жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Математика Уақыт.Уақыттың өлшем бірліктері 2 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Мектеп:Меркі ауданы №48 ЖББМ Бөлім: Сандар мен шамалар Бөлімше: 2В Шамалар және өлшем бірліктері. |
|||
|
Ортақ тақырып: |
Менің туған өлкем. |
|||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Слатаева Б.Е. |
|||
|
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Уақыт.Уақыттың өлшем бірліктері. Жылдың әр мезгіліндегі туған өлкемнің табиғаты. |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
2.1.3.4 ұзындық (см,дм,м) масса (кг,ц) уақыт (сағ,мин,ай,жыл) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру. 2.1.3.5.циферблат бойынша уақытты анықтау; сағат және минут |
|||
|
Сабақтың мақсаттары: |
-Циферблат бойынша уақытты анықтайды -Уақыт өлшем бірліктерінің арақатынасын ажыратады. - Жыл мезгілдерінің ерекшелігін сипаттайды,айлардың күнтізбесін құрастырады. |
|||
|
Бағалау критерийі |
-12 ге дейінгі сандарды рим цифрларымен таңбалайды және оқиды. -Шамалардың арақатынасын пайдалана отырып, атаулы сандарды салыстырады. - Өлшем бірліктерін өрнектейді -Уақытты анықтау үшін циферблатты қолданады. |
|||
|
Тілдік мақсаттар: |
Тірек сөздер: Жыл мезгілдері Пәнге тән лексика мен терминология: Ай күнтізбесі Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Ауызша-жазбаша Талқылауға арналған сұрақтар: Жыл мезгілдерін ата.Әр жыл мезгілінде неше ай бар? Көрсетілген өлшем бірліктерін қалай өрнектейміз? Сағат тілдері нені көрсетеді? |
|||
|
Құндылықтарды дарыту: |
Ынтымақтастық,жауапкершілік,сын тұрғысынан ойлау, құрмет. |
|||
|
Пәнаралық байланыстар: |
Дүниетану,жаратылыстану. |
|||
|
АКТ қолданудағы дағдылары: |
Жыл мезгіліне байланысты бейнекөріністен ақпараттар табады, талқылайды. |
|||
|
Бастапқы білім: |
Жыл мезгілдерін,шамалардың өлшем бірліктерін қолданады.12 ге дейінгі сандарды рим цифрлармен таңбалайды |
|||
|
Сабақ барысы: |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы:
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал Қоңыраудың сиқырлы Естіледі сыңғыры Достар, бері келіңдер Қолдарыңды беріңдер Шаттық толы шеңберге Қуанышпен еніңдер Толтырайық шаттыққа Дөңгеленген шеңберді Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер арқылы топқа бірігеді 1)Әр топ өзінің атауын қазақ,орыс, ағылшын тілінде айтады. Көктем-весна-spring Жаз-лета-summer Күз-осень-autumn Қыс-зима-winter Жыл әр мезгілдерінің ерекшелігі бейнекөрініс 2 Лездеме сұрақтар. -Жылдың неше баласы бар? -12 ай неге тең? -Әр мезгілде неше ай бар? -Уақытты не арқылы анықтауға болады? -Күнделіктегі жеті ағайын |
Шаттық шеңбер Интербелсенді тақта htths://youtu.be/udwp NIHMDu8 Суреттер |
||
|
Сабақтың ортасы: |
Топтық жұмыс. «Ойлан,топтас,бөліс!» әдісі арқылы 3)1 топ-12 ай аттарын рим цифрмен белгілеу және күн санын жазу. 2 топ-Жыл мезгілдерін және ай аттарын жазу. 3топ «Апта күндерін жазу» 4 топ Желтоқсан ,ақпан ай күнтізбесін құру. Постер қорғау Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам» әдісі Қызыл түс-түсінген жоқпын Сары түс-тағы да практиканы қажет ететін сұрақтар бар. Жасыл түс-барлығы түсінікті Жұптық жұмыс. «Кім жылдам» ойын әдісі. 2-тапсырма. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнектеп жауабын интербелсенді тақтадан тексереді. 1сағ 7 мин=___ мин 1сағ 15 мин=___мин 3апта=___күн 1жыл=___ай 1апта 2 күн=___күн 1жыл 3ай=___ай Дескриптор: 1 Уақыт өлшем бірліктерін өрнектейді. 2 Өрнектердің жауабын тексереді Жұптық бағалау Қалыптастырушы бағалау «Шаршылар» тәсілі арқылы жұмыстың түсінікті, нақты орындағанын анықтайды Жұптық бағалау, дәптеріне шаршының суретін салады, түстерге бояйды. Қызыл түс-түсінген жоқпын Сары түс-тағы да практиканы қажет ететін сұрақтар бар. Жасыл түс-барлығы түсінікті Топтық жұмыс. «Ойлан тап»ойын әдісі.
1-топ Бір егіс алқабынан барлығы 200ц, екіншісінен 300ц және үшіншісінен 500ц астық жиналды. Үш егіс алқабынан неше центнер астық жиналды? I егіс алқабынан-200ц II егіс алқаббынан-300ц III егіс алқабынан-500ц Үш егіс алқабы-? Шешуі: 200+300+500=1000(ц) Жауабы: үш егіс алқабынан1000 центнер астық жиналды. 2-топ Үш егіс алқабынан барлығы 1000ц астық жиналды.Бір егіс алқабынан 200ц,ал екіншісінен 300ц астық жиналды. Үшінші егіс алқабынан неше центнер астық жиналды? Үш егіс алқабы-1000ц I егіс алқабы-200ц II егіс алқабы-300ц III егіс алқабы-? Шешуі: 1000-(200+300)=500ц Жауабы: үшінші егіс алқабынан 500 центнер астық жиналды. 3-топ Үш егіс алқабынан барлығы 1000ц астық жиналды.Бір егіс алқабынан 500ц,ал екіншісінен 300ц астық жиналды. Үшінші егіс алқабынан неше центнер астық жиналды? Үш егіс алқабы-1000ц I егіс алқабы-300ц II егіс алқабы-500ц III егіс алқабы-? Шешуі: 1000-(300+500)=200ц Жауабы: үшінші егіс алқабында 200 центнер астық жиналды. 4-топ Үш егіс алқабынан барлығы 1000ц астық жиналды.Бір егіс алқабынан 200ц,ал екіншісінен 500ц астық жиналды. Үшінші егіс алқабынан неше центнер астық жиналды? Үш егіс алқабы-1000ц I егіс алқабы-200ц II егіс алқабы-500ц III егіс алқабы-? Шешуі: 1000-(200+500)=300ц Жауабы: үшінші егіс алқабында 300 центнер астық жиналды. А-3 форматта орындайды. Дескриптор: -Есепті талқылап сұрағын белгілейді -Кері есептер құрастырады -Есептің шешуін табады. Қалыптастырушы бағалау «2 жұлдыз,1 тілек» әдісі арқылы Топтарды бағалау үдерісінде оқушылар екі жұлдыз қояды және бір тілек айтады Екі жұлдыз= жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 жетістігі Бір тілек =жақсартуға ұсыныс береді. Жұптық жұмыс « Ғажайып сағат» әдісі Комбайыншының сағаты 5 минут алда. Егер оның сағатының «тілдері» төмендегідей орналасса, онда дұрыс жүретін сағаттың тілдерін орналастыр.
Қалыптастырушы бағалау «Пікір алмасу» әдісі арқылы Ортадағы стикерге бірі оң жағына келесі бала сол жағына ұсыныс айтады. Дескриптор: 1 Сағат тілдерін ажыратады 2 Циферблат бойынша уақытты анықтай алады. |
А3 форматындағы ватмандар, фламастерлер Интербелсенді Тақта Шаршы түрлі-түсті қарындаш Комбайндар суреті А3 форматындағы ватмандар, фламастерлер Сағаттың макеті Стикер |
||
|
Сабақтың соңы: |
Керібайланыс «БББ» арқылы кері байланыс жүргізіледі |
|
||
|
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||
|
Сабақты жоспарлауда саралап оқытудың тиімді болатынын түсіндім. Онда оқушылардың қажеттілігін ескере отырып,сабақтағы тапсырмалар сараланды. Білім алушылардың қажеттілігіне қарай саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша,қабілетті оқушылар сызба арқылы бір айдың күнтізбесін құрастырады.Саралап оқытудың «Тапсырма» тәсілі бойынша барлығына бірдей тапсырма беремін, ал қабілетті оқушылар өрнектің мәнін түсіндіріп айтады. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі бойынша білім алушылар ашық және жабық сұрақтарды қарастырады, тапсырма барысында көмек қажет болған жағдайда көмек, сөзбен қолдау көрсетемін, ынталандырамын.
|
Өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы бағаланады. «Ойлан,топтас,бөліс!»ойыны Қ.Б. «Бағдаршам» әдісі бойынша топтар бір-бірін тексеру Бағдаршам Қызыл түс-түсінген жоқпын Сары түс-тағы да практиканы қажет ететін сұрақтар бар. Жасыл түс-барлығы түсінікті «Кім жылдам» әдісі. Қ.Б«Шаршылар» тәсілі арқылы жұмыстың түсінікті, нақты орындағанын анықтайды Жұптық бағалау, дәптеріне шаршының суретін салады, түстерге бояйды. Қызыл түс-түсінген жоқпын Сары түс-тағы да практиканы қажет ететін сұрақтар бар. | |||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген