400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "М.Әуезов өмірі шығармашылығы" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға теориялық білім беруге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: №1ОЖББМ Күні: № 15 сабақ

Тақырып: «Салауатты отбасы»

Құндылық: Қиянат жасамау.

Қасиеттер: көмекке дайын болу, қиянат жасамау, өзгелерді ренжітпеу.

Мұғалiм: Уразова Ж.У

Сынып: 2

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға салауатты отбасы туралы әңгімелей отырып,қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері:

- оқушыларды әрқашан көмекке дайын болуға үйрету;

- оқушыларды өзіне және өзгелерге қиянат жасамау дағдыларын дамыт;

- оқушыларды өзгелерді ренжітпеуге, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер, күнделік, АҚТ, түрлі түсті дөңгелекшелер

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Өзін-өзі тану сабағының ережесі «5-Т» қайталау, «5» жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.


Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» /жай музыка әуенімен/

Сабақ барысын талдау:


Үнтаспа

2. Үй тапсырмасын тексеру


№15 сабақ 49-50бет «Бақытты отбасының сыры».

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бала бақытты отбасының сырын қалай түсінді?

  • Отбасы мүшелерін ренжітпеу үшін адамда қандай қасиеттер болуы керек?

  • Өзгелерге сөзбен, іс-әрекетпен қиянат жасамау үшін не істеу керек?


Оқулық

3.Дәйексөз

Ешқандай жақсылық зая кетпейді

Үнді нақылы.

- Өздеріңнің жасаған жақсылықтарың туралы айтып беріңдер?


Оқулық

49 бет

4. Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы.

Тату ағайындар. ( Аңыз әңгіме.)

Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір-біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.

Бір куні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».

Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды.

Ал бұл кезде інісі жатып, ол да ойлап жатада. « Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған карағанда көбірек керек..»

Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.

Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады. «Бұл қалай?» . Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қапты қайта – қайта санайды да, таң қалады.

«Бұл не ғажайып»?!»

Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап үйлерінен шығады. Толық ай туып жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:

  • А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?

Інісі айтады:

  • А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?

Екеуі де үндемей қалады, бір- бірін түсіне қояды да, күліп жібереді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әңгіменің соңында екі ағайындының бойынан қанда қасиеттерді көруге болады?

  • Ағайындылар бір-біріне деген қамқорлығын, көмегін қалай білдірді?






Әлеуметтік желі

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды 2 топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру.

Оқушыларға жағдаяттар таратылып беріледі. Әр жағдаятты талдап, сахналайды 1- топ .

Жағдаят.

Хамит пен Дастан мектептен келе жатып, бұзақы балдардың үйі жоқ панасыз мысыққа тас лақтырып қорлап жатырғандарын көреді. Сол кездегі сіздерің әрекеттеріңіз қандай болмақ.

-Бұзақы балдар әрекеті дұрыс па?


2-топ

Сабақтан қайтып келе жатқан жолда сендер бірнеше балалардың талдағы алманы алу үшін талдың бұтақтарын сындырып жатқанын көздіңіздер.

-Сендер не істер едіңдер?




Фигуралар арқылы топқа бөлу.

6. Топпен ән айту.

Құндылықтар.

Сөзі: мұғалімдер шығармашылығы

Әні: «Ертегілер әні» сазымен

  1. Ақиқаттың әнін,

Айтамын күнде мен.

Бөбек әлемінің сырларын түсініп,

Нұрына шомылдым күннің.

Тыныштық жан- көркем,

Керемет ол неткен,

Ар-ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп.

Қайырмасы:

Құндылықтар-мәңгі әнім,

Құндылықтар- өмір мәні

Ізгіліктің ғажап күйіне

Ертесіңдер сендер.


2.Дұрыс әрекеттер

Сүйіспеншілік береді,

Тыныштық орнайды,

Қиянат болмайды,

Адамзатқа әлемдегі.

Керемет ол неткен,

Ар-ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп.



Үнтаспа


7. Үйге тапсырма.

- №16 сабақ 51-52 бет «Жаның жеті жаманнан аман болсын».



Оқулық


8. Қорытынды. «Соңғы тыныштық сәті»



  • Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Адамдарға қиянат жасамай, ренжітпей, көмектесе білейік.



Үнтаспа















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі