жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық сабақ, математика, "Қиылысатын, перпендикуляр және параллель түзулер "
|
Бөлім: 6.3С Координаталық жазықтық |
Мектеп: №5омл |
|||||||||||
|
Мерзімі:26.02.21 |
Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенова А.С |
|||||||||||
|
Сынып: 6в |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қиылысатын, перпендикуляр және параллель түзулер |
|||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
6.3.2.1 параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу; 6.3.2.2 параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату; |
|||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар: - «қиылысатын түзулер», «параллель түзулер», «перпендикуляр түзулер» ұғымдарын білетін болады; параллель және перпендикуляр түзулер мен кесінділерді сала алатын болады; - сызбалар мен қоршаған ортадан параллель және перпендикуляр түзулерді таниды және таба алады. |
|||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
- «қиылысатын түзулер», «параллель түзулер», «перпендикуляр түзулер» ұғымдарын біледі және түсінеді; - осы ұғымдарды сызбалар мен қоршаған ортадан параллель және перпендикуляр түзулерді тануда, анықтауда қолданады; - торкөзі бар және торкөзі жоқ парақтарда параллель және перпендикуляр түзулерді салады |
|||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру. Достық, өзара түсіністік, жауапкершілік, академиялық адалдық. |
|||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар параллель және перпендикуляр түзулерді салу алгоритмдерін түсіндіріп айта алады.
Пәндік лексика мен терминология: - қиылысатын түзулер; - параллель түзулер; - перпендикуляр түзулер; - перпендикуляр; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - параллель түзулер салу үшін … - перпендикуляр түзулер салу үшін … |
|||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
геометрия |
|||||||||||
|
Бастапқы білім |
Тұйықталған, тұйықталмаған сызықтар |
|||||||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||
|
сабақтың басы 4 минут Сабақтың ортасы 3 минут 10 минут 6 минут 15 минут |
I.Ұйымдастыру Мақсаты: амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта қолайлы атмосфера үшін психологиялық ахуал тудыру. Әдіс: тұлғалық-жеке-коммуникативті әдіс, «коммуникативтік шабуыл» тәсілі. Мұғалім қызметі: сыныпта қолайлы жұмыс ортасын құруға ықпал етеді. Оқушы қызметі: мұғаліммен, сыныптастарымен амандасу, сабаққа зейін аудару. ІІ. Сабақтың тақырыбын экранда бейнеленген сурет арқылы табады. Оқушыларға сабақ кезеңдері бойынша өзін-өзі бағалау парағы ұсынылады.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру, оқушы экранда бейнеленген дұрыс жауаптар арқылы өзін-өзі тексереді. Әр дұрыс жауапқа 1ұпай қояды(барлығы 5ұпай) Бағалау: мұғалімнің ауызша мадақтауы. IV. Өткен сабақты қайталау мақсатында « quizizz» ойынын ойнау Ойынның кейбір сұрақтарына сипаттама: 1. Қандай түзулер параллель деп аталады? А) қиылыспайтын түзулер Б) қиылысатын түзулер В) кейде ғана қиылысатын түзулер 2. Қандай түзулер перпендикуляртүзулер деп аталады? А) сүйір бұрыш жасап қиылысатын түзулер Б) тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер В) доғал бұрыш жасап қиылысатын түзулер 3. Грек тілінен аударғанда «параллелос» сөзі қандай мағына береді? А) «сызық»; Б) «түзу»; В) «қатар жүруші» 4. Түзу сызық дегеніміз не? А) түзу – ол шексіз сызық Б) түзу – ол кесінді В) түзу – ол сызық 5. Грек тілінен аударғанда “перпендикулярис” сөзі қандай мағына береді? А) перпендикуляр түзулер Б) перпендикуляр кесінділер В) перпендикуляр
Оқушылар жауап берген әр жұмыс бойынша талдау жүргізу. V. Жеке жұмыс №1
№2
Бағалау критерийлері: 1. перпендикуляр түзулер ұғымын біледі; 2. перпендикуляр ұғымын біледі; 3. торкөзді парақта перпендикуляр түзулерді дұрыс салады
VІ. «Ойлан және жауап бер» ойыны Оқушылар ұяшықтарды таңдай отырып сұрақтарға жауап береді, есептерін шығарады, әр сұрақ қиындық деңгейіне байланысты сәйкесінше 1,2,3,4 ұпайлармен бағаланады. Оқушы дұрыс жауап берсе бағалау парағына өзінің алған ұпайын жазып отырады.
|
Слайд №1,2,3,4 Слайд №5 Слайд №6,7 https://quizizz.com/ слайд 9 |
||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 мин
|
VII. Рефлексия Мақсаты: өтілген сабақ бойынша кері байланыс алу Әдіс: "көңіл күй смайлігі"
Мұғалім қызметі: өз жауаптарын түсіндіріп айтуларын сұрау, сабақты қорытындылау. Оқушы қызметі: өз жұмысына баға береді, жауабын түсіндіріп айтады. |
|
||||||||||
|
Дифференциация Ойлан және жауап бер ойынында оқушылар өзгелердің жауап беруіне көмектесіп қосалқы сұрақтар қоя отырып сыныптастарының дұрыс жауап беруіне ықпал етті. |
Бағалау Өзін-өзі бағалау, өзгені бағалау орын алды |
Пәнаралық байланыс және АКТ қолдану дағдылары quizizz» ойынын геометрия пәнімен байланыс |
||||||||||
|
Жа | ||||||||||||











Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген