400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мен анама көмектесемін" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге арналған ашық сабақ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

8-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Нәтиже сабақ

«Мен ата –анама көмектесемін»

Мақсаты:

Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік бекіту. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, әрдайым көмекке келуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Отбасының қоғамдағы орны туралы біледі.

Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді.

Өзін және сыныптарын бағалайды.

Түйінді түсінік:

Отбасы, адамзат, қоғам.

Керекті жабдықтар:

Интербелсенді тақта, компьютер, флипчарт, смайликтер, стикерлері, рефлексия парағы, «Перзент парызы» видеоклипі

Қолданылатын әдіс – тәсілдер:

Топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі:

А) сәлемдесу, түгендеу

Ә) топқа бөлу (мақал мәтелдер

қиындылармен топқа бөлінеді)

Б) Тренинг «Тілек айту»

В) Топ ережесін еске түсіру


Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.


Тұсаукесер

KGVН&FӘ@Z

ТQ&И!RЖ”Q

ЕR#@ СF$АJL%Б

@JАV(ҚWЬЧЭ


-Қандай сөз тердіңдер?

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Нәтиже сабақ» , өткен модуль бойынша білімімізді тиянақтап, бекітеміз.


-Отбасы дегеніміз не? Қалай түсінесізіңдер? Отбасы қандай болуы керек?

Отбасы туралы пікірлерін ортаға салу.

«Сократ» стратегиясы


-Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары.


Ойланып дәптерге түсіріп, анықтама береді, жауап береді.

Топтардағы әр оқушының пікірін тыңдау.


Интербелсенді тақтаға келіп жазады

- ойланады;

- естеріне түсіреді

-мысалдар келтіреді.



Негізгі бөлім

1-топ: «Отбасыға тигізетін пайда» тақырыбына диалог құрады.


2-топ: Отбасы тақырыбына мақал –мәтел


3- топ: «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.


«Екі жұлдыз бір ұсыныпен бағаланады».


Сергіту сәті


Жазылым:

1 тапсырма:


Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес (Ғ. Мустафин)


Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.


Атаңа ауыр сөз айтпа,

Атыңа ауыр жүк артпа.


(Сөйлем мүшесіне қарай талдайды)


2 тапсырма:

(Берілген сөздерден сөйлем құрайды)


1 топ: Бала, алады, әкеден, мейірім, анадан, ақыл. (Ақыл сөзін септеңдер)



2 топ: Асыраушысы, отбасының, әке, қамқоршысы, тірегі. ( Әке сөзін тәуелдеңдер)


3 топ: Қай, білімді, ата- ана, парасатты, болмасын, мәдениетті, баласының, қалайды, тәртіпті, болуын, әдепті.

(Білімді сөзіне морфологиялық талдау)


(топ басшысы бағалау парағына бағалайды)



Тест тапсырмалары: 39 бет.


(сағаттың тілімен ауыстырып, бір бірін тексереді)


Дұрыс жауаптар:

1-C, 2-A, 3-C, 4-В, 5- В, 6- А, 7- с, 8- В, 9- В, 10- В




Әр топқа тақырып төңірегенде мәтіндер беріледі.

Әр топ тақырыптың мазмұнын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашу мақсатында жоба құрады, қорғайды. Жұмыстану үшін топ басшысын сайлап алады. Әрбір топтан шыққан 3 көшбасшыны қалған топтар формативті: «басбармақ», «бағдаршам», «2 жұлдыз бір тілек» арқылы бағалайды.

Қорытынды

Кері байланыс парағын толтыру.

Кері байланыс парағы:

Бүгін мен сабақта білдім (нені)?

Бүгін мен сабақта үйрендім (неге?)

Бүгін мен үшін күтпеген нәрсе болды (не?)



Үйге: «Ата көрген оқ жонады, шеше көрген тон пішеді» тақырыбында эссе жазады.




«Тілек ағашына» оқушылар алмаға, көбелекке ата – аналарына тілектері немесе шығарған өлеңдерімен, тәрбие сағатынан алған әсерлерімен бөліседі.














































Ұлағатты сөздер


Ата-ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы.

(Ғ. Мустафин)


Баланың жақсысы – қызық, жаманы –күйік

(Абай)


Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес

(Ғ. Мустафин)

Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі

(А.С.Пушкин)


Баланың бас ұстазы – ата-анасы.



Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.



Атаңа ауыр сөз айтпа,

Атыңа ауыр жүк артпа.


Анадан артық дос бар ма,

Ашудан артық қас бар ма?


Ата-анаңның қадірін – балалы болғанда білерсің,

(халық мақалы)





Жаднама: «Ата-анам – ардақтым!»


Ата-анаңды өмір бойы сыйла!;

Ата-анаңа ауыр сөз айтпа;

Ата-анаңның қателігін бетіне баспа;

Өзгелердің ата-анасымен салыстырма;

Оларды қалай жақсы көретініңді жиі айтып отыр;

Күнде таңертең амандас;

Үй шаруасына қолғабыс ет;

Алыста жүрсең жиі хабарласып тұр;

Ата-анаңа жаманат келтірме;

Өзің есейгенде рухани, материалдық жағынан қарасып тұр!;

Ата-анаңның достарын сыйла;

Қартайған шақтарында көңілдерін аула!;

Ауырып-сырқағанда қабақ шытпай бақ!;

Олар қандай жағдай да сен үшін «ең асыл жандар» екенін ұмытпа!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі