Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Мен ұнататын жыл мезгілі. Дыбыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Сауат ашу

Бөлім: Өзім туралы

Күні: 2020ж.

Сынып: 1

Мектеп:К.Әзірбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп.

Мұғалімнің аты-жөні: Сахова Катира Масабековна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мен ұнататын жыл мезгілі.Дыбыс.

Оқу мақсаттары


1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру.

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлері (дауысты,дауыссыз,жуан,жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.


Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар: Сурет бойынша сұрақтар қоя біледі. Сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

Көптеген оқушылар: Қойылған сұраққа жауап береді.

Берілген сөз сызбасын оқиды. Сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың түсіне назар аударып, олардың сөздегі орнын анықтайды.

Кейбір оқушылар: Ашық сұрақтарға жауап береді және дәлелдеулер жасайды. Сөз дыбыстардан тұратынын біледі және оны сызбамен белгілейді


Бағалау критерийлері

-Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты/дауыссыз) ажыратады.

- Иллюстрация бойынша сұрақ қояды,қойылған сұраққа жауап береді.

Тілдік мақсаты

Құндылықтарды дарыту

Қабылдау қабілеттерін; ауызша тілін дамыту; топта жұмыс істей алу; табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,математика,бейнелеу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс

Алдыңғы білімді игерулері

Мектепалды дайындық топтағы алынған дыбыс туралы білім мен дағдыларға негізделеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

(Ж) «БИОПОЭМА» әдісі.

Мақсаты: Жұпта ой бөлісу,бір-бірімен жақынырақ таныстыру, толығырақ білу.

Төмендегі сұрақтарды тірек етіп, бір-біріне сұрақ қоюларың керек.

-Атың кім?

- Қай жыл мезгілін ұнатасың?

-Достарың кім?

-Неден қорқасың?

-Қайда тұрасың?

-Қайда барғың келеді?


Топқа бөлу. Күз мезгілі болғандықтан түрлі жемістердің суреттері арқылы топқа бөлу.

1-топ - алма

2-топ -шие

3-топ -алмұрт

4-топ -өрік

Ширату тапсырмасы: (Т) «Мозайка»әдісі.

Мақсаты: Топта жұмыс істеуге дағдыландыру.

Бөліктерден жыл мезгілдерін құрастырады. Суреттердегі жыл мезгілдерін атайды. Сурет бойынша сұрақтарға қиналмай жауап береді.

Кері байланыс: Жарайсыңдар! Бөліктерден жыл мезгілдерін құрастырдыңдар.Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.

Оқушыларға сабақ мақсаттарын таныстырып өтемін.
















Жыл мезгілдерінің суреттері. Жеміс-жидектердің суреті



Сабақтың ортасы


25 мин























































1-тапсырма (Ұ) «Сиқырлы таспа» әдісі.

Бұл қай кезде болады?» өлеңін аудио үнтаспадан тыңдату.

Жыл мезгілдерін тауып, ерекшеліктерін анықтайды.

Дескриптор:

-Үнтаспаны тыңдайды, Жыл мезгілдерін табады

-Ерекшеліктерін айтады.

ҚБ: «Бас бармақ бағымдары » әдісі арқылы бір –бірін бағалау.

Кері байланыс:Жарайсыңдар! Жыл мезгілдерін дұрыс тауып, ерекшеліктерін айта білдіңдер.

2-тапсырма. Белсенді оқу. (Т) «Сәйкестендір» әдісі. Саралаудың жұмыс қарқыны тәсілі бойынша кейбір оқушылар жылдам жауап береді, көмек қажет ететін оқушыларға уақыт беріледі.

Мақсаты: Екі жақтағы суреттерді сәйкестендіреді.

Сөзде неше дыбыс барын айтады.

Дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояйды.

Дескриптор:

-Екі жақтағы суреттерді сәйкестендіреді;

- сөздегі дыбыс санын анықтайды;

- дауысты дыбыстарды анықтайды

- дауыссыз дыбыстарды анықтайды.

Тиімділігі:Тапсырма оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытады, баланың айтылым,тыңдалым дағдысы қалыптасады.

ҚБ: «От шашу» әдісі әр топ бірін-бірі бағалайды.

Сергіту сәті. Балалар қимыл- қозғалыс арқылы орындайды.

Күн шықты.

Жел тұрды.

Жаңбыр жауды.

Боран болды.

Күн суытты.

3-тапсырма (Ө)«Дербес пікір» әдісі. Саралаудың қолдау тәсілі

Нұсқау: Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Неліктен? сұрағына жауап береді.Өздерінің жақсы көретін жыл мезгілдері туралы ойларын ортаға салады.

Оқушылардың айтылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру.

Саралау: Оқушылардың деңгейіне қарай қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

-Мен жазды жақсы көремін,себебі ...

-Мен күзді жақсы көремін,себебі...

-Мен қысты жақсы көремін,себебі...

-Мен көктемді жақсы көремін,себебі...

Дескриптор

-Сен жылдың қай мезгілін ұнатасың? сұрағына жауап бере алады.

-Неліктен? сұрағына жауап береді;

- Сөйлемнің құрылымын сақтайды.

ҚБ: «Ауа райы» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау.

4-тапсырма. ( Ө) «Шебер саусақтар» әдісі

Мақсаты: Білім алушының шығармашылық, жазылым дағдылырын қалыптастыру.

Нұсқау: Әртүрлі түзу, қисық, сынық сызықтарды сызып, қима қағазда берілген суреттерді бояйды.

Дескриптор:

- Әртүрлі түзу, қисық, сынық сызықтарды сызады.

.-Суреттерді бояйды

ҚБ: Жұлдызшамен бағалау.

Кері байланыс: Керемет! Сызықтарды көркем етіп жаздыңдар.Суреттердің бояуын дұрыс таңдапсыңдар.

Аудио үнтаспа








Жыл мезгілдерінің суреттері












--------














Сәйкестендіру кестесі



Суреттер






Дәптермен жұмыс


Суреттер


Жұлдызша




Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс: «Бір сөзбен» әдісі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
537
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12