Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мен таңдайтын мамандық 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдебиеттік оқу сабағында тиімді қолдана алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Сабақтың тақырыбы : Мен таңдайтын мамандық Ө.Ақыпбекұлы

Сабақтың мақсаты: Ө.Ақыпбекұлы шығармасын таныстыру.

Білімділігі : Мамандық түрлері мен иелері,жұмыс ерекшеліктері туралы

мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Оқушыларға өз таңдауындағы мамандық жөнінде түсінік

қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Елге қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс,ой бөлісу,венн диаграммасы,талдау

Көрнекілігі:

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

  1. топ – Толқын

  2. топ - Каспий

  3. топ- Шағала

Сабақтың ерекшелігімен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Т.Айбергеновтың «Өсіп келе жатырмын» өлеңін жатқа айту.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  • Балалар, мен сендерге сөзжұмбақ жасырғым келіп тұр, тақтаға назар аударайық (тақтаға сөзжұмбақ ілінеді).

1.Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Мұғалім)

2.Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол. (Аспазшы)

3.Түнде де күндіз де тілдесем жұлдызбен,

Күндіз де тексеріп күнделік жүргізем. (Астроном)

4.Маңдайға жағып шырақты,

Лавалардан тұрақты.

Ағызып отын өзенін,

Жылытқан кім өз елін? ( Шахтёр)

5.Өрнектеп , сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігеді? (тігінші )

6.Іш ауырса, тіс ауырса,

Маған дәрі береді.

Барлық бала, барлық ана,

Оны жақсы көреді. дәрігер

7.Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.( Шаштараз)

8.Күміс қанат, сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді?( Ұшқыш)

-Балалар бұл жауап иелерін бір сөзбен қалай атаймыз ? Мамандық!

ІV. Қызығушылығын ояту. «Мамандықтар теңізіне» саяхат

  • Саяхатымызды бастайық.

  1. « Мамандық деген не?» аялдамасы

А.Мұғалім мамандық туралы қысқаша мағлұмат береді.

Ә.Оқушылар мамандық туралы білетіндерін әңгімелейді.

-біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;

-адамның болашаққа апаратын жолы;

-адамның алдағы уақытқа қойған мақсаттының бірі;

-мамандық бойынша адам жұмыс істейді;

-оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;

-ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату,таңдау,арманыңды іске асыру;

- мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;

-келешекке қойған жоспары,мамандығын ойдағыдай бітірсе,игерсе ол адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

V.Оқулықпен жұмыс. Ой қозғау

- Теңіздің үстінде екі шағала ұшып келеді екен. Ауыздарында тістеген бір нәрсесі бар екен. Мынау хат қой. Сол хатты ашып оқиық. Мына хатта Өтепбергенов Ақылбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» өлеңі беріліпті. Кәне, өлеңді оқып шығайық. Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, оқушыларға сұрақтар беріледі.

а. Әнші немен айналысады?

ә. Күләш Бәйсейтова деген кім?

б.Әміре Қашаубаев кім ?

1.Оқушылар әншілердің өмірбаяндары туралы қысқаша мәлімет береді.

2.Өлеңде тағы кімдер туралы айтылған?

Мен таңдайтын мамандық

Кәсіпкер вело-спортшы геолог ғарышкер .

3.Оқушылар осы мамандықтар туралы бар білгендерін айтып шығады.

-Қандай ауыл кәсіпкерлерін білесіңдер?

-Вело-спортшы Қазақстандық олимпиада чемпионы кім?

-Қазақстандағы алғаш геолог-ғылым?

-Тұңғыш ғарышкер?

-Өлеңде өз таңдаған мамандығын бар ма?

4.Сөздікпен жұмыс

Ғұмыр- өмір

Жалгер-жалданып жұмыс істейтіндер

Ғанибет – игілікті іс

5.Сатылай кешенді талдау









  1. « Ойлан, тап» аялдамасы

  • Бұл аялдамада біз «Мамандықтарды тап» ойынын ойнаймыз. Мен айналысатын кәсібін айтамын, ал сіздер қай мамандық екенін екенін айтасыздар.

  • Неше түрлі дәмді тағамдар пісіреді;

  • Жеке кәсіппен айналысады;

  • Ұлттық және өзге ұлт билерін билейді;

  • Адамдарды бейнелейді;

  • Суға кеткен адамдарға көмектеседі;

  • Неше түрлі көкөністер егеді;

  • Әртүрлі спорт түрімен айналысады;

  • Киімдер , тағамдар сатады;

  • Түрлі көлік түрін жүргізеді.

  1. «Әріпті мамандық» аялдамасы Топпен жұмыс

Әр топқа әріптер беріледі. Сол әріптен басталатын мамандықтарды жазады.

«Толқын» тобына «А» әрпі

«Каспий» тобына «К» әрпі

«Шағала» тобына «М» әрпі

Үш топтан бір – бірден оқушы шығып сөздерді сөз құрамына талдайды.

4. «Сурет галлериясы» аялдамасы

Бұл аялдамада оқушылар өздерінің болашақтағы мамандықтарын қағаз бетіне түсіреді. Сурет бойынша әр оқушы салған суреттері туралы әңгімелеп береді.

У. Қорытындылау.

- Балалар, бүгін біз мамандықтар туралы көп әңгіме айттық. Ж.Аймауытов атамыз айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» Кез келген адам белгілі бір мамандық иесі бола алады. Бірақ, адамдардың түрлері көп.Кейбір адамдар еңбекқор болады, ал кейбіреуі еріншек жалқау болады. Енді сабағымызды қорытындылау үшін Венн диаграммасымен жұмыс жасайық. Еңбекқор адам мен еріншік адамның айырмашылықтары мен ұйқастықтарына сипаттама бере отырып, диаграмманы толтырасыздар.



Еңбекқор Еріншек













VІ.Бағалау.

VП.Үйге тапсырма. « Менің арманым» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Сабақтың тақырыбы: Ө. Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, СКТ, ТС, ребус,
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, жандандыру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Техникалық құрал: интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Бүгін біз үшін ерекше сабақ. Мен сендерге сабақта сәттілік тілеймін.
2. Психологиялық сәт. 1 - флипчард
Бақыт менде,
Бақыт сенде,
Бейбітшілік, бейбітшілік.
Бейбітшілік менде
Бейбітшілік сенде
Бейбітшілік барлық жерде.

II. Өткенді пысықтау: 1. Үй тапсырмасына не берілді?
2 - флипчард.
1 - топ. Төлеген Айбергенов кім?
2 - топ. Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
3 - топ. Өлеңді тізбектеп жатқа айту.
2. Тапсырмалар беру:
3 - флипчард.
1 - топ. «Еңбек»туралы мақал - мәтелдер айтыңдар.
2 - топ. Ребус шешіңдер.
3 - топ. «Адал тер» дегенді қалай түсінесіңдер.
4 - флипчард. Әр топқа мамандық бойынша ат қою.
1 - топ - Мұғалім. 2 - топ - Дәрігер. 3 - топ - Биші.

III. Жаңа сабаққа көшу кезеңі:
5 - флипчард.
1 - топ. Мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
2 - топ. Еңбек деген не?
3 - топ. Мамандық деген не?

IY. Жаңа сабақ: 1. Балалар біз бүгін ақын Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» атты өлеңімен танысамыз.
Ақын туралы түсінік беру. 6 - флипчард. (Дәптерге күн ретін, тақырыпты жаздырту.)
2. Бұл өлең мамандық туралы, мүмкін сендердің де таңдап жүрген мамандықтарың осы өлең жолдарынан кездесіп қалар, оқып көрейік.
3. Өлеңді мәнерлеп оқу.
4. Іштей оқу. 5. Әр шумақты оқушыларға оқыту.(Әр флипчардта өлең шумақтары мен мамандық түрінің суреті бар)
Мен таңдайтын мамандық... 7 - флипчард.
Ай - һой, ғажап қандай бұл!
Ал, қане, кәсіп таңдай біл:
Аламын қандай мамандық,
Алдымда толған таңдау тұр.
Әлемге ән боп жалғанар,
Әйгілі небір тарландар.
Әуелей ұшқан аққудың
Әсерлі үнін салған дәл
Әміре менен Күләштай,
Әнші болсам не арман бар?

Кәсіпкер болсам егер де, 8 - флипчард
Бар әлемді кезем де:
Бар пайданы ойламай,
Барымды берем мен елге.

Велосипед мініп, одан да 9 - флипчард
Вело - спортшы болам ба?
Вело жарыс жолында
Великпен желден озам да.

Геолог болып тегі мен, 10 - флипчард
Гүл жайнаған өңірден:
Гуілдеп күн - түн тынбайтын,
Газдың ашам кенін мен.
Ғалымның жолы ғажайып!
Ғибрат сабақ алайық,
Ғұмыр бойы ізденіп,
Ғанибет ашу - жаңалық.

Ғылымға құмар қалпыммен, 11 - флипчард
Ғарышкер болам, бәлкім, мен:
Ғұмырлы қазақ елінің,
Ғарышқа жаяр сатын кең...

Ес көретін өз елі, 12 - флипчард
Ер мінезді, беделді:
Ел мен елді дос етер,
Елші болғым келеді...
Әр шумаққа тоқталып, слайд бойынша түсінік беру
5. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасату. 13 - флипчард
Авторы:
Тақырыбы:
Жанр түрі:
Идеясы:
Шумақ:
Тармақ:
Буын саны:
Ұйқас түрі:
Түсіндірме сөздік:
6. Сергіту сәті. 14 - флипчард
Y. Бекіту. 15 - флипчард
1 - топ. Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталды?
2топ. Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасыңдар?
3 - топ. Өлеңде өз таңдаған мамандығың бар ма екен? Сол мамандық жайлы білетін тақпақтар айтып көрейік.

5. Ой қозғау. 16 - флипчард
1 - топ. Бірінші болып көмекке келетін мамандық түрін жұмбақтап бір - бірінен сұрайды.
2 - топ. Мамандық түрін олардың құралдары арқылы табайық.

Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

- Күрегі бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Диқан)
3 - топ. Мамандықтар туралы жұмбақтар айту.

YII. Сабақты қорытындылау: 1. Топтастыру стратегиясын құру. 17 - флипчард Оқушылар өз таңдаған мамандықтарын жазады.
YII. Үйге тапсырма беру: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу. 18 - флипчард
2. Таңдаған мамандық туралы шығарма жазу.
YIII. Бағалау. 19 – флипчард



САБАҚ: Ө.Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық

Саржансай орта мектебі

Күні: 3.02.2017ж

Мұғалім: Идрисова А.С.

Сынып: 4

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Көркем шығарма үлгісінде оқу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Автордың көзқарасынан мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегінің маңыздылығы туралы білім беру. Әңгіме құрастыруда өз ойын нақты және түсінікті жеткізе білу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту, оқу дағдыларын жетілдіру.Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Өлеңді мәнерлеп оқиды,мамандықтарды біледі

Оқушылардың басым бөлігі:Өлеңді өмірмен байланыстырып мысалдар келтіре алады

Кейбір оқушылар:

Тілдік мақсат:

Оқушылар:өзінің болашақ мамандығы туралы сөз қозғайды

Негізгі сөздер мен тіркестер:мамандық,кәсіпкер,елші,геолог

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Алдыңғы оқу


ЖОСПАР


КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

І Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин









Қызығушылықты ояту



5 мин


Психологиялық дайындық.
Арайлап бүгін атты күн,
Шашып бізге шапағын
Тілейміз сізге ақ таңның
Қуанышын шаттығын
Қайырлы таң,Қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!

Бір-біріне жақсы тілектер тілейді










«Болжам жасау» стратегиясы

Есік ашылды да,үйге Әнуар кіріп келді.

-Бітті мәселе шешілді. Бұдан былай мектепке бармаймын.Оқи аламын, жаза да білемін,ендігі жерде онда мен не істеймін?

Әкесі мен шешесі таңғалып, бір-біріне қарады. Олардың әрқайсысы өз ісімен айналысуда еді:шешесі столда жазу жа-зып отырған, әкесі терезенің алдында сызу сызып отырған.

-Жарайды, балам, шешініп демал. Шаршап келген боларсың,-деді шешесі.

Әнуар біраздан кейін:

Ертең барып,жұмысқа орналасамын,-деді

-Кім болып істегің келеді? –деп сұрады шешесі.

-Ең болмағанда сен сияқты дәрігер болып істеймін.

-онда маған келіп көмектес. Тұмау тиіп ауырған адамға дәрі алатын қағаз жа-зып бер.Дәрі алатын қағаз латынша жа-зылады.Ал қалай жазуды өзің білуге тиістісің, сен дәрігерсің ғой.Жоқ,

маған сенің жұмысың ұнамайды,-деді.

-Әнуар,- деп шақырып алды әкесі.- Сызбаны көрсетіп, неге екенін білмей-мін, менің сызбам дұрыс шықпай тұрғаны.Әнуар сызбаға жақындап барды.-Бала түсініксіз бір нәрселер сызылған қағаз бетіне ұзақ қарап тұрды да :-Әрі қарай бала қандай әрекет жасайды деп ойлайсыңдар?

Топқа бөлу: мамандық атаулары

Әңгімені тыңдап алып, баланың әрекеттерін әрі қарай болжайды.































































«Кәсіпкер», «Геолог», «Елші», «Ғарышкер» топтарына бөлінеді

ІІ.Сабақтың ортасы

Мағынаны тану





20 мин

Сонымен, бүгін не туралы өтпекпіз?

«Автормен танысу»

Өтепберген Ақыпбекұлы- (1950-2007) жазушы,ақын, тілші,редактор. Әр жылдары «Экологиялық әліппе», «Балдай тәтті әліппе», «Қызықты әліппе», «Мен таңдайтын мамандық» т.б балаларға арналған өлең кітаптары жарық көрген.

«Ассоциация» стратегиясы

Мамандық сөзін топтастыру

Жаңа тақырыппен жұмыс

мәнерлеп тұтас оқу (мұғалімнің оқуы)

  • Сөздік жұмысы

Ғұмыр-өмір.

Жалгер-жалданып жұмыс істейтіндер

Ганибет- игілік ,игілікті іс.

  • іштей оқу (оқушылардың оқуы)

  • мәнерлеп тізбектей оқу

Топтық жұмыс

Әр топ өз мамандығына постер дайындайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.



Қажетті мәліметті түртіп алады











Мамандық сөзіне ассоциация жасайды. Алдымен жеке, сонан соң топпен жинақтайды.



Сөздік сөздерді дәптерлеріне жазады







Постерлерін түсіндіріп, қорғайды.

ІІІ.Сабақтың соңы

Ойтолғаныс

10 мин

«Кім көп біледі?» ойыны

Мамандық атауларын жазу

«Адасқан жолдар» стратегиясы

Келіспейтін өлең жолдарын өз орнына қою

Қай топ көбірек мамандықтарды білетінін анықтау.

Қимақағаздармен жұмыс

Бағалау 3 мин

«Табыс баспалдағы»

Өз бағасын қояды

Кері байланыс

5 мин

«МЕН» рефлексиясы

МЕН білдім

МЕН істей алдым

МЕН қиналдым

Стикерге әркәм өз жауабын жазады


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2019
1458
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12