Ашық сабақ "Мен қандаймын?" 4 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мен қандаймын?" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Өзін-өзі тану пәні

Сабақ түрі:

Тренинг сабақ.

Қатысушылар:

4 сынып оқушылары

Мұғалім:

Е.Н.Есболатқызы

Тақырыбы:

«Мен қандай адаммын?»

Мақсаты:

  1. Оқушылардың өзіне баға беруі, өзіндік ерекшеліктерін анықтауы.

  2. Оқушылардың өзінің жақсы қасиеттерін бағалауы, дамытуы

Көрнекілігі:

Түрлі түсті карточкалар, шар

Сабақ барысы:

Танысу:Шаттық шеңберінде танысу, өзінің атының бас әріпінен келетін жақсы қасиеттер.

Түстер сөйлейді: Мұғалім әр түрлі түсті карточкаларды оқушыларға ұсынады, оқушылар өзіне ұнаған түсін таңдайды. Мұғалім түстер психологиясына сәйкес оқушылардың көңіл-күйін айтып береді. Қызыл- қызығушылықты білдіреді, сары – қуанышты білдіреді, жасыл- тыныштықты сабырлылықты білдіреді, көк- сенімдіклікті білдіреді.

Мақалдар:

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,

Бір жақсы мың қолды ерітеді.

Жақсы адам елдің ырысы,

Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы кісі текшіл,

Жаман кісі кекшіл.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,

Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.

Жақсы арына құл, жаман малына құл.

Жақсының жақсылығын айт: Әр оқушы өзінің парталас көршісінің үш жақсы қасиеттерін айтады.

Қасиеттерге толы шар: Әр оқушыға екі шар беріледі. Бірінші шарға оқушы өзінің жаман мінездерін айтып үреді де жарады, екінші шарға жақсы қасиеттерін айтып үредіде оны сақтап қояды.

Релаксация: «Ризашылық» Барлығымыз денемізді бос ұстап, өзімізді еркін сезінейік. Тынышталамыз. Көзімізді жұмайық, ішімізден 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-ға санаймыз. Бүкіл болмысымызбен өзімізді тыңдаймыз. Айналамызды қоршаған орта – орман, көл, тау, бұлт, жарқыраған күннің нұры бізді шуағына бөлеп тербейді. Қоршаған әсем табиғатқа зер салып, үңілейік. Мөп-мөлдір көлдің суына үңілсек, өзімізді көреміз, таудың аппақ ұшар басы біздің көңіліміздей аппақ, аспандағы ақ мамық бұлт бізді қол бұлғап шақырады. Бір сәтте бұлттың үстіндеің. Мен таудай биікпін! Мен алыптай мықтымын! Мен ғарыштай ғажайыппын! Мен теңіздей тұңғиықпын! Мен күндей жарықпын! Мен бұлақтай мөлдірмін! Мен өзіме ризамын! Енді ішімізден 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1-ге дейін ішімізден кері санаймыз! Көздерімізді ашамыз, жинақталамыз!!!

Шаттық шеңбері: Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып бір-бірі тілек айтады.



Қорытынды:

Оқушылардың сабақтан алған әсерлерімен бөлісуі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2021
1148
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі