Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Математика пәнінен 1-сынып "Апта күндері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тексерілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


Сабақ: Математика

Уақыт өлшем бірліктері.

Апта күндері

_________________



Мектеп: «Жолдыбай негізгі мектебі»КММ

Күні: 01.02.2018жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Шамиганова Д.Г.

Сынып: 1

Қатысқандар:5


Қатыспағандар:

---------------------------



Сабақ негізделген оқу мақсаты

1.1.3.2 Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, апта, ай) түсінігі болу, Апта — уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастыру; практикалық тапсырмалардың көмегі­мен аптаның ұзақтығын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

Уақытты бағдарлайды және уақыт терминдерін түсінеді.

Бірқатар оқушылар үшін:

Аптада неше күн бар екенін, оларды қалай аталатынын және ретін біледі

Кейбір оқушылар үшін:

Апта күндерін айта алады.

Құндылықтарды дарыту

   Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары

   Слайд. видио

Тілдік құзыреттілік

Уақыт, сағат, минут, тәулік, апта


Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер


Талқылауға арналған сұрақтар:

-Балалар, уақыт деген не?

-Уақыттың қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?

-Апта күндері?

-Уақытты біз немен өлшейміз?

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығуларме қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы

1 мин











2 мин













2 мин













5 мин



































2 мин

І.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

Оқушылардын орындаған тапсырмаларына смайликтер таратылады сол арқылы мадақтаймын.



ІІ. Ауызша есептеу

«Шашу» дәстүрі

Бір сағатта неше минут бар?

Сағаттың үлкен тілі нені білдіреді?

Сағаттың кіші тілі нені білдіреді?

Минут деген не? Осы  уақыт ішінде не

істеуге  болады?

Сағат  деген  не?

Бір тәулікте неше сағат бар?

Уақыттың өлшем бірліктерін ата?


ІІІ. «Сөздер банкасы» әдісін пайдалану арқылы әр түрлі шамалардың өлшем бірліктері ішінен уақыт өлшем бірліктерін теріп екінші банкаға салады.


ІҮ. Жаңа ұғымды меңгерту

Сөздерді қазақ тіліне аударып, тек бірінші әріпті жазу керек.

Яблоко,    лук,    малина,    груша.
     А              П               Т             А

Қандай сөз шықты?
Апта 

Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Апта күндері»

Апта апай туралы түсінік беру. Ертеде Апта деген апай болыпты. Оның жеті баласы бар екен. Әр баланың өз қызметі бар. Әр баланың әдемі есімі бар. Апта апайдың балаларымен танысайық.

Апта апайдың Ең салмақты, ақылды үлкен ұлы Дүйсенбі,

Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі, Ақылды әрі көмекші үлкен қызы Сәрсенбі,

 Жауапты да ұқыпты ортаншы қызы Бейсенбі,

Бәрінен де кішкене Жұма қызы сүйікті,

Сауықшыл да көңілді кіші ұлы Сенбі,

Демалғанды сүйетін кенже ұлы Жексенбі.

Апта — 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. “Апта” сөзі парсы тілінен аударғанда “жеті” деген мағына береді. Оны күнделікті өмірде қолданады.

Видио көрсету

Ендеше біздің бүгінгі сабағымызға апта апайдың балалары қонаққа келіпті. Олар сендермен достасқысы келеді екен. Ол үшін апта күндерінің дайындаған қызықты сұрақтары мен тапсырмаларын орындауымыз керек екен.


1. Дүйсенбінің тапсырмасы:

Шапшаңдыққа арналған тапсырма: 1минут ішінде қанша есеп шығара алады?














Кәмпиттер



Уақыт өлшем бірліктері


Слайд



Банка









Слайд






















Видио












Таймер


Гүлдердің, көбелектердің суреті

Ортасы



5 мин






5 мин









1 минут










2 минут

2. Сейсенбінің тапсырмасы.

Жұптық жұмыс: «Топтастыру» ойыны. Ойын шарты бойынша балалар апта күндерін топтастырады және постерді қорғайды.


3.Сәрсенбінің тапсырмасы. «Асық ату» ойыны

«Ортадағы қаламсап» әдісі

1 асық: Әлия сәрсенбі күні 12 қазақ ертегісін, жұма күні 10 орыс ертегісін оқыды. Әлия барлығы қанша ертегі оқыды?

2 асық: Әлия жексенбі күні 22 ертегі оқыды. Бірнеше қазақ ертегісін және 10 орыс ертегісін оқыды. Ол неше қазақ ертегісін оқыды?





Ү.Сергіту сәті:

Дүйсенбіде кір жуып ,
Сейсенбіде еден сыпырып,
Сәрсенбіде нан пісіріп
Бейсенбіде доп ойнап,
Жұмада ыдыс жуып,
Сенбіде торт алып,
Жексенбіде достарды
Шақырып үйге,

Қонақ еттім оларды.


4. Бейсенбінің тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс



Апта күндері жазылған қиындылары


Асықтар














Соңы

3 мин











2 минут














3 минут





2 минут




2 минут

ҮІ. Сабақты бекіту

5. Жұманың тапсырмасы.

Қазақтың ұлттық тағамы – Наурыз көже

Теміржол бекетінен пойыз жолға шыққалы тұр. наурыз көжеге қажетті тағамдарды тиеуіміз қажет. Әрбір вагонға реттілігі бойынша апта күндерін орналастыр.



6. Сенбінің тапсырмасы.


«Галереяны шарлау» әдісі


«Апта күнін құрап ал,

Рет-ретімен тұра қал»

Оқушылар апта күндерінің реті бойынша бір қатарға тұра қалады.



ҮІІ. Сабақты қорыту.

7. Жексенбінің тапсырмасы.

«Ақсүйек» ойыны

Сүйектердің артындағы сұраққа мүдірмей жауап бер.

-Балалар, сонымен қорытынды шығаратын уақыт келді.

- Сабақта өмірге пайдалы не үйрендіңдер?

ҮІІІ. Жетістік баспалдығы




ІХ.Рефлексия

Егер, сендерге бүгінгі сабақ ұнаса шапалақтаймыз. Егер, ұнамаса аяғымызбен топырлатамыз.


Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар.

Прямоугольник 1

«Сәйкестендіру»

1 сәрсенбі

2 жұма

3 жексенбі

4 дүйсенбі

5 бейсенбі

6 сейсенбі

7 сенбі















Түрлі-түсті қағаздағы апта аттары










Сүйек суреттері



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12