жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Мәтінмен берілген есептерді пайыздың көмегімен шығару
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Пайыз. Күні: - Сынып: 5 |
Мектеп: Балқаш қаласы лингвистикалық бағыттағы №16 ЖББОМ Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Бақыт Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Мәтінмен берілген есептерді пайыздың көмегімен шығару |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.5.2.6 пайызға мәтіндік есептер шығару |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: берілген санның пайызын және берілген пайызы бойынша барысында таба алады. Көпшілігі: бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше мәтінмен берілген есептерді шығару барысында таба алады. Кейбіреуі: берілген бөлімнен алған білім және біліктерін практикалық мазмұнды есептер шығаруда қолданады. |
|
Бағалау критерийі |
-Берілген санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу алгоритмін біледі; - Пайызға берілген мәтіндік есептерді шығарады. |
|
Тілдік мақсаттар |
Оқытудың тілдік мақсаттары. Пайызға арналған мәтіндік есептерді талдайды және реттеп жазады. Пәндік лексика және терминдер: - пайыз, пайыздық қатынас, пайыздық арттыру, пайыздық кеміту , қарапайым пайыздық өсім, күрделі пайыздық өсім, концентрация. Диалогқа жазылымға қажетті сөз тіркестер: - пайызы бойынша санды табу үшін ... керек; - санның пайызын табу үшін... керек; - сандардың пайыздық қатынасын табу үшін ... керек. |
|
Құндылықтарға баулу |
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу бағыты бойынша табыстың тұрақты өсуінің, еңбек өнімділігінің артуының,өндіріс, білім мен ғылымның артуының пайыздық өлшемін анықтай алу қабылеттерін дамыту; Оқып білу дағдысы, ақпаратты өздігінен табу, жағдайды сараптау, жаңа жағдайларға қалыптасу, мәселе қойып және шешім қабылдай білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу |
|
Пәнаралық байланыс |
Химия,физика,информатика,география,биология т.с.с,яғни осы бөлімнен алған білімдері мен біліктері оқушыларға практикалық сипаттағы, сонымен қатар, экономика элементтерімен байланысты есептерді шешуге мүмкіндік береді. Жоғары сыныптарда оқушылар алған білімдерін химияда заттардың концентрациясына берілген есептер шешуде, физикада пайдалы әсер коэффициентін табуға және басқа да көптеген салаларда қолданады. |
|
Алдыңғы білім |
Пайыз ұғымын біледі; бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыра алады ;берілген санның пайызын және пайызы бойынша санды таба алады ;бір санның екінші санға пайыздық қатынасын таба алады. |
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин
Қызығушылықты ояту 10 мин «Домино»тәсілі
|
1.Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында оқушыларға төмендегі жаттығуларды ұсыну Ширату жаттығулары:(ауызша)w №1.Пайызын табыңыз: a) 30, 125, 310 сандарының 10 %-ын; b) 16, 72, 400 сандарының 50 %-ын; c) 28, 68, 360 сандарының 25 %-ын; Дескриптор: Білім алушы - өрнекті құрайды; - берілген санның пайызын анықтайды. №2.Пайызы бойынша санды (100 %-ын) табыңыз: a) 3 %-ы 12; 21; 36; b) 10 %-ы 0,4; 9,25; 28; c) 60 %-ы 42; 84; 114. Дескриптор: Білім алушы - өрнекті құрайды; - берілген пайызы бойынша санды табады. |
Дескриптор
|
Сәйкестендіру карточкалары |
Сабақтың ортасы 15 минут Мағынаны тану «Ойлан,жұптас,бөліс»
«Алгоритм»тәсілі
12 мин |
2.Білімді өзектендіруG Мақсаты:Оқушыларға, сұрақтарды түрлендіріп қоя отырып,нәтижеге өз беттерінше жете алу дағдыларын қалыптастыру №. Заттың бағасы 760 тг: а) егер заттың бағасы 15 %-ға қымбаттаса, оның қымбаттатылған бағасы неше теңге? б) егер заттың бағасы 30 %-ға арзандатылса, оның арзандатылған бағасы неше теңге? Дескриптор: Білім алушы - мәтін есептің шартын жазады; - санның пайызын табады. №.Екі дүкендегі бағалар бірдей болған. Бір дүкенде бағаларды алдымен 40%-ға төмендетті, содан кейін 40%-ға арттырды. Екінші дүкенде – алдымен 50%-ға арттырды, бірақ содан кейін 50%-ға кемітті. Осы дүкендердегі бағалар бастапқы бағалармен салыстырғанда қалай өзгерді? Дескриптор: Білім алушы - қысқаша берілгенін жазады; - өрнектерді жазады; - есептеулерді жүргізеді; - салыстырады; - есептің жауабын табады. №.Мыс пен қалайының қорытпасынан тұратын екі кесек құйма бар.Бірінші құймада 40%,екіншісінде 32% мыс бар.Осы құймаларды бірге балқытып,құрамында 35% мысы бар 8кг қорытпа алу үшін олардың салмағы қандай болуы керек? Дескриптор: Білім алушы - есептің шартын жазады; -белгісіз шаманы жазады; - теңдеу құрады; - есептеулерді жүргізеді; -жауабын жазады.
3.Шығармашылық тапсырма I №.Банкке 7% жылдық өсіммен 1 800 000 теңге салынды.Банкке салынған ақша 2 жылдан соң,егер а) жай өсіммен салынса неше теңге болады? б) күрделі өсіммен салынса неше теңге болады? |
Дескриптор
дескриптор
|
Бағалау парағы
Бағалау парағы
Кесте
|
Сабақтың соңы 3 минут
Бағалау |
Қазіргі кезде тек банк жүйесі емес, басқа да жүйелерде проценттік есептеулер қажет.мысалы өндірістік өнімін, оқушылардың оқу сапаларын, бағаның өсуі мен кемуін т.б.Ендеше Бүгінгі
алған білімімді әрқашан қолдана аламын
десең... Бүгінгі
алған білімім әлі де жеткіліксіз
десең... Маған
бәрі түсініксіз десең...
|
Интерактивті тақта
|
стикер |
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау |
Барынша қолдау көрсету. Талқылау мен өз бетімен оқу арқылы топ, жұп ішінде жұмыс жасау. Диалог және қолдау көрсету»тәсілі арқылы тапсырмаларды іріктеу, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеу. Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезінде қолдану. |
«Кері байланыс» әдістері «Екі жұлдыз, бір тілек», «стикер» мен мадақтау сөздер |
Интерактивті тақтаны пайдалану уақытын реттеу, бөлмені желдету. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген