жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ М.Дулатов « Шешенің балаларын сүюі » 4 сынып
Пәні:
әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4
«Ә»
Тақырыбы: М.Дулатов
« Шешенің балаларын сүюі »
Мақсаты:
1)
Білімділік: М.Дулатов өмірі
мен шығармашылығына қысқаша тоқталып, « Шешенің балаларын сүюі »
өлеңімен таныстыру, идеясын түсіндіру. Ананың құдіреттілігі мен
қасиеті туралы дерек беру.
2)
Дамытушылық: берілген
тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық ізденістерін
қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін
дамыту.
3)
Тәрбиелік: оқушылардың
өмірдегі ең ардақты жан – ананы сүюге,қадірлеуге, перзенттік
парызын өтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: Жаңа
сабақ
Технологиясы:
дамыта оқыту
Қолданылатын әдіс – тәсілі
: топтастыру,
баяндау , талдау, түртіп алу,ой қозғау,оқыту, сұрақ –жауап,
шығармашылық жұмыс,бес жолды
өлең.
Пәнаралық
байланыс: қазақ тілі,
музыка.
Сабақтың
көрнекілігі: М.Дулатовтың
портреті, проектор, слайд – суреттер,
ребус.
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі:
а) Оқушылардың
зейіндерін сабаққа аудару.
ә) Оқушыларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау,
бағалау парағын тарату.
(гүлдер таңдау арқылы
топқа бөлу.)
б) Психологиялық
дайындық.
Мынау менің жүрегім
Бәрі содан басталған
Мынау менің басым
Барлық істі басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Бірігіп жұмыс атқарған
Ендеше балалар бүгінгі сабақта бірігіп жұмыс істеуге, жұмылып жұмыс атқаруға жақсы қасиеттерімізді көрсетуге тырысайық
Үй тапсырмасын қорыту. «Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру
1.Жарық жұлдыздар тарауын қорытындылаған едік, М.Жұмабаевтың халқымыздың өткен өмірі туралы жазған өлеңі қалай аталады?
2.Тұңғыш өлеңдер жинағы «Оян, қазақ» деген атпен жарық көрген ақын кім? М.Дулатов.
3.Автор мен оның шығармаларын сәйкестендіріп айт?
Абылай хан Спандияр Көбеев
Сабырсыз, арсыз, еріншек Шоқан Уәлиханов
Орындалған арман Абай Құнанбаев
4.Мәтін неше бөліктен тұрады?
Қызығушылықты ояту.Сұрақтар қою арқылы:
-Балалар мына суреттегі тұлғалар кімдер?(Қазақтың бес арысы)Аттарын атап шығады.
Ассоциация құру
Жаңа сабақ.
1-топ: М.Дулатов өмірі
2-топ: М.Дулатов шығармашылығы
3-топ: М.Дулатовтың қандай өлең жолын білесің?
М.Дулатовтың өмірін,шығармашылығымен,өлеңдерімен оқушыларды таныстырып кетемін.
Жұмбақ жасыру:1.Үш әріптен тұратын,
Есімі оның тұрақты
Оңға оқы,солға оқы,
Өзгермейді еш одан
Күнім,жаным дейтұғын,
Айтады кәне,кім атын?(Ана)
2.Отынсыз, сусыз пiскен ас,
Адамның бәрi iшкен ас. (Ана сүтi)
Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы Ана туралы
өрбімек
М. Дулатұлының «Шешенің» балаларын сүюі»
өлеңі осы Ана тақырыбына құрылған.
Тақтамен
жұмыс.Топтастыру
стратегиясы
-Ана деген
кім?
Анаға баланың алалығы жоқ - демекші әр ана өз баласын жақсы көреді. Сендерді әрдайым ойлап, үлгілі, әдепті, білімді болғандарыңды қалайды.
Оқулықпен
жұмыс
а) I топ- Өлеңді тізбектей
оқу.
II топ- Шумақтап
оқу.
III топ- Әндетіп оқу. (музыка
ырғағымен)
ә) Әр топқа өлеңнің әр шумағын қарасөзбен
әңгімелету.
б)Түртіп алу
стратагиясы.
Көз жасын көлдету-қатты
жылау
Кірпік қақпай –
ұйықтамай
Дамылсыз-
тынымсыз.
- Алғашқы тіркескен
сөз
в) Сұрақтарға жауап
беру.
1. Ақын осы өлеңі арқылы қандай ой айтпақ
болды?
2.Өлеңде ананың баласына деген қамқорлығы
айтылған тұстарды тауып оқы.
3. Қазіргі қоғамда анаға деген құрмет қандай
дәрежеде?
Сергіту сәті:
Музыка ырғағына сай қимыл-қозғалыстар
жасау
Шығармашылық
жұмыс. «Анашым» әні орындалып
тұрады.
1 - топ. Ана туралы бес жолды
өлең
2 - қатар. Әке туралы бес жолды
өлең
3 - қатар. Бала туралы бес жолды
өлең
Тақтаға бүгінгі тақырып бойынша сөздер жазамын,оқушылар сол сөздердің орысша,ағылшынша баламаларын жазып шығады.
- Үйде аналарың сендерді қалай
еркелетеді?
Тек адам баласы ғана емес,барлық тіршілік
иесі оз балаларынан мейірімі мен қамқорлығын еш аямайтындығын мына
бір видиороликтен көрсек
болады.
Тренинг.Әр оқушы өз аналарының есімінің бірінші
әрпінен басталатын эпитет (теңеу) сөз тауып
жазу)
Айжан /аяулы/ Майра/мейірімді/ Талшын /
төзімді/
Мақал-мәтел айту
Мұғалімнің қорытынды
сөзі. Ана туралы толғанбаған жан кемде
–кем. Данышпан да,
ғалым да, хан да, қара да ана алақанынан түлеп ұшады. Пейіш ананың
табанының астында деген сөз тегін айтылмаған. Демек, дүниеде ана
алдындағы парызды өтеу мүмкін емес. Сондықтан да анамызды құрмет
тұтуды азаматтық міндетіміз деп
санайық.
Үйге
тапсырма М.Дулатовтың
өмірі мен шығармашылығы, өлеңді
жаттау.
Бағалау
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген