Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мен ерекше баламын

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Өзін – өзі тану

Тақырыбы: Мен ерекше баламын

Мақсаты: Өздерін тануға, өз ерекшеліктерін білуге үйрету.

Міндеттері: - балалардың өзіндік «Менін» ұғындыру, түсіндіру;

- өздерін тануға, өз ерекшеліктерін білуге үйрету ;

- өз бастарын сыйлап, бағалай білуге тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: Я– мен, умный – ақылды, честный – шыншыл.



Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушы кезең


Шаттық шеңбері:

Амансың ба алтын күн,

Амансың ба жер ана.

Амансың ба достарым,

Сендерді көрсем қуанам.


Балалар шеңбер бойына жиналады.


Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең


Қ. Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» өлеңін тыңдау.

Әңгімелесу.

Балаларға сұрақтар қою:

- Өлеңді тыңдап отырғанда қандай сезімде болдыңдар?

- Біздер бір-бірімізге ұқсаймыз ба?



Балалардың ойларын түйіндеу

- Барлығымыз да бір-бірімізге ұқсаспыз. Бірақ бізді бір –бірімізден ажыратып тұрған, ол біздің жеке ерекшеліктеріміз, бойымыздағы қасиеттер екен. Әрбір адам өзінің қызығушылығын, кім екендігін, өз орнын білуі керек. Бүгін кішкентай болсақ, ертең үлкен азамат боламыз. Ал үлкен азамат болу үшін бүгінгі күннен бастап ақылды, әдепті, алғыр, батыл, шыншыл, табанды, еңбекқор болуымыз қажет. Бұл қасиеттер сендердің әрқайсыңның бойларыңнан табылады. Осы бойымыздағы бар қасиетті шыңдай білетін болсақ, біз жақсы азамат боламыз.

Ойын: «Өзімізді мақтайық»

Ойынның шарты: Балалар шеңберге тұрып, әрбір бал өздеріне ұнайтын өз бойларындағы жақсы қасиеттерін айтып, өзін мақтайды.

Ойынды қорытындылау:

- Балалар, сендердің өз бойларыңдағы қасиеттеріңді білетіндіктеріңе өте қуаныштымын. Әрбір адам қайталанбайтын дара тұлға. Әрқашан осымен ерекшеленіп тұрасыңдар. Сондықтан өз ерекшеліктеріңді біліп, өзгелердің де ерекшеліктерін сыйлап жүріңдер.

- Ал адам өз ерекшелігіне тым мақтанып, масаттанып кетсе не болады деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар, өзімшіл, менмен болмау керек. Менмендік бойын жайлаған адам тек өзіне ғана көңіл аударады. Осындай жаман қасиеттен сақ болайық.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел ескді.

Кіп – кішкентай балалар,

Үп – үлкен боп өседі.

Әңгімелесу. Ж. Саинның «Кім болам?» өлеңін оқып беру.

Ғажайып сөздер

- Мен жақсы баламын;

- Мен ерекше баламын;

- Мен өзімді жақсы көремін;

- Менің қолымнан бәрі келеді.




Балалар сұрақтарға өз сөздерімен жауап береді.



















Балалардың жауаптары тыңдалады.



Сергіту сәтін қимылмен орындайды.




Балалар қайталап айтады.


Рефлексивті-түзетуші кезең


Жүректен жүрекке. «Келші, келші, балашым» әні.


Барлығы қосылып айтады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: ғажайып сөздерді естеріне жақсы сақтай білуі керек.

Болуы керек: әр бала өз бойларындағы ерекшеліктерге сай болуы керек.

Жасай білуі: шаттық шеңберін қимылмен жасай білуі керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
4115
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12