400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ашық сабақ М.Әуезов "Біржан сал Абай аулында" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдер үшін көмегі зор
Материалдың қысқаша нұсқасы



Picture 64

Махметова Меруерт Асқарқызы

Атырау облысы Индер ауданы

Махамбет атындағы орта мектептің ІІІ деңгей бойынша сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі




Қысқа мерзімді жоспары


Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов "Біржан сал Абай ауылында" 2-сағаты

Сілтеме

"Әдебиет" 6-сынып оқулығы

Мақсаты

Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, шығарманы оқып - үйретудің әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданып, талдай білуге баулу;
•Логикалық ойлауларын, сөйлеу тілдерін байыту;
• Қазақтың салт-дәстүрін білуге, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, қарапайымдылыққа, адамгершілікке, қонақжайлылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;

Күтілетін

нәтижелер

ақын тағылымы негізінде оқушылардың жан - жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі болу;
•Абай мен Біржан арасындағы рухани үндестікті, өнерге деген көзқарасын талдай алады;
•өзіне және өзгелердің ісіне талдау жасайды;

Түйінді идеялар:

• теориялық білімдерін іс жүзінде дәлелдей алады;
• тақырыпты ашып, мағлұматтар алады;
• сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады;
• тапсырмамен бірлесіп, тиянақты жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіреді;
• ойын жүйелі түрде жеткізе біледі.

Сабақтың түрі

Өткен тақырыпты бекіту, қрытындылау сабағы

Қолданылатын әдістер

Блум таксономиясы, топтық жұмыс, СТО

Керекті жабдықтар


А4, А3 қағазы, маркер, стикерлер.


Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Психологиялық тренинг

1 мин

"Шаттық шапалақтары"

Атадан арқалаған аманатым,

Тәуелсіздік- тасы берік қағанатым.

Алланың қолдауымен бабалардан

Бүгінге жетіп келген қанағатым.

Тәуелсіз елдің болған ұрпағы едім,

Өзімнің ұранымды шырқап едім.

Қорғаймын қолыма алып қағаз,қалам

Жырлаймын қалғанынша ұлпа демім.

Тәуелсіздік туралы өлең шумақтарын хормен мәнерлеп оқиды

Ұйымдас

тыру

"Тәтті жемістер"

2 мин





Тәтті мандариндердің астына жасырылған рет сандары арқылы топтастырамын.



Бір бірімен амандасу түрлері  арқылы көңіл күйлерін көтеру.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топ ережесін естеріне сақтайды

Үй тапсырмасы

«Брифинг кездесу» әдісі

2 мин

Ортаға 7 оқушы шығып, микрофонды бір-бірімен алмастыра әңгіменің мазмұнына шолу жасайды.

1) Абай ауылына келген сыйлы қонақтар
2) Абай қиялы
3) Біржанның «Жанбота» әні
4) Әмірдің орындауындағы «Жиырма бес»
5) Біржан шәкірттері
6) Әйгерімнің әні
7) Біржанның Абай ауылынан үлкен құрметпен аттануы

Оқушылар жоспар бойынша әңгіменің мазмұнына шолу жасап, талдайды.

Ой шақыру



Мағынаны тану- жаңа білімді табу

(Біржан сал туралы бейнеролик көрсету)


Сабақтың эпиграфы
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!..

Оқушылар бейнеролик бойынша көргендерін ортаға салады

Білу


"Кейіпкерлер қонақта"

5 мин

Абайдың отауы.. Ән айтылып жатыр.

Абай (Біржанға қарап):-Өзгені не қылайын ,Біржан аға, ел мақтаған бір ақын болушы еді. Тілін безеп, жанын жалдап, тіленіп байды сауып,сөз қадірін кетірген. Үн түзеген бір әнші болушы еді. Кім көрінгеннің қосшысы. Ондайлар ән қадірін түсіріп, бір атым насыбайдан арзан етеді. Сен әнді керісінше босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам. Осының өзі қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр.

Біржан:- Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!

Абай:-Бай боп, қадірлі болмайды, жігіт өнерлі боп, қадірлі болады. Өнерлі болсаң өр бол, дейді , Біржан аға! Жалқы бол, жарлы бол, ол-кемшілікемес. Өнерлі ақын, асқақ әнші болсаң-ел көңіліндегі мұңды айтып, көзіндегіжасты тыйсаң, сенен қадірлісі болмас!

Біржан : Айтқышсың ау, Абай!

(Қолындағы домбырасын қағып-қағып жіберіп, “Жанботаны” шырқауға кірісті).

Ән аяқтала бергенде жастар шуылдасып,қошемет көрсетті.

--Жарайсың!

- О-хо, бәрекелде!

-Бұлай айтпасаң, Біржан болармысың!

Абай(орнынан тұрып):

- Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй!..


Оқушылар арнайы дайындалған көріністі ортада сахналайды.

Түсіну

"Сұрақтар аллеясы"

1 мин

Не білдік?
- Балалар, қазіргі қойылымнан не көрдік?

- Абай мен Біржанды рухани жақын еткен не нәрсе? 
- Олай болса, өнердің қандай түрлерін білеміз? 

Оқушылар қойылым бойынша көргендері мен түйгендерін ортаға салады.

Қолдану


5 мин

Әңгімені композициялық құрылысына талдату.

1.      Оқиғаның басталуы — ауыл жастарының ойын – сауығы

2.      Оқиғаның байланысы- Абай ауылына Біржан салдың келуі.

3.      Оқиғаның дамуы—Біржанның ән айтуы.

4.      Шиеленісуі – Жастардың әнге деген құлшынысы.

5.      Шарықтау шегі—Ұлжаннан бата алып Біржанның еліне аттануы.

6.      Шешімі- Жаңа әннің дүниеге келуі


2-топ "Тұжырым кестесі"

Өнер иесі

Портреті

Орындаған әні

Адами қасиеті

Баға беру


Біржан












1топ- композициялық құрылысына талдау.

2топ- тұжырым кестесін толтыру


Берілген тапсырманы орындайды.

Постер қорғайды

Талдау


"Алақан, Жұдырық" әдісі





3 мин


1. Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты? (Телғара)
2.
Әйгерімге алғыс айтқан кейуана (Иіс)
3. «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушы сен болсайшы!» Кімнің сөзі? (Біржан)
4. «Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол –кемшілік емес!» Кімнің сөзі? (Абай)
5. «Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?...»- деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді? (Біржан «Жанбота»)
6. Шығармадағы типтік образды ата. (Абай)
7. Әңгімеде қандай қазақы салт-дәстүр көрініс тапқан? (қонақжайлылық, бата беру)
8. Әңгімеде Біржанға өз үйінен дәм татқызып, бата беріп, оң сапар тілеген кім? (Ұлжан)

Оқушылар ауызша берілген сұрақтарға дұрыс болса алақандарын көрсетеді, дұрыс емес болса жұдырықтарын түйеді.

Жинақтау

"Портреттік диктант"


Сергіту сәті


5мин

Солардың ішіндегі ең -------------және бар жиынға қадірлі, --------------- мынау қос ішекті домбыраны ----------------- отырған орта бойлы, қызғылт ------------, кең ақ ------------------, -------жігіт. Ол- ------ аты шыққан, бүкіл Орта жүзді ---


Сыныптың оқушысы ортада күй тартады. Ал қалған оқушылар тапсырманы орындайды.

Оқушылар оқулық бойынша жұмыс жасап, жеке оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындайды.


Бағалау

"Шығармашылық баспалдағы"

3 мин

1 топ- "Өнерлі өрге жүзер" (ойтолғау жазу)

2 топ- "Біржан ағаға хат" (хат жазу)

Жеке оқушымен жұмыс: ермексаз беріп, қандай да бір мүсін жасату.

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды.

Қорытынды



Бүгінде еліміз айрықша мереке – тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлауда. Тәуелсіздік әрбір қазақстандық үшін мәні мен мазмұны терең, баға жетпес басты байлығымыз. Оны сіздердің балғын жүректеріңіз жете түсінеді деп есептейміз. Еркін елдің бүгінгі ұландары азат Отанымыздың елтұтқа азаматтары болады деп барша жұрт сенеді. Тәуелсіз еліміздің терең тарихы, бай әдебиеті мен қазыналы мәдениеті бар екенін білесіздер. Еркіндікті, азаттықты аңсаған талай арыстарымыз өтті. Елін, жұртын білім, ғылымға, өркениетке шақырған талай тұлғалар болды. Сондай тұлғалардың ішінде шоқтығы биік екі тұлғаның да орны ерекше.


Рефлексия

5 мин

«Еліме 25 тілек »

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді стикерге жазып, өз Отанына деген тілектерін арнайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бірнеше сөзбен сипаттап береді.

Үйге тапсырма

1мин

  1. "Өнерім- өмірім" тақырыбына ойтолғау жазу.

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Оқушыларды бағалау

2 мин

Бағалау бешесі арқылы оқушылардың бағалауына назар аударын, өзімнің қорытынды бағамды шығарамын.

Топ басшысы өз мүшелерін бағалау бетшесіне бір-бірін бағалайды.

Оқушылардың бағалауынан кейін мұғалім бағалайды



























































Әмір                                       Құндыз жиекті, жасыл барқыт, п?шпа? б?ркін ма?дайынан кейінірек

                                                шал?айта т?рып ?н шыр?ады.     

?йгерім                                 Ашы?, кесек а? тістерін с?лу ?ызыл еріндері аша т?сіп езу тартты.

Айгерім                                Аса сыпайы ?арайтын ойлы, н?рлы к?зінде б?лек бір ш??ыла бар. Осы

                                                ш??ыла  кейде к?ле?ке ре?деніп, к?зіні? астына ?ялап т?рады.

Біржан                                   

ІІ-топ?а:        Кейіпкерді? іс-?рекеті мен портретін с?йкестендірі?із:

Үмітей                          Соны камшат бөрік,  алтын сырғалы, ең сәнді киімді сұлу қыз.

Әмір Ақ сұр жүзі біраз тол?ына т?сіп, шыр?ап кетті. ?ні жі?ішке, таза, с?нді    

                                                екен. Ерке, серілігі де бар.



?мітей                                  Омырауы а?ытыл?ан, а? к?йлекті? сыртынан киген сар?ылт т?сті ?ытайы

                                              жібек камзолы бар.

Біржан                                А?-?арасы ?лі де ай?ын, таза, ?зынша к?здері ?згеше боп шарасынан асып,

                                             ?лкейіп ?арайды.

керімбала                                Шоша?тау боп біткен ?лкен ?ой к?зді, а?-?ызыл ж?зді, ?алы? шашты,

                                            ?стамды, сырлы салма? бар.














Сәйкестендіру кестесі




















І «Жаз» өлеңіндегі мезгілдің ерекшелігі.

«Жаз» өлеңі ақынның қандай көңіл-күйінен хабар береді? Өз ойыңды дәлелде.





1. Көркемдегіш құралдарды табу

( теңеу, метафора)

2.Кестені толтыру

«Жаз»Идеясы:Жазғы табиғаттың көркем көрінісі

Шумақ

Тармақ

Бунақ

Буын

Ұйқас

16

12

3

8

Ара лас
















Сәйкестендіру кестесі

«Өлең сөздің патшасы сөз, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе қаралы ол», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Сөз өнері туралы

 

 

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»

Оқу-ғылым жайлы

«Жаз», «Қыс», «Күз», «Жазғытұры»

Табиғат лирикасы

«Сегіз аяқ», «Болыс болдым, мінеки», «Қайран елім», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай», «Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман», «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

 Әлеуметтік мәселелер жайлы



















ІІ «Күз» өлеңіндегі күзгі ауыл көрінісі қалай бейнеленген?

1. Күзгі табиғат
2. Күзгі ауыл еңбегі
3. Жабырқаңқы ауыл
4. Қара суық
5. Тозған күзеу




«Күз» Идеясы: Көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісі.

Шумақ

Тармақ

Бунақ

Буын

Ұйқас

6

8

4

11

Қара өлең


























Сәйкестендіру кестесі

«Өлең сөздің патшасы сөз, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе қаралы ол», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Сөз өнері туралы

 

 

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»

Оқу-ғылым жайлы

«Жаз», «Қыс», «Күз», «Жазғытұры»

Табиғат лирикасы

«Сегіз аяқ», «Болыс болдым, мінеки», «Қайран елім», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай», «Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман», «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

 Әлеуметтік мәселелер жайлы


























ІІІ «Қыс» Ақын суреттеуіндегі қыс мезгілі қандай?

1.«Қыс» табиғат бейнесі

1. Қысқы табиғат
2. Қыстың қатал, ынсапсыздығы
3. Қыс пен «кәрі құда арасындағы жақындық
4. Қыстың жан иесі ретінде алынуы






«Қыс» Идеясы: Мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі.

Шумақ

Тармақ

Бунақ

Буын

Ұйқас

6

8

4

11

Қара өлең




















Жаз 

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала,
Жағалайды шешесін
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап.
Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жок,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі,
Қошемет қылып қарқылдап.


































Күз 

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін, 
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.




















Қыс 

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
696
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі