400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің атым Қожа" повесінен үзінді. Сенім арту

Материал туралы қысқаша түсінік
Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: КММ Ғ. Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназиясы

Күні: 28.09.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Унербаева Айнур Аблазимовна

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Адамгершілік-асыл қасиет

Сабақтың атауы

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сенім арту.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.2.2.1. эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

Сабақ мақсаттары

(SMART мақсаттар)

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Б.Сокпақбаев жайлы мәлімет біледі.

  • «Менің атым Қожа» повесімен танысып, мазмұнын меңгереді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Б.Сокпақбаевтың өмірі, шығармашылығы жайлы біледі.

  • Шығармадағы негізгі ойды анықтайды, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме бере алады, талдау жасай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:





  • Кейіпкер характерін аша отырып, шығармаға өзіндік баға бере алады.

  • Шығармадағы автор идеясына дәлелдер келтіреді.

Бағалау критерийі

  • Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қахар, тәжім, қарақшы, пұшпақ, қақпан, шарбақ.

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын ашуға арналған пайдалы тіркестер:

«Әкенің бала алдындағы міндеті-жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру».

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Эпикалық шығарманың түрлері?

  2. Қожаның болашағы туралы қандай болджамдар жасауға болады?

  3. Сендердің қиялдарыңдағы Қожа қандай?

  4. Автор несімен Қожаға ұқсайды?

  5. Қожа, Жантас, Жанар, Сұлтан бейнелерінің балалығы, достығы қандай?

«Менің атым Қожа» повесінде неге жақсы тұсынан болсын, нашар тұсынан болсын Қожаберген, Қожа, Қожатай сөзінің жиі қолдануының себебі неде?

ишара: Бас изеу, қол соғу, күлімдеу, бас бармақ көрсету.

Құндылықтарды дарыту.

  • Үлкенге құрметпен қарауды, тыңдауды үйренеді.

  • Өмірде қателіктерге бой алдырмай, әр істі пайымдауға үйренеді.

Алдыңғы оқу:

Б.Соқпақбаевтың өмір жолы, шығармашылығы жайлы, оның балалар жазушысы екендігін біледі.

Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


























































Сабақтың басы

Раппорт (сенім орнату). 1 минут.

«Ишара» арқылы амандасу жаттығуының алгоритмі:

  1. Оқушылар орындарынан тұрады.

  2. Бет әлпетінің жымиюы арқылы дыбыссыз сәлемдесіп барлық оқушы қарым-қатынасқа түседі.

  3. Сабаққа деген ынтасы артады.


Сахналық қойылым әдісі арқылы берілген үй тапсырманың алгоритмі:

  1. Бақаның әлегі.

  2. Құпия кеңес.

Тұжырым: сахналық қойылым қою арқылы таным көкжиектері кеңейеді.

"Мынау кім?"

  • Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш. (Жантас)

  • Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)

  • Біз екеуміз таныс шығармыз деймін. (Майқанова)..

  • Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (Анфиса Михайловна)

  • Мен сенін, әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Сәйбек қарт)

  • Келесі сабаққа қайсың бақа ұстап әкелесіңдер?(Оспанов)



  1. Ықтимал жауап: Жантас.

  2. Ықтимал жауап: Қожа.

  3. Ықтимал жауап: Майқанова

  4. Ықтимал жауап: Анфиса Михайловна.

  5. Ықтимал жауап: Сәйбек қарт.

  6. Ықтимал жауап: Оспанов.


ҚБ білім алушыларды ынталандыру мақсатында Мадақтау сөздер:

Аймен сенің жауабың дұрыс, жарайсың! Мен сені болашақта әдебиет жанашыры, аудармашы тұлғасында көріп тұрмын!

Аңсар, сен әлі де болса «Менің атым Қожа» повесін толық оқысаң дұрыс болар еді.

Топқа бөлу алгоритмі:

Балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі басты кейіпкерлер Қожа, Жантас, Жанар, Сұлтан бейнелерін әлі де басқа қырынан танысақ, кейіпкерлерге хат жолдасақ, автор болып кейіпкерлердің ролін ауыстырсақ тамаша болар еді. Алайда, кейіпкерлерді жағымды, жағымсыз деп бөлгенде жағымсыз кейіпкеріміздің өн бойынан жақсы дүние іздеу керек екенбіз, себебі осы кейіпкерлер шығармаға өң беріп тұрады.

Топқа бөлу.

  1. Қожа, Жантас, Жанар, Сұлтан суреттерін үлестіру арқылы бөлу.

  2. Топ мүшелерінің рөлін анықтау.

  3. Қожа, Жантас, Жанар, Сұлтан топтарына оқушыларды топтастыру.

  4. Топтың танымдық, әлеуметтік, эмоционалдық мақсаттарын көздеу.

Тақырыпты жариялау алгоритмі:

Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сенім арту.

Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

  1. Видеоролик Тарих, Тағдыр, Тұлға.

  2. Автордың өткірлігі, өжеттігі, қайсарлығы, мықтылығы, күштілігі, шығармалары мен бағаланатын тұлғасының ірілігі, отбасының ауыртпалығы жеке басына түсуі т.б.

ҚБ білім алушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздер:

Иә, Ұлпан сенің жауабың ұтымды болды.

Сонымен балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінің желісі бойынша сенім арту.

(автордың бейнесін анықтау).

ҚБ мадақтау сөздер арқылы қолдау көрсетуді ескеремін.


Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын.


Б. Соқпақбаев




























Назарға: ҚМЖ-да пайдаланылған суреттер ғаламтордан алынды






http://noisefx.ru/skachat-zvuki-volkov.html



Сабақтың ортасы



























№1. Тапсырма

«Менің атым Қожа» повесінің кейіпкерлерін анықтау алгоритмі.

  1. Қожаға мінездеме.

  2. Жантасқа мінездеме.

  3. Топтар жауап береді.

№2. Тапсырма «Менің атым Қожа» повесінің авторы Б.Соқпақбаевтың шығармаларын топтастыру.

Артық шығармаларды бөлек шығару.

"Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде атымды атамай "тампыш неме" дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз төрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағардың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің тұсына таман болсашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді"

№3. Тапсырма . Дәптермен жұмыс

Эпикалық шығарманың үш түрі бар.

Шағын көлемді.

Орта көлемді.

Кең көлемді.

Шағын көлемді шығармаларға (әңгіме, мәтін, ертегі, аңыз)

Орта көлемді шығармаларға (поэма, повест, дастан)

Кең көлемді шығармаларға (роман, эпопея) жатады.

ҚБ білім алушыларды ынталандыру мақсатында Мадақтау сөздер: үзіндіден батырлардың іс-әрекетін таба білдің, жақсы, тамаша.

Тұжырым: үзіндіде берілген батырлардың іс-әрекеті нақты айтылған.

Қожа, Жанар, Даулет бейнелерімен танысу.

5 сынып Қазақ әдебиеті оқулық. Автор: С.Ч.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова

«Арман-пв» баспасы, 2017

5 сынып Қазақ әдебиеті Хрестоматия.

Құрастырғандар:

С.Ч.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова

«Арман-пв» баспасы, 2017



Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінің мазмұнын, идеясын жүйелеп, еске түсіре отырып әңгімелейді. Әр топ мүшесі өз ойын ортаға салады.

Picture 5


Сабақтың соңы










Мұғалім сабақ барысында өтілген сұрақтар тізбесін конверт ішіне билетке жазып «Сыныптан шығу билеті» арқылы оқушыларға үлестіреді. Сұрақтар:

  1. Егер сіз автор болсаңыз «Қожаны» қалай суреттер едіңіз?

  2. Ықтимал жауап: Қожа сияқты ойланбастан жұмыс істемес едім. Намысшыл.

  3. Ықтимал жауап: ашық кеңесті мектепте балалар арасында өткізер едім.

ҚБ білім алушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздер: жарайсың, ойың ұшқыр екен, ұтымды жауап болды, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білдің.

Тапсырма №4. 1-2минут

Үй тапсырмасы

Режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмі мен режиссер Еркін Рақышевтің «Менің де атым Қожа» фильмін көріп салыстыру.

1. Тірек сөздерді қолдану.

2. 3 минуттан аспау (уақытты сақтау).

3. Дауыс ырғағына назар аудару.

4. Тақырыптан ауытқымау.

5. Эмоцияның болуын қадағалау.

6. «Қожаның қызықты қылықтары» тақырыбында келесі сабақта дауыс ырғағымен қара сөзге салып Қожа ролін сомдау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
1340
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі