Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық сабақ «Менің бөлмем. Қағаз бетінде бағдарлаймын» балабақша ересек топқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға бөлмелерін қағаз бетіне бағдарлауды үйрету. ойлау қаблеттерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №2

Уақыты: 06.09 Педагогтің аты-жөні:Рахметова М.Т

Білім беру саласы:   «Таным»

Ұйымдастырылған оқу  қызметі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Менің бөлмем. Қағаз бетінде бағдарлаймын»

Мақсаты: 0.1.1.1.Қағаз бетінде бағдарлау, карточкалардағы геометриялық фигуралардың орналасуын сипаттау.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында,(арты), жақын, арасында, қасында деген сөздерді пайдалана отырып, кеңістікте фигуралар мен заттардың орналасуын сипаттайды.

Көптеген тəрбиеленушілер: орналасуы бойынша көрсетілген заттар мен фигураларды табады.

Кейбір тəрбиеленушілер:өз бетінше ойыншықтардың (мысалы мəшинелердің) қозғалыс бағдарларын түсіндіреді жəне педагогтің тапсырмасы бойынша оларды өзгертеді жəне сипаттайды.

Басталуы 0–5 минут

Педагог бағыттар мен көрсеткіштердің түстерін атауды сұрайды. Балалардан бұл білімнің өмірде қалай пайдаға асуы мүмкін екенін сұрайды.

«Кім зейінді?» ойыны

Педагог зейінге арналған ойынды ұсынады.Тапсырманы түсіндіреді:

- Қазір мен құрсауды жерге қоямын. Оған Меруерт тұрады, оның оң жағына Нұрлан, сол жағына ...,алдына ... тұрады.

- Ал қазір балалардың əрқайсысы оң жақта (сол жақта, артта жəне т.с.с.) кім тұрғанын айтады.

- Одан кейін педагог топтағы балалардан бір-біріне жəне сөйлеушіге қатысты кімнің қайда тұрғанын айтуды сұрайды.

Ұйымдастыру- іздену.

Туындаған проблемалық жағдайды шешу үшін қағаз

парағымен таныстыруды жүргізуге болады. Ол əдетте кəдімгі ақ парақпен таныстырудан басталады. Педагог балалардан сұрайды:

– Бұл не?

– Оның пішіні қандай?

– Бұл қандай жағы?

Балалар жауап беруге қиналған жағдайда, педагог

жалғастырады:

– Бұл жағы қайда орналасқан?

Сұрақтарды ретімен қоя отырып, балалар жоғарыда тұрған жағы – жоғарғы, төменде орналасқан жағы – төменгі, оң жақта орналасқан жағы – оң, сол жақта орналасқан жағы– сол жақ, жоғарыда сол жақта орналасқан бұрыш – сол жақ жоғарғы бұрыш, жоғарыда оң жақта орналасқан бұрыш – оң жақ жоғарғы бұрыш жəне т.б деп аталады деген қорытындыға келеді. Парақ бойынша саяхат – «Сиқырлы парақ». Бір парақ пен бес қарындаш өмір сүріпті. Бір күні олар бірге ойнамақшы болыпты жəне қарындаштар парақ бойынша саяхатқа шығыпты. Бірінші болып сары қарындаш жөнеліпті, ол жоғарғы жағына барып, сары сызық сызыпты. Екінші болып қызыл қарындаш кетіпті, ол төменгі жағын тауып, қызыл сызық сызыпты. Оң жағын жасыл қарындаш, ал сол жағын көк қарындаш сызыпты. Парақтың ортасында қара қарындаш қалыпты, ол сол жерге үй салған екен. Бұрыштарды тең бөлуге шешім қабылдап, екі түспен сызыпты. Барлық қарындаштар үйге жиналып, тағы да қалай ойнасақ болады деп ойланыпты. Ойланып-толғанып, қуаласпақ ойнамақшы болып шешіпті. Жоғарғы жағында сары сызық сызылған жəне жоғары қарай сары қарындаш жүгіре жөнеліпті, төменге қарай қызыл қарындаш, оң жаққа жасыл қарындаш, ал сол жаққа көк қарындаш жүгіре жөнеліпті. Содан кейін іштері пыспауы үшін қарындаштар екі-екіден жүгіріпті: оң жақ жоғарғы бұрышқа сары жəне жасыл қарындаштар жүгірді; сол жақ жоғарғы бұрышқа – сары жəне көк; оң жақ төменгі бұрышқа – жасыл жəне қызыл; ал сол жақ төменгі бұрышқа – сары жəне қызыл қарындаштар жүгіріпті. Ал қара қарындаш оларды ұстай алмай қойыпты. Ойын барысында балалар парақта бағдарлар бар екенін түсінеді: жоғары, төмен, оң жағы, сол жағы, парақтың ортасы.

Сергіту сәті.

«Ұшақ» балалар аяқтарын алшақ қойып, қолдарын екі жаққа созып, оңға-солға бұрылады.

Рефлекстік – түзету

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.06.2021
295
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12