400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мәтінді есептерді шығару" 5 сынып математика

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәні ұстаздарына пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика пәні Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім: 5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» КММ

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты:

Сындирбаев Төлеген Төрегалиевич

Күні: 17.03.2025ж

Пәні: Математика

Сынып: 5 «А,Ә,Б,В,Е»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді есептерді шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.5.1.7 Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығару;

Сабақтың мақсаты:

Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, мәтіндік есеп шығару.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ басы

10 минут

Сәлемдесу, түгендеу. Күндеріне сәттілік тілеу.

«Шапалақ» әдісімен көңіл күйлерін көтеру.

Оқушыларды киіз үй әдісімен топқа бөлінеді.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару: Сәйкестік тесті.





Тек қана А жиынына тиісті


А және В жиындарының қиылысуы

А джәне В жиындарының бірігуі

Дұрыс шешімін көрсетеді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына таныстырады.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Мәтіндік есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Эйлер Венн диаграммасын қолданып, мәтіндік есептерді шығару.

Мұғаліммен амандасады.

«Сабаққа дайынмын» - бір шапалақ

«Сабақта белсенді боламын» - екі шапалақ

«Көңіл күйім өте жақсы» -үш шапалақ.


Киіз үй суреттерінен өз топтарын табады, бағалау парағын алады.

3 топқа бөлінеді.




Оқушылар Wordwall платформасындағы сәйкестікті табады.






Сабақ мақсатымен танысады.



Мадақтау сөздермен ынталандыру:

Жарайсыңдар!
















Heygen платформасы

Киіз үй суреттері

Бағалау парақтары










Wordwall платформасы








Презентация

Сабақтың ортасы

25 минут

1-тапсырма.

1-жұп

№1070- есеп

Сыныпта 17 ұл бала бар. Олардың 14-і бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады, 9-ы шахмат ойнағанды ұнатады. Бұл ойындарға сыныптағы барлық ұл балалар қатысады. Сыныптағы неше ұл бала бос уақытында футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнатады?


2-жұп

№1071

Бір аптада дүкеннен 19 адам теледидар сатып алды, 13 адам мұздатқыш сатып алды. Олардың 8-і мұздатқыш та, теледидар да сатып алды. Неше адам теледидар ғана сатып алды? Неше адам мұздатқыш қана сатып алды?


3-жұп

№1072

Бір топтағы туристтердің 10-ы қазақ тілін біледі, 8-і орыс тілін біледі, олардың 3-еуі қазақ тілін де, орыс тілін де біледі. Топта барлығы неше турист бар?

2-тапсырма

Есепті Эйлер-Венн диаграммасын пайдаланып шешіңіз:

№1. Фирмада 67 адам жұмыс жасайды. Олардың 47-сі ағылшын тілінде сөйлейді, 35-і неміс, 23-і екі тілде де сөйлей алады. Қанша адам ағылшын тілінде де, неміс тілінде де сөйлей алмайды?


№2. Сыныпта 40 оқушы бар. Олардың ішінде 31-сі сүтті, 21 –і лимонадты, ал 15-і сүтті де, лимонадты да жақсы көреді. Екі сусынды да ұнатпайтындардың саны?


№3 Сыныбымда 12 адам детектив, 18 адам фантастика,ал 3-еуі детективті де, фантастиканыда оқиды. Бір оқушы болса, мүлдем кітап оқымайды. Сыныпта барлығы неше адам бар?





3-тапсырма.

5 сынып оқушыларының арасында олардың нені: балмұздақ немесе шоколадты жақсы көретіні жөнінде сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі төмендегі суретте көрсетілген.


Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Сауалнамаға барлығы неше оқушы қатысты?

  2. Неше оқушы балмұздақты жақсы көреді?

  3. Неше оқушы шоколадты жақсы көреді?


«Кел, бірлесейік!» әдісімен бір-бірімен кеңеседі, жүптасып орындайды.

Жұпта отырған оқушылардың біреуі тапсырманың шешімін тақтаға жазады.

Жұптар бір-бірін бағалайды.

















Оқушылар «Ойлан, бірік, бөліс!» әдісімен топтасып орындайды.


Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді бағалайды.













«Байқап көр!» әдісімен өз бетінше орындайды.

Оқушылар Өзін –өзі бағалайды.













Дескриптор:

-есеп шартын қысқаша жазады;

-Эйлер-Венн дөңгелектерін сызып толтырады;

- жиындардың қиылысуын табады.


Жалпы -3 балл.

Дескриптор:

-қысқаша есеп шартын құрады;

Эйлер-Венн дөңгелектерін сызады;

-жиындардың бірігуін табады;

-жиындарға тиісті емес адам санын табады;/барлығын табады;

Жалпы - 4 балл.









Дескриптор:

- барлық оқушы санын табады;

- балмұздақты жақсы көретін оқушыларды табады;

- шоколадты жақсы көретін оқушыларды табады

Жалпы - 3 балл.















Оқулық Математика

5 сынып

Т.А.Алдамұратова






















Үлестірме қағаздар. Маркерлер. А3 қағаздары.
















Презентация,

үлестірме қағаздар




Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма беру. (1073)

Объектіні өз қалауларыңмен таңдап алып, 5.19-сурет бойынша есеп құрастырыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.


Кері байланыс. «Құнды пікір» әдісі

Бүгін не үйрендік?

Сен үшін не оңай болды?

Не қиын болды?


Назарға алған және белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау.

Үй жұмысын белгілеп алады.

Кері байланыс парағын толтырады. Балдарын жинақтап, өздерін бағалайды.

Бағалау.

1-10 баллдық жүйеге бағалау.


Оқулық,

Кері байланыс және бағалау парақтары






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі