400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Мемлекеттік биліктің конституциялық органдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға Президент, парламент, үкімет, конституциялық кеңес, сот билігі, жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы түсінік беру;оқушылардың бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру, құқықтан теориялық білік-дағдыларын дамыту;оқушыларды Отанды қорғауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Уразаева Гүлім Орынтайқызы, БҚО, Орал қаласы, №19 орта жалпы білім беретін мектебі, құқық пәні мұғалімі



Пәні : құқық

Сабақтың тақырыбы : «Мемлекеттік биліктің конституциялық органдары»

Сыныбы: 9 сынып

Технологиялық түрі: « Ауызша сабақ -1» картасы

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сыни тұрғыдан сұрақ , эссе,мәтінмен жұмыс

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Президент, парламент, үкімет, конституциялық кеңес, сот билігі, жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы түсінік беру;

ә)дамытушылық: оқушылардың бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру, құқықтан теориялық білік-дағдыларын дамыту;

б)тәрбиелік: оқушыларды Отанды қорғауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар : белсенді тақта,бейне ролик,интернет желісі,

флипчарт,электронды оқулық ,тірек- сызбалар,

сөздіктер, презентация

Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асты: мотивация > оқушының субъекті тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түсінуді біріншілік тексеру > біріншілік бектуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.



Сабақтың құрылымы

Технологиялық карта бойынша

жұмыс тәртібі

Түсініктеме


1-кезең.

Ұйымдастыру кезеңі, мотивация

Оқушылардың зейінін жинақтау,видео түсірілім көрсету, карта бойынша жұмыс жасау және уақытты үнемдеу туралы мәлімет беру.

Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ (отырғызу орындарының матрицасы)бойынша жұмыс.



2-кезең.

Жетекші білім мен оқу амалдарын өзектендіру кезеңі

Үй тапсырмасы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі.

  1. Конституция дегеніміз не?

  2. ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

  3. Конституцияда мемлекеттің қандай белгілері анықталады?

  4. Конституция азаматтарға қандай құқықтар береді?

  5. Саяси құқықтарға қандай құқықтар жатады?

  6. Сайлау және сайлану құқықтары дегеніміз не?

  7. Қазақстан Республикасында қанша жасқа толған азаматтардың сайлауға құқығы бар?

  8. Азаматтардың әлеуметтік құқықтарына қандай құқықтар жатады?

  9. Азаматтардың Конституцияда көрсетілген және Конституциядан туындайтын міндеттерін түсіндіріңіз?

  10. ҚР Конституциясының құрылымы ?

  11. І бөлімге сипаттама беріңіз?

  12. ІІ бөлімге сипаттама беріңіз?

  13. ІІІ, ІҮ, Ү бөлімге сипаттама беріңіз?

  14. ҮІ, ҮІІ бөлімге сипаттама беріңіз?

  15. ҮІІІ, ІХ бөлімге сипаттама беріңіз

Бірінші белгі.Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері барлық оқушыларға қойылады

А

Б

+

_

_

+

+

+



3-кезең Қабылдауды ұйымдастыру

1. Жаңа сабақты электронды оқулық,флипчарт,видео түсірілім арқылы түсіндіру.(қысқаша 4- 5 минут)


  • Президент

Қазақстан Республикасының Президенті- мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.


  • Парламент және оның құрамы


Парламент- Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган.


DrawObject1

DrawObject3 DrawObject2 Парламент заң


Жоғары палата Төменгі палата

DrawObject5 DrawObject4


Сенат (6 жыл) Мәжіліс (5 жыл)



- Үкімет- атқарушы биліктің жоғары органы


DrawObject6

Премьер- Министр қаулы

DrawObject8 DrawObject7

DrawObject9 DrawObject10

Орталық Жергілікті

DrawObject11


DrawObject12

Мәслихат (5 жыл)



  • Конституциялық Кеңес (6 жыл)

Жеті мүшеден тұрады: екі мүшесін- Республика Президенті, екі мүшесін- Сенат, екі мүшесін- Мәжіліс, ҚР- ң экс- Президенттері ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады.


  • Сот билігі ҚР- ң атынан жүзеге асырылады.


Сот жүйесінің құрылымы

DrawObject14 DrawObject13

Жоғарғы сот Жергілікті сот




  • Тірек сөзбен жұмыс

(14 сөзден тұратын тірек сөздердің мағанасы түсіндірілді. Тірек сөздер жабылды.Жазуға берілген уақыт есте сақтау уақытына тең .

- Қазақстан

- Конституция

- Президент

- Парламент

- Республика

- Сайлау

- Үкімет

- Сенат

- Мәжіліс

- Депутат

- Сот билігі

- Мәслихат

- Заң



























































Екінші белгі.

14-тірек сөз

1минут-15 секунд

жаттайды ,

1минут15 секунд

А

Б

+

_

_

+

+

+

жазады



4-кезең Ұғынуды ұйымдастыру

Мәтінмен жұмыс (оқушылар берілген мәтінді оқиды, бір парақты 4 минут ішінде оқып шығуы тиіс.Оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алынатыны ескертіледі.

9 сыныптарға мәтіннің бір парағына 4 минут уақыт беріледі


5-кезең Түсінудің алғашқы тексерілуі

Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.

  1. «Президенттік Республика» деген нені білдіреді?

  2. Президент дегеніміз ?

  3. Президент неше жылға сайланады ?

  4. Президенттік сайлауға үміткерлерге қойылатын талаптар?

  5. Парламент дегеніміз?

  6. Парламент палаталары?

  7. Сенат дегеніміз не?

  8. Сенат депутаттарына қойылатын талаптар?

  9. Мәжіліс дегеніміз?

  10. Мәжіліс депутаттарына қойылатын талаптар?

  11. Мәжілістің қазіргі құрамы?

  12. Үкімет дегеніміз?

  13. Конституциялық Кеңес дегеніміз?

  14. Сот жүйесінің қызметі ?

Үшінші белгі (барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады)

Мұғалім жауаптар бойынша қысқаша талдау жүргізеді (1 мин)


6-кезең

Алғашқы бекітуді ұйымдастыру

Сын тұрғысынан сұрау.Мұғалім оқушыларды рет ретімен емес ООМ бойынша сабақтың тақырыбын сұрайды. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап дәлелденуі тиіс.

  1. ҚР Президенті 5 жыл мерзімге сайланады? (+)

  2. Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі? (+)

  3. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі- бес жыл (-)

  4. Премьер- Министр Үкімет қызметін ұйымдастырып, басшылық жасайды. (+)

  5. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелді (-)

  6. Үкімет – атқарушы биліктің жоғары органы (+)

  7. Мәслихат депутаттары 6 жыл мерзімге сайланады (-)

  8. Парламент- ҚР- ғы заң шығарушы орган? (+)

  9. Мәжіліс- ҚР Парламентінің жоғарғы палатасы (-)

  10. Конституциялық Кеңес жеті адамнан тұрады (+)

  11. Мәжіліс 110 депутаттан тұрады? (-)

  12. ҚР- ғы сот жүйесі Жоғарғы сот пен жергілікті соттардан құралады (+)

  13. Мәжіліс құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 11 депутаттан тұрады? (-)

  14. Аудандық соттар жергілікті соттар құрамына кіреді? (+)

Төртінші белгі (барлық

оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады) Мұғалім жауаптар бойынша қысқаша талдау жүргізеді (1 мин)


7-кезең

Түйсіну


ТСҚ Жаңа сабақ бойынша тақырыптық сөздік қорды тексеру жүргізіледі. Шығарма,эссе түрінде, 5-минутта 56 сөзден кем болмауы керек. Ең көп сөз жазған оқушының жұмысы тыңдалады.

Бесінші белгі (барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады)


8-кезең Қорытынды

лау

Мұғалім тақырып бойынша өз көзқарасын жеткізіп, сабақты қорытындылайды. Оқушылардың жауап бергендері талданады. Тез және сапалы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтайды.

Білім сапасының нормативі оқушылардың 63 пайызы 5 ұпайдан алуы тиіс.

А

Б

+++

+ +

+ + +

-+


+ + +

- -

+++

-+

+++

++

+++-+



9-кезең Үй тапсырмасы

4 белгіден кем алған оқушылар үйге шығармашылық тапсырма алады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
1335
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі