Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ М.Әуезов «Ақын қонақтар»

Материал туралы қысқаша түсінік
ақын қонақтар жыры
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Ақын қонақтар»

(«Абай жолы» романынан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Ұлы ақын – А.Құнанбайұлының балалық           және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге   тәрбиелеу.
Тәрбиелік:адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.
Шығармашылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға,   қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.
Көрнекілігі: Оқулық,интербелсенді тақта.
Әдісі: Топтық, жұптық, топтастыру, сыни ойлау.
Барысы: Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы және «Абай жолы» романынан берілген үзіндіні оқып, мазмұндау.
1. М.Әуезов кім? топтастыру әдісі бойынша оқушылар интербелсенді тақта бойынша толтырады және М.Әуезов туралы видео көрсетемін.
2. Үзінді төңірегінде сұрақтар арқылы нақтылау.

3.  « Абайдың әр өлеңі бізді жақсы болуға, жаман әдеттерден жиренуге тәрбиелейді» деп осы тақырыпта Абайдың қандай өлеңі бар деген сұрақ қоямын. Балалар «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқиды.
Сосын үш топқа үш тапсырма беремін.
І топ. «Туған жер» тақырыбына әңгіме.
ІІ топ. Ана туралы шамасы келгенше өлең құрастыру.
ІІІ топ. «Ана-кәусар бұлақ» деген тақырыпта әңгіме жазу.
6. Жұптық тапсырмалар ретінде, әр топқа тест сұрақтарын беремін және топ жетекшілері тексеріп, бағалайды.
7. «
Ақынның айтпақ өсиеті» деп мына «Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар – кейін өкінбейсіңдер», «Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді» сөздерді жіберемін және олардың ойларын сұраймын.
8.Сабақты Абайдың 31- қара сөзімен қорытындылаймын.
9. Үйге тапсырма:
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер
Жанбай жатып сөнсеңіз?- деп Абай атамыз айтқандай, Абай аталарыңа ұқсамақ ниетпен жыл мезгілдеріне өлең шығарып келіңдер.
10. Оқушыларға топқа, жұпқа берген бағаларын қосып, қорытынды бағаларын журнал бетіне түсіру.
11. Рефлексия



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.10.2018
775
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12