкін емес болғанда, сандарды дөңгелектейді. Ол қалай іске асады?

Санды қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектеу үшін осы разряд цифрының астын сызамыз. Енді асты сызылған цифрдан кейін тұрған барлық цифрларды нөлге ауыстырамыз. Егер нөлге ауыстырылатын цифрлардың біріншісі 0, 1, 2, 3 немесе 4 болса, онда асты сызылған цифрды өзгеріссіз қалдырамыз. Егер нөлге ауыстырылатын цифрлардың біріншісі 5, 6, 7, 8 немесе 9 болса, онда асты сызылған цифрды 1-ге арттырамыз. Жазғанда ирек теңдік ͌ қоямыз.

Жаңа тақырыпты меңгеру






Презентация № 5-7бет

10 минут



Тәжірибе

1-тапсырма Жүздік мыңға дейін дөңгелектеңіз:


1 351 427 ͌ 1 400 000 748 121 ͌ 700 000

Жүздік мың разряд астын сызамын

Одан кейін тұрған барлық цифрларды 0-ге ауыстырамын

0-ге ауыстыратын цифрлардың біріншісі 5-ке тең, сондықтан асты сызылған жүздік разрядты 1-ге арттырамын


Жүздік мыңдық разряд астын сызамын

Одан кейін тұрған барлық цифрларды 0-ге ауыстырамын

0-ге ауыстыратын цифрлардың біріншісі 4-ке тең, асты сызылған жүздік разрядты өзгеріссіз қалдырамын


2-тапсырма


А) Миллиондар класының 9 бірлігі, мыңдар класының 18 бірлігі және бірліктер класының 281 бірлігінен тұратын сан жазыңыз. Ондық мыңға дейін дөңгелектеңіз

9 018 281 ͌ 9 020 000

Ондық мың разряд астын сызамын

Одан кейін тұрған барлық цифрларды 0-ге ауыстырамын

0-ге ауыстыратын цифрлардың біріншісі 8-ге тең, сондықтан асты сызылған ондық мың разрядты 1-ге арттырамын


Ә) Мыңдар класының 912 бірлігі және бірліктер класының 9 бірлігінен тұратын сан жазыңыз. Жүздік мыңға дейін дөңгелектеңіз

912 009 ͌ 910 000

Жүздік мыңдық разряд астын сызамын

Одан кейін тұрған барлық цифрларды 0-ге ауыстырамын

0-ге ауыстыратын цифрлардың біріншісі 1-ге тең, асты сызылған жүздік мың разрядты өзгеріссіз қалдырамын

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру


Бағалау критерийлерін ұсыну


















1 000 000- ға дейінгі сандарды жаз

уды,



санды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу ережесін түсіндіруді біледі.




Презентация № 8 -11бет

10 минут



Бекіту

Өз тапсырмаңызды орындаңыз:

Менің жұмысымды тексеріңіз


  1. Әртүрлі 6 цифр ойлаңыз. 6 таңбалы сан құрастырыңыз. Ондық мыңға дейін дөңгелектеңіз


2. Өзіңіз тұратын қала немесе ауыл халқының санын анықтаңыз.

- Қала халқының санын жүз мыңдықтарға дейін дөңгелектеңіз.

- Ауыл тұрғындарын бір мыңдықтарға дейін дөңгелектеңіз.


Менің жұмысымды тексеріп бірге жұмыс жасағаныңызға рахмет. Ал сіз жұмысыңызбен өз мұғаліміңізбен бөлісіңіз...


Қорытындылау Мен .... қолдана аламын десеңіз «Бас бармақ» әдісі арқылы жұмысыңызды саралаңыз.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыз.

Тақырыпты меңгергенін анықтау


Бағалау критерийлерін ұсыну



Халық санын анықтап, санды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу ережесін қолданады





Презентация № 12-15 бет



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!