Күні:
9.02.18
Сыныбы: 2
«Ә»
Өткізген: Тастекова
Ж.Е.
Тақырыбы: Мейірімділік - асыл
қасиет
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік»,
«қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту,
мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. - өзара
сыйластық қарым қатынастарын
дамыту;
Көрнекі – құралдар: интер. тақта, суреттер,
көрініс
1. Топтарға
бөлу
І топ. «ЖАНАШЫР» сөзін жүректің артына
жасырылған әріптер арқылы құрастырып
табады.
ІІ
топ. «МЕЙІРІМ» сөзін жүректің артына жасырылған
әріптер арқылы құрастырып
табады.
ІІІ
топ. «ҚАМҚОР» сөзін жүректің артына жасырылған
әріптер арқылы құрастырып
табады..
2. Шаттық
шеңбері
-Қуанамын мен де,
(өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (көршісін
көрсетеді)
Қуанайық достарым, (қолдарынан
ұстайды)
Арайлап атқан күнге. (қолдарын
көтереді)
3.
Бейнебаян «Мейірімділік»
Кіріспе
(әңгіме)
- Мейірімділікті қалай көрсетуге
болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде
қандай сезімге бөлендіңдер?
- Жақсы көретін
жан - жануарларың бар ма?
- Табиғатқа
қамқорлық жасаған кездерің болды
ма?
4. Мәтінмен
жұмыс
Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін
беріледі.
Мейірімді
бала
Қытай жерінде біреудің затын ұрлаған кісінің
қолын кесетін ескі заң бар. Бірде бір төре ұрлық жасап, кінәлі
болады. Патша әлгі төренің қолын кесу туралы бұйрық береді. Сонда
патшаға, төренің жас қызы әкесі үшін жауап бермекші,- деген хабар
келеді. Қызды патшаға алып келеді.
- Тақсыр
патшам, - дейді қыз
/ Мәтінді
аяқтау тапсырылады./
өзінің қолын
көрсетіп. Бұл қол да – менің жазықты болған әкемнің қолы. Бірақ бұл
қолмен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді. Тақсыр, осы нашар
қолды кесіп, жұмысқа жарамды, бала-шағасын асырайтын қолын әкеме
қалдыруға бұйрық беріңіз.
Патша қыздың
әкесіне деген мұнша мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін
кешіпті.
5. Ситуациялық
сұрақтар
1) Сен
мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға
түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер
едің?
2) Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің
қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен
не істер едің.
3) –
Айналамыздағы қоршаған орта мен құстарға қандай жақсылық жасауға
болатыны туралы айтыңдар
6. Топтық
жұмыс
а) І топ - «Ана» туралы мақал –
мәтел
ә) ІІ топ - Өлең
шығару
б) ІІІ топ - Эссе
жазу
7. Сергіту сәті: «Ақ мамам»
әнін орындату
8. Топтық
жұмыс
Басында
тап...
- Күлімдеген - күн
мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар
мейірімді
- Таза мөлдір су –
мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым
мейірімді!
- Тату - тәтті Бәрімізді көтеріп тұрған жер
мейірімді!
- Аяулы анам
мейірімді!
- Қадірлі әкем
мейірімді!
- Әлпештеген әжем
мейірімді!
- Еркелеткен достарым
мейірімді!
- Егіні мол жер
мейірімді!
- Қамқор апам мен ағам
мейірімді!
- Балалар
қанекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз
бір болып, бір тұтас болғанын көріп
отырмыз.
Хормен: Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер
жасауға дайынбыз.
11.
Қорытынды.