Материалдар / Ашық сабақ Мектеп-біздің ортақ үйіміз. 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Мектеп-біздің ортақ үйіміз. 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2020
661
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары.

Мектеп:Подстепный қазақ ЖОББМ

Мерзімі: 26,27,10 2020 жыл

Мұғалiм: Жунусова Г.Т.

Сынып: 2 «б», «в»

Оқушылар саны:15,14

Тақырып: № 8 Мектеп –біздің ортақ үйіміз.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық,әділдік,ізеттілік

Сабақ мақсаты: оқушылардың мектепті ортақ үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • оқушыларды өмірде әділ болуға үйрету;

  • әңгімелесу барысында ізетті болуға дағдыландыру;

-өз ортасында сыйласа білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

дәйексөз

Сабақ барысы:

  1. 1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, « Өзін –өзі тану » сабағының ережесін « 5 –Т » қайталау.

( 5 т:тәртіп,талап,тыныштық, тазалық, татулық)

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге келу.

Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) 

2.Үй тапсырмасын тексеру.

. № 8 Біріміз бәріміз үшін,бәріміз біріміз үшін 26-30 бет

1.Сыныптастардың іс әрекетінен қандай құндылықтар мен қасиеттерді көруге болады?

2.Жақсылық жасаған сыныптастарыңды әңгімелеп бере аласыңдар ма?


3.Дәйексөз.

Ұжымда болу-бақыт. Ә.Табылдиев

Дәйексөз мағынасынан қандай ой түюге болады?



4.Әңгімелеу. Гүлді сүйсең. М.Дүйсенов

Кемел мектеп ауласындағы гүлзарды айналып, ұзақ жүрді. Өзінен-өзі сезіктенгендей, аяғын санап басып, жан-жағына алақтай қарайды. Ешкім көрінбейді. Дереу шарбақтан секіріп түсіп, шоқтай бір қызыл гүлді сабағынан жұлып алып, енді екінші біреуіне қол соза бергенде:

-Не істеп жүрсің , әй?-деген таныс дауыс саңқ ете қалды.

Гүлдердің түбіне шашыратқыш шелекпен су құйып жүрген мұғалімді ол байқамаған екен, қорыққанынан қолындағы гүлді жерге тастай салды.

-Неге тастайсың?-деді мұғалім.

Кемел гүлді алды да, үнсіз қарап тұра берді.

-Неге жұлдың гүлді?

Мұғалімнің сұрағына Кемел жауап бермеді. Мұғалім дауысын бәсеңдетіп :

-Қызығып кеттің бе?-деді.

-Иә, қызықтым, -деді Кемел дауысын әрең-әрең шығарып.

-Солай ма? Гүлді жақсы көресің бе?

-Иә...

-Бері кел, ендеше.

-Мұғалім Кемелді үйіне ертіп апарды да, үш бүктелген екі кішкене қағазды қолына ұстатты. Бұл-тұқым еді. Сонан соң сыртында сан алуан гүлдердің суреті бар кітапшаны ұсынды.

-Мә, осы кітапшаны оқып шық та, мына тұқымды аулаңа ек. Қалай егудің тәсілі мына кітапшада жазылған. Гүлді шын жақсы көрсең- жұлма, қайта өсір!- деді мұғалім.

1.Мұғалім баланы қандай әрекетке бағыттады?

2.Баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсыңдар?


5.Шығармашылық іс-әрекет,жеке жұмыс.

1 Тест орындау

2 «Сүйікті ұстазыма »арнаймын (Сурет салады)



6.Топпен ән айту.

Ұстаз –Ана ! Әні мен сөзі БОТА БЕЙСЕНОВА

Ұстаз –Ана, Ұстаз- Ана,

Мектептің жүрегісің!

Ұстаз –Ана, Ұстаз- Ана,

Мектептің тірегісің!

Білімнің бұлағындай,

Ішсем де шөлің қанбай.

Ұстазым, сусындаттың бізді,

Жалықпай,өзің талмай. (2 рет)

Ұстаз –Ана, Ұстаз- Ана,

Мектептің мақтанысыңІ

Ұстаз –Ана, Ұстаз- Ана,

Мектептің ақ таңысың!

Білімнің бұлағындай,

Ішсем де шөлің қанбай.

Ұстазым, сусындаттың бізді,

Жалықпай,өзің талмай. (3 рет)


7.Үй тапсырмасы. № 9 «Жүре алмайтын бала »мәтінін оқу 32-33 бет.


8. Соңғы тыныштық сәтi.

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Ал енді балалар, бүгінгі сабақта үйренгенімізді еске түсіріп, жүректеріңізге сақтаңыздар.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!