400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ашық сабақ М.Әуезов " Біржан сал Абай ауылында " 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ әдебиеті            Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов "Біржан сал Абай ауылында"

Сабақтың мақсаты:

1) Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту,Абай мен Біржанды жақындастырған өнер құдіреті екендігін ұғындыру.

2) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

3) Өнер құдіретін түсіне білуге, өнерді сүюге, өнер иелеріне құрметпен қарауға, қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: "Жалғастыру" әдісі, "Ойлан, жұптас, ой  бөліс" әдісі, «Аялдама» әдісі, сұрақ-жауап, іздендіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар,кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа қатысуын, сынып тазалығын тексеру

ІІ. Жаңа сабақ

-Балалар, Біржан сал Қожағұлұлына арнап қазақтың біртуар азаматы,актер,режиссер Досхан Жолжақсынов «Біржан сал» атты кино түсіріп, елдің алғысына бөленді. («Біржан сал» фильмінен үзінді көру.)


I топ «Абай» ауылы Абай өмірі мен шығармашылығы

II топ «Мұхтар» ауылы Мұхтар өмірі, «Абай жолы»эпопеясы туралы

III топ «Біржан сал» ауылы Біржан сал өмірі шығармашылығы

Топ басшылары бағалау парағымен танысады


ІІІ. М.Әуезовтің «Біржан сал» әңгімесін «Білгенге маржан» жалғастыру әдісі бойынша мазмұндау

Балалар, үй тапсырмасын "Жалғастыр" әдісі арқылы сұраймын. Әр ауыл кезегімен өздеріне зерттеуге берілген тапсырмаларын баяндауға  дайын отырсын.

  1. ... Абай Әйгерімді осыдан үш ай бұрын ұзатып әкелген еді...

  2. Осындай ойын-сауық жиынның ортасында ең қадірлі бір топ қонақ бар...

  3. Өзге-өзгеңді не қылайын, Біржан аға,-деп бастап,қонағына жаңа бір қуаныш жүзімен қарады...

  4. Ол тағы да домбырасын біраз бебеулетіп,желдіртіп алып келіп «Жанботаны» шырқап кетті...

  5. Абайдың қасында отырған –інісі, жас бозбала Әмір Құдайбердінің баласы...

  6. Біржанға дәл жүрер кезінде Ұлжан өз үйінен дәм татқызып отырып, бата берді...

  7. Жаз бойы Біржанды тыңдап,ән құдіретін, әннің қасиетін азамат өнерінің бар биігі деп бағалаған Абай бір жырын шығарған еді...



IV. «Ойлан,жұптас,ой бөліс» әдісі бойынша әр топ постер қорғайды

І топ  Абай мен Біржан жақындастығы (венн диограмма)

ІІ топ «Тұжырым» кестесі (кейіпкер.Іс-әрекеті. Адами қасиеті)

ІІІ топ  Кестемен жұмыс (Өнер иесі.Портреті. Орындаған әні)

ІV. «Аялдама» әдісі

  1. Әңгімеден Абайдың жастарға айтқан өнер туралы сөзін тауып, мәнін ашу

  2. Шығармада кездесетін салт-дәстүрлерді ата.

  3. Мәтінге компазициялық жоспар құру

V.Оқулықпен жұмыс

1. Шығармадан көнерген сөздер мен мақал-мәтелдерді, ғибратты сөздерді тауып, мағынасын ашу

VІІІ. «Зымыран сұрақтар» (Сұрақ –жауап)

  1. Абай: «Бар, көр. Шын өнерлі , қызықты болса,елге әкел. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын. Мен де көмекші болармын»,-деп, Біржанға кімді жұмсады?

  2. «Шіркін, айтушы мен болғанда , үнемі ұқтырушы сен болсайшы!» кімнің сөзі?

  3. «Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол,жарлы бол, ол-кемшілік емес!» Кімнің сөзі?

  4. Абай мен Біржанды рухани жақын еткен не нәрсе?

  5. Олай болса, өнердің қандай түрлерін білеміз?


Кері байланыс:

  1. Бүгінгі сабақта не білдің?

  2. Тапсырмаларды орындау қаншалықты қиын болды?




ІХ. Бағалау.

Үйге тапсырма.

  1. Әңгімедегі көркемдегіш құралдарды тауып, дәптерге жазып келу.

  2. «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбына шығарма жазу.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
771
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі