жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Мейірімді жүрек
№7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасы
«Мейірімді жүрек»
( Ересек «Самұрық» тобы )
Орындаған:Дүйсенбина.Б
2017-2018 оқу жылы
Білім беру саласы: Әлеумет Бөлімі: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Мейірімді жүрек» Мақсаты: Балаларға адами қасиеттер туралы түсінік беру.Адамгершілік қасиеттерін дамыту.Жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету.Ізгілікті,мейірімді болуға тәрбиелеу.
|
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Ұйымдастыру кезеңі:.Балалар бүгін «Өзін өзі тану» оқу іс-әрекетінде кездесіп отырмыз. Бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Достық шеңбері: Бір-бірімізге достық тілегімізді сыйладық, әдемі достық шеңберін құрадық. Ал енді орындарымызға отырайық. Жағымды күйге келу: Балалар, қазір ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңдар. Қол мен аяқты айқастырмаймыз. Біз қазір тыныс алуға жаттығу жасаймыз. Біз тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш сезімін қабылдап,демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі жаман қасиеттерді сыртқа шығарамыз. Баяу әуен қосылады. Қәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тік ұстап. Қолдарымызды тізеге қоямыз. Дем ал...., шығар (3-4 рет қайталайды) |
Балалар қонақтарға назар аударады.
Шеңберге тұрып, бір-біріне тілек тілеп достық шеңберін құрайды.
Балалар көздерін жұмып,жағымды күйге енеді. Дем алып шығарады. |
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
Біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік,адамгершілік туралы әңгімелесеміз. Балалар , қандай адамды жақсы адам деп атай аламыз? «жақсы адам » болу үшін не істеу керек? -дұрыс айтасындар балалар, әрқашан үлкендерге достарына көмектесіп, қолғанат болсаңдар, сыйласаңдар, сендерден тәрбиелі, мейірімді жақсы азамат шығады. Ендеше балалар,біз осы тақырыпқа орай бір видео қарап алайық,сосын әрі қарай жалғастырамыз. Видео көрсету. Видеоны талқылау.
Балалар мейірімділік ,адамгершілік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімділік жүректе орналасады, ал мейірімді адамды барлығы жақсы көреді. Дәйек сөз: Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің дәйек сөзі: «Жақсылық еткен- алғыс алады» Дәйек сөзді талқылау.
Мәтінмен
жұмыс:«
- Дұрыс балалар, біз бүгін
жақсы игілікті істер туралы,адамгершілік туралы ой бөлісеміз.
Адамгершілік дегеніміз бұл біздің біреуге жақсылық, қамқорлық,
қайырымдылық, мейірімділік жасауымыз үлкенге, достарымызға,
кішкентай бөпелерімізге көмектесуіміз - яғни бөгде адамдарға
жасаған жақсылықтарымыздың барлығы игілікті істер,адамгершілік деп
аталады. Слайдпен әңгіме жүргізу. Талқылау. Ал енді балалар,біз барлығын көзімізбен көрдік,енді өзіміз сахналап көрейікші. Көрініс Сергіту сәті: «Көшеттен ағашқа» Тәрбиеші –бағбан,ал балалар көшеттер рөлін ойнайды. Балалар шеңберде тұрады.Тәрбиеші ортада тұрады. -Балалар –көшеттер бүрісіп отырып,бастарын қолдарымен жабады. -бағбан көшеттерді суарады, бастарынан сипайды, өсулерін қадағалайды. -Көктемнің шуақты күндерінде көшеттер өсе бастайды.\Балалар ақырын көтеріледі\ -Ағаштарда бүршіктер пайда болады.\Балалар саусақтарын жұмып,қолдарын 2 жаққа созады\ -Ағаштар бүршік атады\Балалар саусақ тарын ашады\ -Жапырақтар ашылады\Балалар қолын көтереді\ -Жаз келді,ағашатар жайқалып жапырақ жаяды\Бір-біріне қарап иіледі\ Слайд 2-ші видео Видеоны талқылау. Жағдаяттар шешу: 1-жағдаят: Ертеде бір әдемі қуыршақ болыпты. Қуыршақ өз әдемілігіне масаттанып,басқа ойыншықтармен ойнамапты.Қонжық, Көжек,Маймыл қуыршақты бірнеше рет ойнауға шақырды.Бірақ тәкаппар Қуыршақ әрқашан олармен ойнаудан бас тартатын болыпты.
Ереже: «Дос болайық бәріміз». 2-жағдаят: Бір күні әлгі қуыршақ терезе алдындағы айнадан өзінің сұлулығына сүйсіне қарап отырады. Аяқ астынан қатты жел соғып,терезе қақпақтары ашылып кетеді.Қуыршақ еденге құлайды.Оның әдемі көйлегі жыртылып, шашы ұйысып,жылағаннан беті айғызданып қалады.Қуыршақ қатты жылайды.Оны байқаған басқа ойыншықтар Қуыршақты аяп кетеді. Маймыл қуыршақтың жыртылған көйлегін әдібін білдірмей тігіп береді. Көжек шашын сәндейді. Қонжық басынан сипап,оны жұбатады және Қуыршақтың жерден көтеріліп,орындыққа отыруына көмектеседі.
Ереже: «Досыңның басына іс түскенде көмектес». 3 жағдаят: Қуыршақ өз-өзін айнадан көріп танымай қалды-ол бұрынғысынан да ажарлана түскендей.Ол өз қатесін түсінеді. Доссыз өмірдің қызық емес екенін ұғады.Осы жағдайдан кейін Қуыршақ сұлулығына мақтанбайтын болыпты. Менмендігін ұмытыпты.Ол бәріне ендігі жерде Қонжық, Көжек, Маймыл сынды достары барын қуана айтып жүреді.
Ереже: «Достық татулықтан басталады». Шығармашылық жұмыс: балалар біз айтып өткендей достарымызбен тату болуымыз керек.Бір-бірімізге көмектесіп жүруіміз керек.Мейірімділік әр адамның жүрегінде деп басында айттық. Ендеше қазір біздер сіздермен отырып, бәріміз тапсырма орындаймыз. Алдарыңызда жүрекшелер жатыр, сол жүрекшелерді қиып бір-бірімізге мейірімімізді сыйлаймыз. |
Тәрбиешіні тыңдап отырады.
Балалар сұрақтарға жауап береді: -Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады.
Мәтінді мұқият тыңдайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
-ешкі кездесті.
-қыз кездесті.
Сергіту сәтін жасайды.
Балалар назарына видео ұсынылады. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Шығармашылық жұмыстарды орындайды. Жүрекшелердібір-біріне сыйлайды.
|
|
Рефлексивті түзетушілік
|
Ән айту:Балалар біз де мейірімділік туралы ән білеміз, соны айтайықшы. «Мейірімділік жолымен». Ойын: (ойын доппен) «Менің жақсы қасиетім» Балалар өз бойындағы жақсы қасиеттерін допты қайта лақтыру арқылы атайды.
Т: Ал енді, қонақтармен қоштасып, тобымызға оралайық.Сау болыңыздар! |
Балалар ән айтады.
Қонақтармен қоштасып, топқа қайтады. |
Күтетін нәтиже: Нені білді:Мейірімділік, дұрыс әрекет, адамгершілік қасиеттерінің әрбір адамнан табылатын білді. Қандай түсініктерді игерді: Қамқорлық,кеңпейілдіклік түсініктерін игерді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Бір-біріне, жақындарға деген жан жылуы мен сыйластық қарым-қатынасын сыйлауға болатынын меңгерді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген