Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ .Мейоз 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 10-сыныпта "Мейоз" тақырыбын өтуге көмек болады.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты қорытындылауға арналған сурақтар мен тапсырмалары бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты:


а) танымдық - оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін пысықтап, есте сақтау қабілетін арттыру,білімін толықтыру,ғылыми материалдарды дұрыс пайдалана білуге баулу;


б) дамытушылық - деңгейлік тапсырмаларды таңдап, жауап беруге үйрену, білімдерін жүйелі тиянақтау үшін әртүрлі тапсырмаларды орындауға қалыптастыру,сабаққа белсенділігін арттыру, ойлау қаблетін дамыту;


в) тәрбиелік – оқушыларды ізденімпаздыққа ,өзін-өзі көпшілік алдында ұстай білуге,сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз бетімен жұмыс жасауда сарамандық жұмыстың маңызды екенін түсіндіріп үйрету, икемділік қалыптастыру;



Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, дидактикалық материалдар, интернет т.б.,



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі ,топтық жарыс сабақ, түсіндіру



Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу.

ә)түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

ІV.Сабақты қорытындылау.

V. Үйге тапсырма беру

VI.Оқушыларды бағалау


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А. «Кім жылдам» стратегиясы,  барлық оқушыға ортақ сұрақтар қойылады

а) Жасушаның бөлінуі туралы

1.Жасуша бөлінуінің қандай түрлері бар?

2.Митоз қандай кезеңдерден тұрады?

3.Интерфаза сатыларын ата

4.Митоздың қандай фазалары бар?

5.Митоздың биологиялық маңызы қандай?

б) Ағзалардың көбею жолдар туралы

  1. Көбеюдің қандай түрлері бар?

  2. Жыныссыз көбею деген не?

  3. Жыныссыз көбеюдің қандай түрлері бар?

  4. Қандай организмдер жыныссыз жолмен көбейеді?

  5. Телу әдісі дегеніміз не? Оны кім қолданған?

  6. Вегетативті көбейту дегеніміз не?

  7. Сабақ арқылы көбейту қалай жүргізіледі?

  8. Қолдан вегетативті көбейтудің ерекшелігі?

  9. Жынысты көбею деген не?

10 Жынысты көбеюдің қандай түрлері бар?

11. Партеногенез дегеніміз не?

12. Қандай организмдер партеногенез жолымен көбейеді?

Б.Слайдтар бойынша сұрақтарға жауап беру

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту


Мейоз редукциялық бөліну деп аталады. Өйткені редукция деген әлдененің кішірею үдерісі ғой. Ал мейозда еншілес жасушалардағы хромосомалардың саны екі есе кемиді.

Аналық жасуша іле-шала төрт еншілес жасушаларға бөлінбейді. Қатарынан екі рет: 1-мейоз және 2-мейоз болып бөлінеді. Интерфаза кезінде мейоздың бірінші және екінші бөлінуі аралығында ДНҚ репликациясы жүрмейді — хромосомалар екі еселенбейді.

Хроматид және ДНҚ молекулаларының хромосомалар санына та-ғы бір рет назар аударайық. Адам денесінің жасушалар ядросындағы хромосомалар — 46 (диплоидты жиынтық), демек ДНҚ-ның түзу сызықты молекулалары — 46. Репликация соңынан ДНҚ молеку-лалары 92 болады, алайда микроскоп арқылы бұрынғысындай 46 хромосома корінеді. Оның мәнісі мынада: әрбір тізбектелген хро-мосома хроматидтер деп аталатын екі ДНҚ молекуласынан тұрады. Бір хромосомадағы хроматидтер центромер ұлескісінде қосылған, сондықтан ядро сөлінде дербес «жүзе» алмайды. Анафазада центромер үзілген кезде хроматидтер дербестік алады. Сол кезден бастап олар хромосомалар деп аталады. Сөйтіп, құрамында 92 молекуласы бар ДНҚ әрқайсысында 46-дан хромосомалары бар екі еншілес жасушаға бөлінеді.

.

Мейоз кезіндегі үдеріс ұқсас, айырмашылығы еншілес жасуша екі емес, төрт болуында. Яғни интерфазадағы алдыңғы мейозда репли-кация болды да, жасушада 92 хроматидтер түзілді. ДНҚ молекуласы — 92, алайда хромосомалар бұрынғысынша 46, өйткені әрбір хромо-сома ДНҚ-ның екі молекуласынан — хроматидтен тұрады. Бұдан соң жасуша екі еншілес жасушаға болінеді. Оларға хромосомалардың жартысы — 23 хромосома түседі, өйткенмен олар екі хроматидтен тұрады. Демек мұндай жасушада ДНҚ-ның 46 молекуласы болады. Бұдан кейін бұл екі жасуша тағы бір рет бөлінеді де енді еншілес жасушаларда ДНҚ-ның 23-тен молекулалары болады. ДНҚ-ның бұл 23 молекуласы енді хромосомалар деп аталады, өйткені олар центро-мерге қосылмаған, еркін және еншілес жасушалардың ядросында орнығады. Мейоз үдерісін толығырақ анықтап қарап шығайық.

Жоғарыда айтылғандай, мейоз қатар жүретін екі бөлінуден тұрады. Оның 8 сатысы бар:

.1-профаза; 1-анафаза;1-метафаза; 1-телофаза.

Бұл сатылар аралығында қысқа интерфаза болады. Бұл уақытта жасуша бөліну шүйкесінің нәруыздарын синтездейді, бірақ ДНҚ екі еселенбейді! 2профаза; 2-анафаза;2-метафаза; 2-телофаза. Сонымен бүкіл мейоз 1-мейоз және 2-мейоз болып бөлінеді. Митоздан 1-мейоздың бірқатар маңызды айырмашылықтары бар.

Біріншіден, профазада 1-мейоз коньюгацияланады. Бұл құбылысты түсіну үшін гомологиялык хромосомалардың не екенін еске түсіру қажет. Гомологиялык хромосомалар дегеніміз — бұл жұптасқан хромосомалар, олардың біреуі аталықтан, екіншісі аналықтан жеткізіледі. Гомологиялық хромосомалардың мөлшері, пішіні және гендер құрамы бірдей. Яғни егер бірінші хромосомадағы аталықтың бірінші гені тері түсіне жауапты болса, онда аналықтың бірінші хромосомасындағы бірінші ген де тері түсіне жауапты болады. Со-нымен бірге аталықтың гені терінің қоңырқай түсін анықтайтын ме-ланин нәруызын кодпен жаза алады, ал аналықта терінің ашық түсін анықтайтын меланин болады. Біздің әрқайсымызда барлық гендердің жұбы бар (әйелдерде жоқ Ү хромосомасындағы гендерді қоспағанда). Ағзадағы дәл қай ген «жұмыс істейді», қайсысы «тынығады», оны ғалым-генетиктер айқындайды. Ал біз бұл мәселені келесі тақырыпта талдайтын боламыз. Әзірше біздің барлығымызда 23 жұп хромосомалар болатынын түсінуіміз керек. Сонымен аталықтың бірінші хромо-сомасы аналықтың бірінші хромосомасына сәйкес келеді. Конъюга-ция дегеніміз — бұл гомологиялыц хромосомалардыц жацындасып, ширатылу цдерісі. Коньюгация уақыты кезінде көптеген хромо-сомалар арасында айцасу (кроссинговер) жүреді. Айқасу дегеніміз — бұл гомологиялыц хромосомалардың цлескілерімен алмасу цдерісі. Мұның нәтижесінде бала әкесіне тиісті бірнеше түйір хро-мосомаларды, қалғандарын шешесіне тиісті хромосомалар алады. Айқасудың арқасында ұрпақ өте алуан түрлі болады. Тіпті көп ұрпақты өсімтал ағзалардан екі мүлде бірдей дарақ туа бермейді. Бір жұмыртқалық егіздерде ерекшелік болады, алайда олар туралы кейінірек толығырақ баяндаймыз.

Коньюгация және айқасу — өте маңызды үдерістер, оларсыз, жалпы алғанда жыныстық жасушалар түзілмейді. Табиғатта әр түрлердің басқа-басқа будандар түзу жағдайлары болады. Мысалы, хайуанаттар бағында арыстан мен жолбарыс буданы немесе енесі -бие, атасы есек — мәстек қашыр кездеседі. Мұндай түраралық будан-дар көбінесе ұрпақ бермейді. Өйткені есек пен биенің хромосомалары сәйкес келмейді. Демек олар түйірлерін алмастыра алмайды. Ал коньюгация және айқасу болмаса, жыныстық жасушалар да бол-майды. Гаметалар болмаған соң — ұрпақ та жоқ. Айқасу үдерісінің маңыздылығы — ол мейоздың ең бірінші сатысында — 1-мейоз про-фазасында жүреді. Бұл саты — уақыты бойынша мейоздағы ең ұзақ саты. Оның кейбір ағзаларда ұзаққа созылатындығы соншалықты, ДНҚ транскрипциялана бастайды, сөйтіп жекелеген гендерді РНҚ-ға көшірмелейді. Сондықтан сатыны тағы да 5 саты тармақтарына бөледі.

1-мейоздың тағы бір маңызды айырмашылығының нәтижесінде гаплоидты (сәйкес) жасушалар түзіледі. Яғни бірінші мейоз кезінде центромера үзілмейді. Еншілес жасушалар екі хроматидтен тұратын тұтас хромосомалар алады, яғни қосарланған хромосомалар шахмат тәртібі бойынша таралады. Сапта тұрған жауынгерлердің қолдарымен ұстасып тұруға бұйрық алғаны сияқты «жұптарыңмен бірінші, екіншіге санап шығыңдар! Бірінші жұптар бес қадам алға шығып, екінші жұптар бес қадам артқа шегініңдер». Соның нәтижесінде 1-анафазада центромералардың үзілуі болмайды, құрамында 1п хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар 2 еншілес жасуша түзіледі. Сөйтіп, әрбір хромосома бұрынғысынша 2 хроматидтен, яғни ДНҚ-ның толық екі молекуласынан тұрады.

Егер 10 хромосомасы бар жасуша мейозға кірісе бастаса, оның құрамында 20 хроматид болады. Бірінші бөліну соңынан әрқайсысында бес-бестен хромосомалары бар екі жасуша түзіледі, бірақ олардың құрамында 10 хроматид — ДНҚ молекулалары болады.

.

Мейоздың екінші бөлінуі митозды дәлме-дәл кошірмелейді. Мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалар саны 2 есе кемиді. Сондықтан нақ 1-мейоз редукциялыц бөліну деп аталады. Ал екінші болінуінде хромосомалар саны өзгермейді. Сондықтан 2-мейоз эквационды бөліну деп аталады. Мейоз кезінде дұрысы репликация интерфа-зада 1 рет жүреді, ал оның соңынан 2 бөліну қатарынан өтеді. Кесте деректерін пайдалана отырып, 1-мейоз жене 2-мейоз сатыларының оту үдерістерін толығырақ талдап, салыстырып көрейік. Аналық жасушамен салыстырғанда мейоздың биологиялық рөлі еншілес жасушалардағы хроМосомалардың азаюына саяды. Мейозбен көбінесе ұрықтана алатын гаплоидты жасушалар, гаметалар қалыптасады.



ІV.Сабақты қорытындылау.



Мына сипаттамалар қандай терминге сәйкес келеді?


Барлық эукариоттардың дене жасушасы ... арқылы бөлінеді

... ағза өсу үшін, тіршілігін жойған жасушалардың орнын толтыру үшін керек

Нәтижесінде хромосомалар жиынтығы өзгермеген, екі еншілес жасуша пайда болады.

Центриолдар жасуша үйектеріне таралып, бөліну шүйкесінің жіпшелері қалыптаса бастайды.

Хромосомалар тығыздалып жуандайды, тұрқы қысқарады.

...ның бас кезінде хромосома қабықшасы байқалады. Хромосомалар экватор жазықтығына жиналады да, ахроматин жіпшелеріне жабысады.

... да профазаға қарама-қарсы процестер жүреді. ... ның басында хромосомалар полюстерге жетіп, олардың жылжуы тоқтайды.

... да ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады, полюстарға қарай жылжи бастайды.

көптеген өсімдік және жануарлар организміндегі ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасынан ұрықтың дамуы; жыныс жасушаларының қосылуынсыз дамыған жаңа ағза.

Shape1














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2018
1082
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12