Материалдар / Ашық сабақ: "МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ." 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ." 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: "МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ." 5 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
1016
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА

ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ.

 

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай»

Сократ

 

Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.

Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті болып табылатын мәселелердің негізгісі – оқушылардың  әрқайсысының өзіндік  қабілетін, мінезін танып,  жетілдіріп, сол бағытта жеке тұлғаларды тәрбиелеу. Орта мектеп бағдарламасындағы пәндердің бірі – математика. Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін шыңдау ұстаздың басты міндеті. Математика сабағын жүргізгенде әр түрлі тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек. Білім беруді ізгілендіру, оқыту әдістерін жетілдіруді, дамыта оқыту әдістері мен  тәсілдерінің тиімді пайдалануын талап етеді.
Білімді меңгерту, біліктілікті қалыптастыру үрдісінде бақылаудың алатын орны ерекше. Бақылау - білім, біліктерін айқындау, есепке алу, бағалау, тексеру.
Егер берілетін білім мен оны меңгертудің арасында үйлесімділік болмаса, тиісті нәтижеге қол жету мүмкін емес. Білім берудегі шамаға лайықтылық тиісті кедергілер мен қиындықты жеңе отырып, меңгерілсе, ұғым – түсінік тиянақты болады. Жүйелі түрдегі әрекет мақсат еткен нәтижеге жеткізеді және одан шәкірт рухани қуат алып, ақыл - ой еңбегінің дағдысын қалыптастырады. Берілетін білімнің беріктігі шәкірттің шамасына лайықтылығы мен жүйелілігіне байланысты, оқушының көңілін әр нәрсеге алаңдата бермей, олардың зейінін нақты бір мәселеге тиянақты бағдарласа, математиканы игерту нәтижелі болмақ. Оқушыларды математиканы оқытуға қызықтырып тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу қажеттілігі, оқуға қызықтырудың басты шараларының бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру. Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
        
Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне де нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс. Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылық дербес қызметтерін алмастыратын, балалардың ұжыммен қарым - қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым - қатынаста педагог басты назарды достыққа, жолдастық қарым - қатынас, өзара түсіністікке көңіл аударады. Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын рөлінен туындайтын мазмұнмен сипатталады. Ойын оқушылардың қарым - қатынасын орнықтырады, бір - біріне сенімін, түсінігін арттырады. Ойын мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, сабақтың барысын өзгертіп жаңалықтар енгізіп отырсақ, оқушылардың білімге деген құштарлығы артары сөзсіз.

       Көрнекті педагог В.Ф.Сухомлинскийдің  «Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейде көтеріле алмас едім, шәкіртімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді» деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Қайсыбір оқушы болмасын одан осы пән туралы сөз қозғасаң, оны дұрыс түсіне алмай жүргенін, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады.  Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да бар. Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.  Математикалық ойындар сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болмасын, балаларды өзіне тартады. Мұның өзі мұғалім үшін өте қажетті жағдай. Мұғалімде әрбір ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс. Мұғалім де әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға қойылған сұрақ қысқа, түсінікті болуы шарт.       Ойын процесінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрін кезектестіріп отыруы керек, әйтседе бізде көбіне бағдарламаға байланысты бір сарынды оқыту әдетке айналған. Мысалы; үлестірме екі бөлініп, біреуінде сұрақ, екіншісінде басқа сұрақтың жауабы жазылады. Оқушылардың міндетті сұраққа жауапты дұрыс тауып, үлестірме қағазын дұрыс құрастыру. Егер тапсырма орындалса, үлестірме қағаздың екінші жағынан белгілі бір сурет немесе мақал - мәтел шығуы керек.

         Қорыта айтқанда, дидактикалық ойындардың математика сабақтарында атқаратын рөлі ерекше. Ол оқушылардың қызығушылығымен қатар, оқушыларды белсенділікке, тез ойлауға, ауызша есептеулерге, логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше маңызы зор. Сондықтан математика сабақтарында ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтер еді.

 

ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ?

1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8. Оқушылар үшін қауіпсіз.

9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!